3-сынып_7-бөлім_Су-тіршілік көзі_№114 сабақ_ КМЖ
Пән: Қазақ тілі Бөлімі: Су – тіршілік көзі Сабақ тақырыбы: Есептік және реттік сан есім 114-сабақ. | Мектеп: | ||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||
Оқу мақсаты: | 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру 3.4.2.6 есептік және реттік сан есімдердің айырмашылығын анықтау; 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету | ||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| ||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | - тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілей біледі, мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап бере алады; - есептік және реттік сан есімдерді анықтай алады; - үлкен жазу жол дәптерінде бас әріп пен кіші әріп биіктігін және көлемін бағдарлай алады; - кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жаза алады | ||||||||||||||||||||
Сөздік қор | Пәндік терминология мен тірек сөздер Жаңбырдың түрлері: ақ жаңбыр, боз жаңбыр, қара жаңбыр, бұршақ жаңбыр, қарлы жаңбыр, бұдақ жаңбыр, өткінші жаңбыр, соқыр жаңбыр, сылбыр жаңбыр Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл: Талқылау үшін сұрақтар: - Жаңбырдың қандай түрлерін білесің? - Адамдардың мінездері жаңбырдың түрлеріне ұқсай ма? Неліктен? - Жаңбыр рөліне еніп, адамдарға басыңнан кешкен оқиғалары баянда. | ||||||||||||||||||||
Құндылықтар | Табиғат құбылыстарын бағалауға баулу | ||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Сан есім тақырыбынан игерген білімдеріне негізделіп меңгертіледі. | ||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||
Сабақтың басы 1-5 минут 5 минут | Ұйымдастыру «Балық аулау» ойыны Әр балықтың артында сұрақтар жазылған, осы сұрақтарға жауап беру керек. - Балықтар қайда тіршілік етеді? - Су адамға не үшін қажет? - Балықтар ауамен дем ала ма? - Алтын балыққа бір ғана тілек айт десе, қандай тілек айтасыз? Сабақтың мақсаты және міндеттерімен таныстыру. | Қосымша №1 | |||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы Негізгі бөлім 5-10 минут 10-25 минут 25-30 минут 30-35 минут | 3.3.6.1 (Ө; Ұ; Қ) 88-беттегі 47-тапсырма. Оқушылар оқулықтағы сұрақтарға жауап береді. Өлең мазмұнын әңгімеге айналдырып жазады. 3.1.1.1 (Ұ, Қ) Жаңбырдың түрлері https://www.youtube.com/watch?v=msSIH7WNuJA Оқушыларға талқылауға қойылатын сұрақтар: - Жаңбырдың қандай түрлерін білесің? - Адамдардың мінездері жаңбырдың түрлеріне ұқсай ма? Неліктен? - Жаңбыр рөліне еніп, адамдарға басыңнан кешкен оқиғалары баянда. 3.4.2.6 (Ж; Қ) 89-беттегі 48-тапсырма. Оқушылар берілген сандарды сөзбен жазады. 3.4.2.6 (Ж; Қ) 89-беттегі 50-тапсырма. Шығармашылық үзіліс. Сергіту сәті Бір, екі, үш, Бойға жинап күш. Қолды сермеп аламыз, Үлкен адам боламыз. 3.4.2.6 (Ұ; Қ) 89-беттегі 51-тапсырма. Ойлан, тап жаттығуы. 3.1.1.1 (Ө; Т; Қ) Жұмыс «Плюс-минус-сұрақ» әдісі бойынша ұйымдастырылады. Оқушылар мәтінді оқу барысында жаңа ақпаратты кестінің сәйкес бағандарына енгізеді. «+» - жағымды жағы; «-» - жағымсыз жағы; «?» - қызықтырған ақпарат немесе оқу барысында туындаған сұрақтар. «Плюс-минус-сұрақ» кестесі
1-топ. Әлемдегі ең үлкен балық Әлемдегі ең үлкен балық – кит акуласы. Бұл балық туралы адамзат 1828 жылы білген. Ұзындығы 15 метр, ал салмағы 14 тоннаны құрайды. Әлемдегі ең үлкен балық өте баяу жүзеді. Көбіне ұсақ балықтармен қоректенетін кит акуласының 35 мың тісі бар. Бұл тіс қоректі шайнауға арналмаған, ол тұзаққа түскен ас-ауқатты мықтап ұстап тұру үшін керек. Бір қызығы кит акуласы адам баласы үшін қауіпті емес. Дегенмен жыртқыштың аты – жыртқыш. Жүзіп жүрген кезінде шалт қимылдаса, оның сол қимылы-ақ адамды есінен тандырып тастауға жетіп жатыр. Балық аса терең емес жылы теңізде өмір сүреді. 2-топ. Әлемдегі ең кішкентай балық Кәсіптік жағдайдағы ең кішкентай балықтың атауы – синарапан. Филиппин аралының Лусон жағалауында өмір сүретін балықтың бұл түрін көптеген аквариумдерден көрген де боларсыз. Себебі, ұзындығы 13 миллиметрден аспайтын синарапанды қолға ұстаушылар жетерлік. Соның нәтижесінде бүгінде балықтың бұл түрі құрдымға кетудің аз-ақ алдында тұр. Ал, әлемдегі ең кішкентай балықтың аты – Панданка. Ең кішкентай балықтың ұзындығы 7-9 миллиметрді құрайды. Тұщы суда мекендейтін панданка Үнді мұхиты, Индонезия, Суматра аралын мекендейді. 3-топ. Әлемдегі ең ауыр жыртқыш Косатка - дельфин тұқымдас теңіз сүтқоректісі. Ұзындығы 10 метр, салмағы 9 тоннаға дейін барады. Түсі ақ-қара, денесіндегі ірі дақтары жалпы дене көрінісін бөлшектеп тұрады. Кеуде жүзбеқанаттары жалпақ, арқа жүзбеқанаттары биік. Арктикадан Антарктидаға дейін таралған. Ареалының барлық аймағында қалың. Тұқымын 16 ай көтереді, 35 жыл өмір сүреді. Қорегі балықтар, басаяқтылар, былқылдақденелілер. Сонымен бірге дельфиндерге, итбалықтарға, басқа да су сүтқоректілерімен қоректенеді. 4-топ. Аквариум балықтары Аквариум балықтары табиғи жағдайда (Африка, Америка, Австралия, Оңтүстік-Батыс Африка) тұщы су қоймаларында, ал кейбіреулері ащылау суда және теңізде мекендейді. Олар – таңғажайып түрімен, ашық түрлі түсті бояуларымен және мөлшерінің кішілігімен ерекшеленеді. Олардың дене тұрқы 1,5 – 30 см болады, кейде 1 м-ге жетеді. Аквариум балықтарының жүздеген түрі кездеседі. Олардың көбі сүйекті балықтар (мысалы: майшабақ, мормиро, тұқы, саргоно, кефаль, алабұға тағы басқа). Қазақстанның өзен-суларында тіршілік ететін сазан, майшабақ, шортан, алабұға, мөңке, қызыл қанат шабақтарды, тағы басқа аквариумда ұстауға болады. | Оқулық. Ә.Е: Жұмабаева,... Қосымша №2 Қосымша №3 Қосымша №4 Қосымша №4 | |||||||||||||||||||
Қорытынды бөлім 35-40 минут 5 минут | Рефлексия Бағалау критерийлері
Үйге тапсырма 89-беттегі 49-тапсырма. | ||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||
Саралау | Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланысденсаулық пен қауіпсіздік | |||||||||||||||||||
|
| Топта бірі-бірі тыңдау, сыйлау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау. | |||||||||||||||||||
Рефлексия Сабақ мақсатына жеттім бе? Оқушылар не үйренді? Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма? Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма? Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен? | |||||||||||||||||||||
Қорытынды бағалау Сабақтың ең ұтымды кезеңдері. 1: 2: Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі әдіс. 1: 2: Келесі сабақты жоспарлауға септігін тигізетіндей осы сабақтан сыныптағы және жеке оқушылар жайлы не білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?