2.Қазақ тілі. 3сынып_ 7 бөлім Су тарауы 6 сабақ
Қазақ тілі
3- сыныпБөлімі:7-бөлім Су-тіршілік көзі
№6-сабақ. Судың да сұрауы бар
(Оқу жоспары Қазақ тілі 2018-2019жж)
Әзірлеген: Каниева Н.А.
Бағалау критерийлері
Өз бетінше мәтіннің тақырыбын, негізгі ойды анықтайды
Жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтайды
Пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және жауап береді
Шаттық шеңбер
Қуанамыз күлеміз,
Бар әлемде сүйеміз.
Қол ұстасып, қуанып,
Достарымен бір жүреміз.
Миға шабуыл (Ұ.)
«Кім жылдам?» ойыны
Берілген сөйлемдерді мазмұнына қарай топтап мәтін құрастыр.
Көшет өсу үшін қандай сұйықтық құю қажет? Неге?
-Алманы үзіп алдым.
-Мен ағаш суардым.
-Көшет салдым.
-Көшет үлкен ағаш болды.
-Күрекпен жер қаздым.
-Ағашта жеміс пайда болды.
1-тапсыма (Ө,Ж,Қ) «ОЙЛАН-ЖҰПТАС-ТАЛҚЫЛА» стратегиясын
«Судың да сұрауы бар» мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру. Өз бетінше пікір білдіруге бағытталған сұрақ құрастыру. Жұпта сұрақтарды жетілдіру.
«ОЙЛАН-ЖҰПТАС-ТАЛҚЫЛА» стратегиясының қадамдары:
2 минут ішінде әр оқушының мәтін мазмұны бойынша сұрақтар дайындауы.
дайындаған сұрақтарын жұпта 2 минут талқылауы.
Дайындаған сұрақтарын сыныпта жариялау, басқа жұп оқушыларынан сұрақтарға жауап алу.
2-тапсырма (Ұ,Қ) «Сұрақтар галлереясы» әдісі арқылы өзі таңдаған сұрақтарға жазбаша жауап беру. Оқушылар сұрақтарының бір бет қағазға жазылуы қадағаланады. «Сұрақтар галлериясы» стратегиясын жүзеге асыруда оқушылардың сынып ішінді бір-бірлерінің сұрақтарымен танысып, жазбаша жауап жазуы үшін қолайлы жағдай тудырылады.
Ең көп жауап берілген сұрақтың рейтенгісін шығару;
Рейтинг критерийін анықтау:
Пікір білдіруге бағытталуы;
Қызықты;
Жеңіл.
Сергіту сәті:
«Сөз тізбегі» әдісі
Кез келген сөздің соңғы буынынан жаңа сөз құрастырады3-тапсырма «Топтық тергеу» әдісі
Мәтінді барлық топ түсініп оқу. Әр топқа тапсырмалар беріледі.
1-топ. Баяндап берушілер.
Әңгімені оқып, мазмұнын өз көзқарастарын қосып баяндау. Мәтіннің негізгі ойы мен тақырыбын анықтау
2-топ. Зерттеушілер.
Әңгіме кейіпкерлеріне мінездеме беру ( мәтіннен жаңа сөздерді анықтау)
3-топ. Сұрақ құрастырушылар.
Әңгімені оқып, қалған топтарға жоғары деңгейлі сұрақтар дайындайды.
Рефлексия «Стикер» әдісі
Мен не үйрендім?
Маған не қиын болып көрінеді?
Не күрделі болды?
Мен енді нені үйренгенім келеді?
Үй тапсырмасы:
Су туралы мақал-мәтелдер жазып келіу. Мақалдың ішінен сөз таптарын анықтау
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?