1. Қазақ тілі_3-сынып_6-тарау Атақты тұлғалар_88-сабақ Негізігі және туынды етістік_ҚМЖ
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Атақты тұлғалар» Күні: Сынып: | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Сарыева А.Т. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақтың тақырыбы | 88-сабақ. Негізгі және туынды етістік | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру; 3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау. 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету. | ||||||||
Сабақтың мақсаттары |
| ||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||
Сөздік қор |
| ||||||||
Құндылықтар | Қажымұқан Мұңайтпасов туралы мәтіні негізінде өз елінің патриоты болуына баулу. | ||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дене шынықтыру. | ||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Оқушылар ноутбукты/ смартфонды пайдаланып, атақты тұлға туралы мәлімет табады. | ||||||||
Бастапқы білім | Оқушыларда түбір сөзден болған етістік негізгі етістік деп, ал түбір сөзге жұрнақтар жалғану арқылы жасалған етістік туынды етістік деп аталатыны туралы білімі бар. | ||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы 5 мин | (Ж,Қ) Білімді бекіту. Үй жұмысын тексеру: «Етістік» сөзіндегі әріптерден басталатын етістіктерді оқыту. Шыққан етістіктердің қайсысы негізгі, қайсысы туынды екенін ажыратып, дәлелдеткізу. 0қушылар мұғалімнің басшылығымен орындалған жұмысты өзара тексереді. Бір-бірінің қатесін тауып, түзетеді. Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын хабарлау. Бағалау критерийлерін оқушылармен бірге белгілеу. (Ұ) «Мозаика» әдісі бойынша сыныпты топқа бөлу. Оқушылардың мақсаты - сурет қиындыларын құрастыру арқылы топ құру. Ережені қайталату:Т–талқылаймыз,О–ортақ шешімге келеміз,П–пікірлесеміз,Т–тыңдаймыз,А–ақылдасамыз. | Қима қағаздар | |||||||
Сабақтың ортасы 8 мин 1 мин 5 мин 1 мин 3 мин 12 мин | 3.1.1.1 (МК; Ө; Т; Қ) Тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру. Оқулықты ашқызбай тұрып мәтінді тыңдату (20-жаттығу). Тыңдау барысында тірек сөздерді белгілеуді тапсыру. Дескриптор:
Мәтінді тыңдатып болған соң, әр топқа алдын ала кеспе қағазға жазылған бір сұрақтан беріледі, сұраққа жауап берілмеген жағдайда, басқа топ жауап береді. Ешбір топ жауап бермеген жағдайда, мәтінді оқыту кезеңінен кейін жауап алынады. (Сұрақтар қосымшада берілген). Сергіту сәті. Көп отырып шаршадық, Қозғалуды аңсадық. Жүгiргiмiз келедi, Әдемiлеп ән салып. Мәтінді оқыту. 3.4.2.4 (Т,Қ) Мәтіннен етістіктерді тауып, негізгі немесе туынды екенін ажырату. Әр топқа бір сөйлем ұсынылады. Оқушылар сөйлемнен етістіктерді тауып оқиды. Олардың негізгі немесе туынды екенін ажыратып түсіндіреді, дәлелдейді. 3.4.2.4 ( Ө; Қ; Ұ) Ребусты шешу. Шешуіндегі сөздің қандай етістік екенін анықтау. 22-жаттығу. Ребусты шешеді (ақта). Шешуіндегі сөздің қандай етістік екенін түсіндіріп, дәлелдейді. Орындалған жұмысты топта жариялап оқиды. 3.4.2.4 ( Ө; Ж; Қ) Үлгіні басшылыққа алып, сөздердің туынды етістік екенін дәлелдеу. Оқулықта берілген үлгіні басшылыққа алып, сөздердің туынды етістік екенін жұптасына дәлелдейді. Төрт жұптың талдауы сынып алдында тыңдалады. (Т; Қ) Берілген тақырыпқа постер жасап, қорғау. Оқушылардың топтық жұмысы ұйымдастырылады. Дифференциация. 1-топ. Атақты тұлға туралы дереккөздерден 5 мәлімет табу. 2-топ. Атақты тұлға туралы постер құрастыру. 3-топ. Атақты тұлға екі нақыл сөз тауып жазу. 4-топ. Атақты тұлға туралы бір өлең табу. Жұмыстарын топта жариялайды. 2-3 топ оқушылары жазу жұмысын орындау барысында бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі. Дифференциация. Тапсырманы шапшаң әрі дұрыс орындайтын оқушыларға жеке тапсырмасы ұсынылады (қосымшада берілген). (Ө; Ұ; Қ) Басқа топтардың жұмыстарымен танысу. Стикерлерге өз көзқарастарын жазып, постерлерге жабыстыру. «Галереяны шарлау» стратегиясы бойынша рефлексия жасау. Басқа топтың постерлерін оқиды. Оқушылар стикерлерге өз көзқарастарын жазып, постерлерге жабыстырады. | ||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Сабақтың мақсатына оралып, үйренгендерін атау. «Жетістіктер сатысы» әдісі бойынша рефлексия жасау. Үй жұмысы: Зат есімдерден туынды етістік жасап жазу. Туынды етістікпен сөйлем құрап жазу. Қатені табу және түзету. 21-жаттығу. Берілген зат есімдерден туынды етістіктер жасап жазады. Өзі қалаған 2-3 туынды етістікпен сөйлем құрап жазады. | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
Қиналатын оқушыларға «Негізіг және туынды сөздер» кестесін, үлгіні пайдалануға мүмкіндік беріледі. Көшбасшылық қабілеттерін дамыту мақсатында оқушылар саралап жұптастырылады. Тапсырманы шапшаң әрі дұрыс орындайтын қабілетті оқушыларға тест тапсырмасы ұсынылады. | Өзара бағалау. Сұрақтарға жауап бергендерін, ойды дәлелдеуін комментарий беру арқылы бағалау. | Белсенді қимыл іс-әрекеттер, сергіту сәтін ұйымдастыру. | |||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?