Құрғақшылықтың себептерін түсіндіру_ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Қазақ тілі және әдебиеті Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Су – тіршілік көзі» Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||
Сабақ тақырыбы | Құрғақшылықтың себептерін түсіндіру | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау | |||||||||||
Сабақ мақсаттары | Негізгі және туынды зат есім, сын есім, етістікті ажырату | |||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||
Тілдік мақсаттар |
| |||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Жауапкершілік, Еңбекқорлық Өмір бойы білім алу. | |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, ғылымға кіріспе | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | |||||||||||
Бастапқы білім | Құрғақшылық ұғымын біледі. Сөз таптарын ажырата алады. | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 2 минут 5 минут | Ұйымдастыру кезеңі. Қоңырау үні соғылды, Сабағымыз басталды. Оқушылар тынышталып, Қатар –қатар тік тұрды. (Ұ) «Ойлан тап» Мақсаты: оқушылардың қызығушылығын ояту, болжам жасай білуге дағдылану. Сыныптың әрбір бөлігінде қима қағаздарға жазылған сөздер орналасады. Оқушылар сол сөздерді алып өзара топтасады. Ұқсастығы мен айырмашылығын анықтап, сабақтың тақырыбын болжайды. Берілетін сөздер: Су, сусын, судай, шөл, шөлдеді, құрлық, тірі, тіршілік, ақсақал, көздеді, ойлан, тұр, жүр, қатты, мұздай, т.б. /Оқушылар сөз таптарына қарай топтасады. Егер, топтасу барысында қиындық туындаса, мұғалім, сұрақ қою арқылы топтасуға болатындығын айтады/.
/Оқушылардың жауаптары тыңдалады/. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстыру. Бағалау критерийлерін құрастыру. | Слайд Қима қағаздар | ||||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 5 минут 10 минут 8 минут | (Т, Ұ) Өткенді бекіту. Мақсаты: Негізгі және туынды сын есім, зат есім, етістік бойынша білімдерін пысықтау. Топ оқушыларына Венн диаграммасы таратылып беріледі. Тапсырма: 1-топ: негізгі және туынды сан есімге 5 мысал келтір; 2-топ. негізгі және туынды зат есімге 5 мысал келтір; 3-топ: негізгі және туынды етістікке 5 мысал келтір. Бекітуші сұрақтар қою реті: «Қорғаушы топқа» «тыңдарман топтар» сөз табына байланысты сұрақ қояды. Егер, жауап бере алмаса, немесе жауапты толықтыру үшін «тыңдарман топ» оқушысы да қатыса алады. Дескриптор:
/Топтар сөз таптарына мысал келтіреді, өзара бекітушы сұрақтар қойып, жауап береді, «Басқармақ» әдісі бойынша өзара бағалайды/. (Ө)Дәптермен жұмыс. Мақсаты: сөз құрамына талдау арқылы сөз таптарын түріне қарай ажырату. Мұғалім, әрбір топтан 2 мысалдан алып, тақтаға жазады. Оқушылар берілген сөзді сөз құрамына талдайды. /Тапсырма орындалып болған соң, мұғалім нұсқауымен бір оқушы сөздерді талдайды, ұжым оқушылары өзін – өзі тексереді, бағалайды. Нәтижесіне қарай кері байланыс жасалады/. (Ж, Ұ)Мәтінмен жұмыс. Мақсаты: мәтіннің негізгі ойын анықтау, оқушылардың оқылым дағдыларын дамыту. Оқушыларға мәтін беріледі.
Сұрақтарға жауап береді:
/Оқушылардың жауаптары тыңдалады, кері баланыс жасалады/. (Т)Топтық жұмыс. 1 топ: Мәтіндегі зат есімдерді көшіріп жазады да, бұл қандай екенін айтады. 2 топ: Мәтіндегі сын есімдерді көшіріп жазады да, бұл қандай екенін айтады. 3 топ: Мәтіндегі етістіктерді көшіріп жазады да, бұл қандай екенін айтады. 4 топ:Мақалдардың ішінен мәтінге сай келетін мақалды тауып, жазады. Мақалдар:
Нулы жердің қасиеті ағашында.
Оқушылардың жасаған жұмыстарын «Әткеншек» арқылы қарап шығып, өз пікірлерін айту. | Венн диаграммасы Дәптермен жұмыс Үлестірмелі парақтар, кестелер мен дескрипторлар Мәтін жазылған парақтар | ||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут |
| СМС хабарлама «Жетістік жолы» | ||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
топтық тапсырма оқушылардың қабілет-деңгейлеріне сәйкес орындалады. Жұптық және топтық жұмыс арқылы оқушылар бір-біріне қолдау көрсетеді. | Жұптық топтық жұмыстар арақылы өзара бағалау және өздік бағалау қолданылады. | Сабақ барысында оқушының денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуына мән беріледі. | ||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
| ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?