3-сынып_7-бөлім _ Су – тіршілік көзі_№16. Бөлім бойынша жиынтық бағалауы_ҚМЖ
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Қазақ тілі Бөлім: 7- бөлім: «Су – тіршілік көзі» | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Каирова К | ||||||||||||||
Сабақ тақырыбы: 16-сабақ | 4-тоқсан «Су – тіршілік көзі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) | ||||||||||||||
Күні: | |||||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1.1.1 Тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру 3.1.3.1 Түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу 3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау 3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу. | ||||||||||||||
Бағалау критерийлері | - Тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру - Өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу - Тақырып пен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжау - Сөйлемнен сын есімді табу, оларды қолдана білу | ||||||||||||||
Сөздік қор | Пәндік терминология мен тірек сөздер тірек сөздер, сын есім, судың маңызы, ашық және жабық сұрақтар Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл: | ||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Жауапкершілік, сенімділік, жанашырлыққа баулу | ||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Әдебиеттік оқу, жаратылыстану | ||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Сан есім, сан есімнің түрлері. Есептік, реттік сан есім. Сын есім. Сын есім және оның түрлері. Негізгі және туынды сын есім. Сан есім мен сын есімнің түрлерінің сипаттамасын, ерекшеліктерін ажырата біледі. | ||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||
Сабақтың жоспарлан ған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||
Сабақтың басы 5 мин | І. Ұйымдастыру кезеңі. Өтілген материалды қайталау. -Мәтіннен тірек сөздерді белгілеуде нені назарда ұстау керек? (Мәтін түрі мен негізгі ойы, сонда мәтін мазмұнына сәйкес тірек сөздер қатарын анықтау жеңіл болады?) - Мәтін бойынша сұраққа жауап беру үшін қандай әркеттер жасау керек? (Мұқият тыңдау, мазмұнын түсіну, мазмұны бойынша өз пікірін білдіру). - Осы бөлімде негізгі қандай дағдыларды игердіңдер, қандай білім алдыңдар? Сабақ мақсатын хабарлау, бағалау критерийлерін таныстыру. | 2-слайд | |||||||||||||
Сабақтың ортасы 20 минут | (Ө) Бөлім бойынша жиынтық бағалауды орындау ережесін еске түсіру. Тыңдалым және айтылым 3.1.1.1 Тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру 3.1.3.1 Түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу 1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер. Тірек сөздерді түртіп ал.
Cұрақтарға жауап бер. Қандай суды қайнатпай іше беруге болады?
Тірек сөздер: _______________________________________________________ 2-тапсырма. Судың қандай пайдасы бар? Судың денсаулық үшін маңызы туралы диалог құр.
(МК, Т, Ұ) Шығармашылық жұмыс. 3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген сурет бойынша мәтіннің мазмұнын болжау 2. Суретке зер сал.
Сурет бойынша мәтін құрастырсаң не туралы айтар едің? Неліктен? ТАБИҒАТТАҒЫ СУ АЙНАЛЫМЫ Сурет мазмұнына сәйкес келетін мәтінді анықта. (Ж,Қ) Жазылым тапсырмасы 3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу. Мәтіннен сын есімі бар сөйлемдерді тауып, көшіріп жаз. Сын есімнің астын сыз. Мәтіндегі сөйлемдердің байланысына қарай құрамында сын есімі бар бір сөйлем құрап жаз. (Т, Ж)Тапсырмаларды тексеру. Топ құрамында оқушылар жұмыс дәптерлерін алмасып, орындаған жұмыстарын тексереді. Кездескен қателерді талқылайды. | ||||||||||||||
Сабақтың соңы 2 минут | Үй тапсырмасы: «Мен суды қорғауға дайынмын» тақырыбында ой толғау жазу. | ||||||||||||||
Саралау– оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?