1. Қазақ тілі_3-сынып_6-бөлім_Атақты тұлғалар_ №99 сабақ_ КМЖ


Пән: Қазақ тілі

Бөлімі: Атақты тұлғалар

Сабақ тақырыбы:

99-сабақ.Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау;

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар:

- тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілей біледі, мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап береді;

- мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;

- сөз құрамы сызбасы негізінде негізгі және туынды сын есімдерді анықтайды;

- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарғажауап береді.

Оқушылардыңкөбі:

- тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілейді, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;

- мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;

- негізгі және туынды сын есімдерді ажыратады;

- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;

Оқушылардыңкейбірі:

- тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілейді, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтар құрай алады;

- мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады;

- туынды сын есімдер жасай алады;

- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді.

Бағалау критерийлері

- тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілей біледі, мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап бере алады;

- мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтай алады;

- сөз құрамы сызбасы негізінде негізгі және туынды сын есімдерді анықтай алады;

- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыра алады.

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Абай (Ибраһим), қоғам, қайраткер.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

- Абай қандай отбасынан шыққан?

- Ол қандай тілдерді меңгерген?

- Егер Абай сендердің замандастарын болса қай мектепте оқыр еді?

- Абай қазіргі заманда өмір сүрсе қандай қызмет атқарар еді?

- Абайдың орнында болсаң әжеңнен қандай ертегі сұрар едің?

Құндылықтар

Қоғамның дамуына үлес қосуға қызмет ету

Алдыңғы меңгерілген білім

Етістік, сын есім тақырыптарынан игерген білімдеріне негізделіп меңгертіледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 минут

5 минут

Ұйымдастыру

«Жүгіртпе» тапсырмасы бойынша топтар құралады.

Оқушыларға сөздер жазылған қағаздар таратылып беріледі, оқушылар одан төрт сөйлем құрастыру арқылы топқа бөлінеді. Топтар құрастыратын сөйлемдер:

Бауыржан Момышұлы – Ұлы Отан соғысының батыры.

Әлия Молдағұлова – қазақ ер жүрек қызы, мерген.

Төле би – қазақ халқының атақты шешені, қоғам қайраткері.

Қажымұқан Мұңайтпасов – әлемге танымал болған тұңғыш қазақ палуаны.

Сабақтың мақсаты және міндеттерімен таныстыру

Қосымша №1

Сабақтың ортасы

Негізгі бөлім

5-10 минут

10-25 минут

25-30 минут

30-35 минут

3.4.2.4 (Т)

Бауыржан Момышұлы тобына берілетін тапсырма. Бауыржан Момышұлы туралы 3 сөйлем құрастыру. Сөйлемдерде болымсыз етістіктердің болуы шарт.

Әлия Молдағұлова тобына тапсырма. Әлия Молдағұлова туралы 3 сөйлем құрастыру. Сөйлемдерде болымды етістіктер болуы шарт.

Төле би тобына тапсырма. Төле би туралы 3 сөйлем құрастыру. Сөйлемдерде туынды етістіктер болуы шарт.

Қажымұқан Мұңайтпасов тобына тапсырма. Қажымұқан Мұңайтпасов жайлы 3 сөйлем құрастыру. Сөйлемдерде негізгі етістіктер болуы шарт.

Топтар өзара бағалайды:

- әр топ 3 сөйлем құрасырады;

- сөйлемдерде болымды/болымсыз, туынды/негізгі етістіктердің болуы.

Мысалы:

1. Бауыржан Момышұлы біреуден көмек күтпей, өзің істеген жөн дейді. Бауыржан Момышұлы атамның атында ерінбей, қызмет еткен адамдарды мадақтайтын медаль бар. Бауыржан Момышұлы өзінің жауынгерлеріне жаудың заттарын жинамауды ескертті.

2. Әлия Молдағұлова жауды нысанаға алды. Кейде Алия Молдағұлова жауды жою үшін қардың үстіне жатып, ұзақ күтетін. Әлия біздің әскерлердің жеңіске жететініне сенімді болатын.

3. Төле би абыз билермен ақылдасып отырған. Бір шешім шығарарда ұзақ ойланған. Төле би жүздердің арасындағы татулықты жақтады.

4. Қажымұқан Мұңайтпасұлы 54 мемлекетте күресті. Қажымұқан атамыз 48 медаль иеленген. Ақын-жазушылар Қажымұқан туралы көп жазды.

3.1.1.1 (Ұ) Абай (Ибраһим) Құнанбаев

https://brclip.com/video/07cLqk8soPc/абай-ибраһим-құнанбаев.html

Оқушыларға талқылауға қойылатын сұрақтар:

- Абай қандай отбасынан шыққан?

- Ол қандай тілдерді меңгерген?

- Егер Абай сендердің замандастарың болса қай мектепте оқыр еді?

- Абай қазіргі заманда өмір сүрсе қандай қызмет атқарар еді?

- Қазір қандай қоғам қайраткерін Абайға ұқсатар едіңдер?

- Абайдың орнында болсаң әжеңнен қандай ертегі айтып беруін сұрар едің?

3.1.1.1 (Ө; Ж; Т; Қ) Мәтінді тыңдап, мағынасы түсініксіз сөздерді белгілеу.

66-беттегі 1-тапсырма.

Мәтінді мұқият тыңдайды. Мәтіннің мазмұнын айтады. Мәтіндегі мағынасы түсініксіз сөздерді белгілеп, сөздікпен жұмыс жасайды.

Мысалы, түсініксіз сөз ретінде асыл, тарихи, дастан, хикая, ала қағаз, тамаша сөздері белгіленуі мүмкін.

Асыл бұйымдар – қымбатты, бағалы заттар

Тарихи кітаптар – тарих туралы кітап

Дастан – аңыз, жыр

Хикая – оқиға

Бас алмай - қызығушылықпен

Ықыласын – ынтасын,

Ала қағаз – кітап

Тамаша – жақсы, керемет.

3.2.4.1(Т; Қ) Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау.

2-тапсырма.

Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды. Оқулықта берілген қай сөйлем мәтін тақырыбы мен негізгі ойға сәйкес келетінін анықтап, сол сөйлемді жазады.

Мысалы:

Мәтіннің тақырыбы: Абай, Абай мен әжесі, Кітап оқу.

Негізгі ой – кітап оқу.

«Кітап – білім бұлағы» сөйлемі мәтіннің негізгі ойына сәйкес келеді.

Сергіту сәті

Бір, екі – еңкей,

Бүгілмесін тізең.

Үш-төрт шалқай

Иілмесін тізең.

Қолды көтер аспанға

Саусақты соз, жасқанба.

3.4.2.4 (Ө; МК) Мәтіннен етістіктерді теріп жазу. Түрлеріне қарай ажырату. Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.

3-тапсырма.

Мәтіннен етістіктерді теріп жазады. Оларды негізгі және туынды, болымды және болымсыз етістіктерге ажыратады.

Жұппен жұмыс жасайды. Бір-бірінің қатесін тауып, түзетеді. Орындалған жұмысты өзара бағалайды.

Оқыды, тапты, оқиды, әңгімелеп береді, ықыласын байқап, айырылма, ұқсама, разы болып, айтатын болды.

Негізгі етістіктер: оқыды, тапты, оқиды айырылма

Туынды етістіктер: әңгімелеп береді, ықыласын байқап, разы болып, айтатын болды

Болымды етістіктер: оқыды, тапты, оқиды, әңгімелеп береді, ықыласын байқап, разы болып, айтатын болды

Болымсыз етістіктер: айырылма, ұқсама,

3.4.2.4 (Ө) Мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің сын есім екенін дәлелдеу.

4-тапсырма.

Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді оқып, олардың сын есім екенін дәлелдейді.

Асыл, тарихи, ала, тамаша – бұл сөздер сын есімдер, өйткені қандай? деген сұрақтарға жауап береді.

Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындап болған соң, істеген жұмыстарын қорғайды.

3.2.3.1 (Ө) Мәтін мазмұны бойынша ақпараттың дұрыс-бұрыстығын анықтау.

5-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша берілген ақпараттардың дұрыс-бұрыстығын анықтап, тиісті белгілермен белгілейді.

https://brclip.com/video/07cLqk8soPc/абай-ибраһим-құнанбаев.html

Оқулық. Ә.Е: Жұмабаева,...

Қорытынды бөлім

35-40 минут

5 минут

Рефлексия

Бағалау критерийлері

Бағалау критерийлері

Қолымнан келеді

Көмек

қажет етемін

Тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілей біледі, мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап бере аламын

Мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтай аламын

Сөз құрамы сызбасы негізінде негізгі және туынды сын есімдерді анықтай аламын

Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап бере аламын

Үйге тапсырма 6-тапсырма. Суреттердің мазмұнына лайық сөздерді таңдау. Мәтінді ретімен көшіріп жазып, сын есімдерді табу.

Оқушылардың назары оқулықтағы суретке аударылады. Әрқайсысының мазмұнына лайық сөйлемдерді төмендегі мәтіннен таңдап алады. Мәтінді ретімен көшіріп жазып, сын есімдердің астын сызады.

Қосымша ақпарат

Саралау

Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланысденсаулық пен қауіпсіздік

  • Тапсырма көлемі бойынша саралау;
  • Деңгейлік тапсырмаларды орындату;
  • Бақылау негізінде қолдауды қажет ететін оқушыларды белгілеу
  • Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін оқылым тапсырмалары негізінде ұйымдастыру
  • Топтық, жұптық жұмыс барысында берілген мәтін, өлеңмазмұны бойынша тұжырым жасай алуы, сыпайы жауап бере білуге бағалау

Топта бірі-бірі тыңдау, сыйлау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Қорытынды бағалау

Сабақтың ең ұтымды кезеңдері.

1:

2:

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі әдіс.

1:

2:

Келесі сабақты жоспарлауға септігін тигізетіндей осы сабақтан сыныптағы және жеке оқушылар жайлы не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу