3 сынып_ 7 бөлім Су тарауы 5 сабақ
Қазақ тілі
3-сынып7-бөлім: Су-тіршілік көзі
№5-сабақ. Судың да сұрауы бар.
(Оқу жоспары Қазақ тілі 2018-2019 жж)
Әзірлеген: Каниева Н.А.
Бағалау критерийлері
Мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтайды
Түрлі дереккөздерден берілген тақырып бойынша алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашады
Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады
Шаттық шеңбер
«Менің көңіл - күйім» жаттығуы
Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл - күйлеріңді суреттеп салыңдар.
Миға шабуыл
(Ұ.ж, Ж.ж) « Иделар, түсініктер, атаулар ... себеті» әдісі
1.Оқушылардан әңгімелеу мәтін және ғылыми - танымдық мәтін туралы білетіндерін сұрау.
2.Оқушы өзінің білетінін дәптеріне берілген мәселе аясында (жеке.ж1-2мин) жазады.
3.Жұптасып отырып жинақтаған мәліметтерімен алмасады.Талқылауға 1-2 минут беріледі. Бұл уақыт аралығында сай келгендерін,сай келмегендерімен ажыратып анықтау қажет.
4.Мұғалім барлық мәліметті қысқаша етіп «идеялар» себетіне жазады.Қате пікірлер де жазылады.
5. Барлық қателер содан соң барып түзетіледі, яғни әңгімелеу мәтін және ғылыми - танымдық мәтін туралы білетіндері туралы анықталады.
Ережені қайталау:
1.Әңгімелеу мәтіні: Бір нәрсе жайында хабарлайды. Не істейді? қайтеді? қайда? сұрақтарына жауап береді.
2.Ғылыми мәтін: Заттың қайда кездесетіні, сыртқы бейнесі (түрі), адамның қалай пайдаланатыны ескеріледі.
Зат ғылыми мәтінде нақты, ал көркем мәтінде бейнелі
1-тапсырма (МК,Т) «Бірлесіп оқу» стратегиясы
«Судың да сұрауы бар» мәтінін оқу. Мәтін тақырыбы мен ондағы негізгі ойды табу.
«ПОПС формуласы» әдісі
1. «Судың да сұрауы бар» деген халық даналығын қалай түсіндіре аласың?
2. Бұл әңгімелеу мәтіні ме, әлде ғылыми - танымдық мәтін бе?
Осы екі сұраққтың жауабын ПОПС формуласы арқылы түсіндіру.
Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, ...»
Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін...»
Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын...»
Соңғы сөйлем:«Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»
(Ж.Ж) 2-тапсырма «Баскетбол» әдісі
«ОЙЛАН-ЖҰПТАС-ТАЛҚЫЛА» стратегиясын қолдану арқылы мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар (неліктен? не себепті? қалай ойлайсың) құрастырылады және басқа жұптардағы оқушылардан сол сұрақтарға жауап алынады.
Кестені толтыру керек. «Баскетбол» кестесі
Сергіту сәті:
«Есіңе сақта!» Белгілі уақыт ішінде қандай зат есіңде суретін сал,атын жаз.
3-тапсырма (Т) «Галерея» әдісі
«Судың да сұрауы бар» мәтінінде кездескен жаңа сөздерді табу. Дереккөздер арқылы сөздердің мағынасын ашу. Оқушылардың қажетті дереккөздермен жұмыс істеуі ұйымдастырылады.
«Не білесің?» әдісі
Қадірі
Дамушы елдер
Цистерна
Өңір
Су қоры
Рефлексия «Бес саусақ» әдісі
Бас бармақ- неден қиналдыңыз?
Балан үйрек-кімге көмектестіңіз?
Ортан терек-көңіл күйіңіз қандай?
Шылдыр шүмек-не үйрендіңіз?
Кішкене бөбек-қандай жетістікке жеттіңіз?
Үй тапсырмасы:
Су туралы әңгімелеу мәтінін жазып келу.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?