1.Қазақ тілі_3-сынып_7-бөлім_Су – тіршілік көзі_117-сабақ_ Бақылау диктанты_ҚМЖ
Қысқа мерзімді жоспар
Пән:Қазақ тілі Бөлім: Су – тіршілік көзі Сабақ тақырыбы 117-сабақ. Бақылау диктанты | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні:Каирова К. У | |||||||||||||||||||||
Күні: | ||||||||||||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып, түзету 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету; 3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу; | |||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | жіберілген қателерді тауып, түзетеді; бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей жазады; сөйлемнен сан есімді табады; | |||||||||||||||||||||
Сөздік қор | Пәндік терминология және тірек сөздер: Сан есім, есептік, реттік сан есімдер Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл: Талқылау үшін сұрақтар:
| |||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Судың – тіршілік көзі екендігін, оның адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру; Оқушыларды табиғатты қорғай білуге, оны ұқыпты пайдаланып, табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу. | |||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Жаратылыстану | |||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Сан есім және оның түрлері. Қандай сұрақ қойылатыны, сан есімнің есептік сан есім және реттік сан есім болып бөлінетіні, олардың емлесі. Реттік сан есімдерге жалғанатын қосымшалар. | |||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | І. Ұйымдастыру кезеңі. Ой ширату жаттығуы «Көңілді бірқазан»
Оқушылар «Көңілді бірқазан» өлеңін санның орнына сөзді айта отырып, оқиды. Өлеңде қандай сандар жазылғанын және сан есімнің түрлеріне ажыратады. Оқушылар өлеңді кезектесе отырып, бірнеше рет оқиды. | Суреттер 4-слайд | ||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 9 минут 4 минут 18 минут | І. Негізгі бөлім 3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып, түзету 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету; 3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу; Диктант жазуға дайындық Есіңе сақта!
Мұғалімге ескерту:
Сергіту сәті. Оқушылардың ойларын сергіту мақсатында ребус шешіледі. Ребустағы сөздер: жүзім, бірлік, жеті ата, алтын, Жетісу, кекілік, жүзгіш, бірқазан, үшбұрыш, бестік Мұғалім бақылау диктантының мәтінін мәнерлеп оқып шығып, ішіндегі жазылуы қиын сөздерді түсіндіреді. Содан кейін жеке сөйлемді оқып жаздыра бастайды. Диктант жазылып болған соң мұғалім тағы бір рет қайталап оқып шығады. Оқушылар жазғандарын тексеріп, қалып қойған сөз болса, әріп болса толықтырады. Оқушылар жазған мәтіндерін өз беттерімен тексеріп шығады. Мұғалім бақылау диктантын жинап алып, бағалайды. Өзеннің маңызы. Қазақстанда үлкен- кіші 85000 өзен бар. Олар Жайық, Ертіс, Есіл, Сырдария тағы басқалары. Қалалар, елді мекендер өзен жағасына салынады. Ертіс өзенінің бойында Өскемен, Семей, Павлодар қалалары орналасқан. Өзеннің суы тұщы болады. Үлкен өзендерде кемелер жүзіп , жолаушылар мен жүктерді тасиды. Жазық жердегі өзендер баяу ағады. Тау өзендерінің ағысы қатты болады. (50 сөз) Тапсырма: Мәтіннен сан есімдерді тауып, сөздердің астын сыз. Оларға сұрақ қой. Сан есім түріне ажырат. Сан есімдерді реттік сан есімдерге аударып жаз. Сан есімдер: сексен бес мың. Реттік сан есімдер: сексен бес мың- сексен бес мыңыншы. Бағалау дескрипторы: - бас әріп пен кіші әріптің биіктігін сақтап, қатесіз жазады; - әріптерді үзбей, біркелкі жазады; - сөйлемнен сан есімдерді табады; - есептік сан есімдерді реттік сан есімдерге айналдырады; - диктанттағы қателерді тауып, түзетеді; | 5-слайд 6-слайд 7-слайд №4 Дәптермен жұмыс 9-слайд | ||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 4 минут | Рефлексия:
Үй тапсырмасы Сан есімдерді қайталау |
10-слайд | ||||||||||||||||||||
Саралау– оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||
Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру. Қабілеті жоғары оқушыларға одан әрі дамуы үшін көмек қажет ететін оқушыларға қайта түсіндіру арқылы қолдау көрсетіледі. | Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде өзін-өзі бағалау, жұпта бағалау және мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асырылады. | Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау. | ||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?