3 сынып_ 7 бөлім Су тіршілік көзі ҚМЖ


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі

Бөлімі:7 Су-тіршілік көзі

Сабақ №8

Тақырыбы:Нұсқаулық жазу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Каниева Нургуль Абилакимовна

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық, т.б.) құру/компьютерде теру

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету

3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

 Сабақтың

 мақсаты

Барлық оқушылар жасай алады:

-сызбада берілген мәліметтер негізінде бірлесе отырып, қарапайым нұсқаулық құрап жазады;

- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен ----мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады,

-мұғалімнің қолдауымен жай сөйлемдерді жазуды /құжаттар редакторында басуды;

Оқушылардың көбі жасай алады:

-сызбада берілген мәліметтер негізінде қарапайым нұсқаулық құрап жазады;

-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;

-мұғалімнің қолдауымен зат есім, сын есім және етістіктерді қолданып, жай сөйлемдерді жазуды /құжаттар редакторында басуды;

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

-сызбада берілген мәліметтер негізінде толықтыра отырып, қарапайым нұсқаулық құрап жазады;

-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады

-зат есім, сын есім, етістіктерді және көмекші сөздерді қолданып жай сөйлемдерді жазуды / құжаттар редакторында басуды;

Бағалау

критерийлері

  • Мұғалімнің көмегімен фотосуреттер пайдаланып, мәтін құрастырады
  • Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады
  • Жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрайды

 Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Хлорлау. Сүзу. Тұндыру.

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

  • Су қайда бар?
  • Суды қорғау үшін не істеу керек?

 Құндылықтар

Су айналымын танып білу және суды пайдалану құндылығына тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Нұсқаулық жаза алады, жоспармен жұмыс жасай алады.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Дереккөздер

Сабақтың басы

1 минут

4 минут

Шаттық шеңбер

Қуанамыз күлеміз,

Бар әлемді сүйеміз.

Қол ұстасып, қуанып,

Достарымен бір жүреміз

Миға шабуыл (Ұ.Ж) «Мюнстерберг» әдісі

Берілген бірнеше тізбектелген әріптердің ішінен сөздерді тап. Сол сөздерден сөйлем шығады. Соның жауабын айт.

трпсутвалбұлткзштажаңбыралрғабушлрқмоотұманаайлтүріндесвтврратмосферадажжпросболадыддрс

Жауабы:___________________________________________________________________________________________

Слайд 3

Слайд 4

Қосымша 1

Сабақтың ортасы

10 минут

7 минут

3 минут

10 минут

Оқушылар бұлт, жаңбыр, тұман деп үш топқа біріктіру

3.3.4.1 1-тапсырма (Т.Ж) «Санаттау» әдісі

«Суды дұрыс пайдалан!» нұсқаулығын құрастыру. Әр топқа ромб суреті салынған үлестірме беріледі. Суды пайдалану маңыздылығына қарай берілген сөздердің тиістісін орналастыру қажет.

1-топ: Суды ластаушы заттар

2-топ: Суды қорғау үшін не істеу керек?

3-топ: Ластанған суды тазарту жолдары

Қайнату.Жуындылар.Шахта. Құбырды жауып жүру.

Теміржол. Суды үнемдеу. Судың жағасын ластамау.

Зиянды заттарды төкпеу. Өнеркәсіптер. Тұндыру.

Құбырды жауып жүру. Хлорлау. Сүзу.

Дескриптор:

-су маңыздылығына қарай орналастырады

-нұсқаулық құрастырады

Қ.Б:топтар бір-бірін бағдаршам арқылы бағалау

Саралау:. «Дереккөздер» тәсілі Баспадан шыққан және электронды дереккөздер де пайдалануы мүмкін.

3.3.6.1 2-тапсырма (Ж.Ж) Көркем жазу

Құрастырылған «Суды дұрыс пайдалан!» нұсқаулығын көркем әрі әдемі жазу.

1. Жуындылар.Шахта. Теміржол. Өнеркәсіптер.

2. Құбырды жауып жүру. Судың жағасын ластамау.

Суды үнемдеу. Зиянды заттарды төкпеу.

3. Қайнату. Тұндыру. Хлорлау. Сүзу.

Қ.Б: смайлик арқылы

Саралау: «Қарқын» тәсілі

- Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді.

Сергіту сәті:

«Екі қолды жұмысқа жұмылдыру» ойыны

Оқушылар екі қолына қаламсап алып, бір мезгілде екі қолымен мынадай әрекеттерді атқарады:

1. Оң қолымен бес үшбұрыш, ал сол қолымен бес төртбұрыш салады.

2. Оң қолымен бес шеңбер, ал сол қолымен бес үшбұрыш салады.

3. Оң қолымен өзінің есімін, ал сол қолымен фамилиясын жазады.

3.1.4.1 (М.К. Ж.Ж) 3-тапсырма «DEAL» әдісі

«Су –тіршілік көзі» мәтіні бойынша жоспар құрылады:

  • Су қайда бар?
  • Табиғаттағы су айналымы.
  • Судың адам өміріне қажеттілігі.

D-Describe – «Су қайда бар?» баяндау, суреттеу

E-Explan – «Табиғаттағы су айналымы» түсіндіру

A-Anallyse- «Судың адам өміріне қажеттілігі» талдау

L-Links- «Су-тіршілік көзі» туралы қорытынды жасау

Дескриптор:

-су туралы баяндайды

-су айналымын түсіндіреді

-өмірге қажеттілігін талдайды

-мәтін туралы қорытынды жасайды

Қ.Б:жұптар бір-бірін бас бармақ арқылы бағалау

Саралау: «Қорытынды» тәсілі

- Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады.

Слайд 5

Қосымша 2

Слайд 6

Қосымша 3

Слайд 7

Слайд 8

Қосымша 4

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия «Тир» әдісі

Үй тапсырмасы: «Судың пайдасы» эссе жазу

Слайд 9

Слайд 10

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

«Дереккөздер» тәсілі Баспадан шыққан және электронды дереккөздер де пайдалануы мүмкін.

«Қарқын» тәсілі

- Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді.

«Қорытынды» тәсілі

- Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады

Қ.Б:топтар бір-бірін бағдаршам арқылы бағалау

Қ.Б: смайлик арқылы

Қ.Б:жұптар бір-бірін бас бармақ арқылы бағалау

Кері байланыс «Тир» әдісі

Топтық және оқу құралдарын қолдануда қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу