1. Қазақ тілі_3-сынып_7-бөлім_Су-тіршілік көзі_№112 сабақ_ КМЖ
Пән: Қазақ тілі Бөлімі: Су – тіршілік көзі Сабақ тақырыбы: Есептік және реттік сан есім 112-сабақ. | Мектеп: | |||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||
Оқу мақсаты: | 3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау 3.4.2.6 есептік және реттік сан есімдердің айырмашылығын анықтау; 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу. | |||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| |||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | - жетекші сұрақтар көмегімен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжай алады; - есептік және реттік сан есімдерді анықтай алады; - сұхбаттасының айтқанын тыңдап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатыса алады; | |||||||||||||||||
Сөздік қор | Пәндік терминология мен тірек сөздер Алакөл көлі, емдік, көлдер жүйесі Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл: Талқылау үшін сұрақтар: - Алакөл туралы кімнің пікірлерін білесіз? - Алакөлдің ерекшелігі неде? - Алакөл жағасында демалуды жарнамалаңыз. | |||||||||||||||||
Құндылықтар | ||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Сан есім тақырыбынан игерген білімдеріне негізделіп меңгертіледі. | |||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||
Сабақтың басы 1-5 минут 5 минут | Ұйымдастыру «Аудиториядағы заттар» Оқушылар аудиториядан қандай да болмасын бір затты таңдап, бір минут ішінде оны өзіне немесе өзінің көңіл-күйіне ұқсастығын ойластырып, топ ішінде бір-біріне айтып беруі керек. Мысалы, «Мына төбедегі шам маған ұқсас екен: менің де көңілім қазір жарқырап тұр!» Қалауы бойынша кейбір оқушылардың әңгімесін (немесе әр топтан бір оқушының) бүкіл аудиторияға да жариялауды сұрау керек. Сабақтың мақсаты және міндеттерімен таныстыру. | Қосымша №1 | ||||||||||||||||
Сабақтың ортасы Негізгі бөлім 5-10 минут 10-25 минут 25-30 минут 30-35 минут | (Ж; Қ) 85-беттегі 39-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып, жұпта бір-біріне сұрақ қояды. Өлеңдегі қарамен берілген сөздердің мағынасын сөздік арқылы біледі. Ызғын – қалың шөп Дәрменсіздік – шарасыздық, қолынан келмеу Жалықпай - ерінбей
3.4.2.6 (Ө; Ұ; Қ) 85-беттегі 40-тапсырма. Есептік сан есімді реттік сан есімге айналдырып жазады. Сан есімдерге сұрақ қойып, олардың мағыналық өзгешелігін айтып түсіндіреді. 3.1.3.1 (Ж; Қ) 85-беттегі 42-тапсырма. Шығармашылық үзіліс. Сергіту сәті Шынығамыз, жастай бiз, Жаттығуды бастаймыз. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш Бойымызға жинап күш.
Алакөл көлі https://yandex.kz/video/search?filmId=9223241014881673920&text=алакөл%20қорығы Оқушыларға талқылауға қойылатын сұрақтар: - Алакөл туралы кімнің пікірлерін білесіз - Алакөлдің ерекшелігі неде? - Алакөл жағасында демалуды жарнамалаңыз. 3.1.2.1 (Т; Қ) Суреттермен жұмыс. Топтағы оқушылар берілген суреттер бойынша әңгіме құрастырады. Су жағасындағы техникалық қауіпсіздік ережелерін еске түсіреді. Әрбір сурет бойынша суға түсудегі қауіпсіздік ережелерінің сақталуы туралы айтады. 1-топ. 2-топ. 3-топ. 4-топ. | Оқулық. Ә.Е: Жұмабаева,... Қосымша №1-4 | ||||||||||||||||
Қорытынды бөлім 35-40 минут 5 минут | Рефлексия Бағалау критерийлері
Үйге тапсырма 85-беттегі 41-тапсырма. | |||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||
Саралау | Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланысденсаулық пен қауіпсіздік | ||||||||||||||||
|
| Топта бірі-бірі тыңдау, сыйлау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау. | ||||||||||||||||
Рефлексия Сабақ мақсатына жеттім бе? Оқушылар не үйренді? Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма? Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма? Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен? | ||||||||||||||||||
Қорытынды бағалау Сабақтың ең ұтымды кезеңдері. 1: 2: Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі әдіс. 1: 2: Келесі сабақты жоспарлауға септігін тигізетіндей осы сабақтан сыныптағы және жеке оқушылар жайлы не білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?