1. Қазақ тілі_3-сынып_6-бөлім_Атақты тұлғалар_ №16 сабақ_ КМЖ
Пән: Қазақ тілі Бөлімі: Атақты тұлғалар №16 сабақ тақырыбы: Атақты тұлғалар жайлы әңгіме құрау | Мектеп: | |||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||
Оқу мақсаты: | 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру; 3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау; 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру. | |||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| |||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | - тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілей біледі, мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап бере алады; - мұғалімнің қолдауымен жай сөйлемдерді жазады; - мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап беріп, сұрақтар құрастырады. | |||||||||||||||||
Сөздік қор | Пәндік терминология мен тірек сөздер Ыбырай (Ибраһим), қоғам. Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл: Талқылау үшін сұрақтар: - Ыбырай Алтынсарин туралы қай жерде естідіңдер? - Ыбырай Алтынсарин мектеп ашқанға дейін қазақ даласында балаларды кім және қалай оқытты? - Ы. Алтынсариннің қандай шығармаларын білесіңдер? - Ы. Алтынсариннің шығармалары неге үйретеді? | |||||||||||||||||
Құндылықтар | Өз еліне қызмет етуге баулу | |||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеп, ашық жабық сұрақтарға жауап береді | |||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||
Сабақтың басы 1-5 минут 5 минут | Ұйымдастыру (Ұ,Т) «Атақты тұлғалар» ассоциация құру. Топта талқылау. Топ жұмысын таныстыру. | |||||||||||||||||
Сабақтың ортасы Негізгі бөлім 5-10 минут 10-25 минут 25-30 минут 30-35 минут | Сабақтың мақсаты мен міндеттерімен таныстыру (Т) «Атақты тұлғалармен кездесу» рөлдік ойынын ойнау. Хакімжан Наурызбаев, Әл-Фараби, Қаныш Сәтпаев, Қажымұқан Мұңайтпасов, Бауыржан Момышұлы –тілікше қағаздарға жазылған тұлғалардың есімдерін әр топ басшысы таңдап алады. Рөлдік ойын арқылы оқушылар атақты тұлға атынан топтар таныстырып шығады. Мысалы: «Мен Динамын. Менің халыққа танымал күйлерім көп. .....» Топтық бағалау критерийлері: - ойын барысында өз ойын жүйелі жеткізуі; - барлық топ мүшелерінің қатысуы. 3.1.1.1 (Ұ, М) https://www.youtube.com/watch?v=SFmS5FfmxZ4 - Ыбырай Алтынсарин туралы қай жерде естідіңдер? - Ыбырай Алтынсарин мектеп ашқанға дейін қазақ даласында балаларды кім және қалай оқытты? 3.2.3.1(Т) 1-топ. Ы. Алтынсарин – «Қазақ хрестоматиясы» (1879) деп аталатын ана тіліміздегі тұңғыш оқулықтың авторы. Бұл ана тілінде тұңғыш рет шыққан жалғыз кітап орыс – қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына арналған. «Қазақ хрестоматиясында» көптеген шағын әңгімелер, өлеңдер, орыс жазушыларынан аударған шығармаларды енгізген болатын. 2-топ. Ы. Алтынсарин ер балалармен қатар қазақ қыздарын да білімге тарту, оларға түрлі кәсіптік мамандық беру жөніндегі жұмыстарды алғаш ұйымдастырушы. Ер балалардың өзін оқытуға қырын қараған заманда оның қыз балаларды оқыту, оларға арнап мектеп, интернаттар ашу қажеттілігі туралы мәселе көтеріп, ойын дәлелдеді. Сонымен қазақ даласында алғашқы рет қыз балаларға арналған мектеп-интернаттар ашылды. 3-топ. ......Ы. Алтынсарин – қазақ әдебиетінің негізін қалаушы. «Қазақ хрестоматиясына» енген алуан жанрдағы шығармалар бұған дәлел. Ол Европа халықтары әдебиетінен аудармалар жасағанда ең алдымен ол туындылардың балалар ұғымына сай, оларға қызықты болуына баса назар аударды. Сондықтан оның әңгімелерінен балалар әдебиетіне қойылатын талаптарының бірі туындының көлемінің шағындығы, оқиғалардың балалар ұғымы мен жасына сай, көркем әрі қызықты баяндалуы. 4-топ. Ы. Алтынсариннің артында қалдырған мұрасы аса бай. Оның жазған «Қазақ хрестоматиясы» 4 тарауға бөлінген. 1) Балалар өмірінен алынған әңгімелер, бұлар түрлі орыс хрестоматияларын, мысалдар мен халық әдебиеті, балалардың туғандарына жазған хаттары. 2) Әр түрлі жастағы адамдардың өмірінен алынған әңгімелер. 3) Ең жақсы қазақ ақындарының өлең-жырларынан үзінді. 4) Қазақтың мақал-мәтелдері. Тапсырма: Ы.Алтынсаринге қойғысы келген 2 сұрақ құрастырады. Мысалы: Оқулық неге «Қазақ хрестоматиясы» деп аталады? Қыз балаларға арналған мектеп-интернаттарға қабылдау қалай жүзеге асырылды? Оқушыларға талқылауға қойылатын сұрақтар: - Ы. Алтынсариннің қандай шығармаларын білесіңдер? - Ы. Алтынсариннің шығармалары неге үйретеді? Мысалы: - Ы. Алтынсариннің қандай «Кел, балалар, оқылық!», «Асыл шөп» шығармаларын білемін. - Ы. Алтынсариннің шығармалары оқуға, мейірімді болуға үйретеді. Сергіту сәті Он, жиырма, тоқсан, жүз, Тойлаймыз ата тойын біз. Ыбырай ата өзіңдей, Біз жазушы боламыз. Жазған өлең, ертегіңді, Ынта қоя оқимыз. 3.1.4.1(Ұ,Ж,Ө, Қ) Тірек сөздерді пайдаланып, «Тұңғыш ұстаз» тақырыбында әңгіме құрау. Ол үшін топта оқушылар «Әңгіме картасын» құрастырады. «Әңгіме картасы» негізінде «Тұңғыш ұстаз» тақырыбында әңгіме құрап айтады, жазады. Жұптық бағалау критерийі: - сөздердің дұрыс қолданылуы; - әңгіменің құрылымдық бөліктерінің сақталуы. Тірек сөздер: Ыбырай Алтынсарин , ағартушы, педагог, жазушы, алғашқы мектеп, оқулық жазу, «Кел, балалар, оқылық!» Мысалы: Ыбырай Алтынсарин алғаш рет қазақ даласында мектеп ашты. Балаларға арнап «Қазақ хрестоматиясы» оқулығын жазды. Бұл оқулық балаларды оқу-білімге шақырады. Хакімжан Наурызбаев, Әл-Фараби, Қаныш Сәтпаев, Қажымұқан Мұңайтпасов, Бауыржан Момышұлы есімдері жазылған тілікше қағаздарға жазылған тұлғалардың есімдерін әр топ басшысы таңдап алады. Соған сәйкес, рөлдік ойын арқылы оқушылар атақты тұлға атынан топтар таныстырып шығады. Топтық жұмыстың алдында бағалау критерийлерімен таныстырылады. | Қосымша 1 https://www.youtube.com/watch?v=SFmS5FfmxZ4 Қосымша 2 Қосымша 3 | ||||||||||||||||
Қорытынды бөлім 35-40 минут 5 минут | Рефлексия Бағалау критерийлері
Үй тапсырмасы: «Ы.Алтынсарин» тақырыбына сөзжұмбақ құру. | |||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||
Саралау | Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланысденсаулық пен қауіпсіздік | ||||||||||||||||
|
| Топта бірі-бірі тыңдау, сыйлау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау. | ||||||||||||||||
Рефлексия Сабақ мақсатына жеттім бе? Оқушылар не үйренді? Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма? Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма? Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен? | ||||||||||||||||||
Қорытынды бағалау Сабақтың ең ұтымды кезеңдері. 1: 2: Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі әдіс. 1: 2: Келесі сабақты жоспарлауға септігін тигізетіндей осы сабақтан сыныптағы және жеке оқушылар жайлы не білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?