1. Қазақ тілі_3-сынып_6-бөлім_Атақты тұлғалар_№100 сабақ_ КМЖ


Пән: Қазақ тілі

Бөлімі: Атақты тұлғалар

Сабақ тақырыбы: Мазмұндама

100-сабақ.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

3.2.4.1.өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің қолдауымен негізгі ойды анықтау;

3.3.3.1* өз бетінше оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып, мазмұндама жазу;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, қазақ тілінің орфографиялық сөздіктері мен анықтамалығы арқылы түзету

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар:

- мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;

- тыңдаған материал бойынша бірлесіп жоспар құрады, үлгі бойынша мазмұндама жазады;

- мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді

Оқушылардың көбі:

- мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;

- тыңдаған материал бойынша бірлесіп жоспар құрады, тірек сөздерді қолданып мазмұндама жазады;

- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді;

Оқушылардың кейбірі:

- мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады;

- тыңдаған материал бойынша жоспар құрады, мазмұндама жазады;

- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді.

Бағалау критерийлері

- мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;

- тыңдаған материал бойынша бірлесіп жоспар құрады, үлгі бойынша мазмұндама жаза алады;

- мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзете алады.

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Қамыстай қаусатып, доғарып, айыр

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

 1. Мұқан неше жаста?

 2. Оның күші туралы қандай әңгімелер болды?

 3. Қыста Мұқан қандай жұмыспен кетті?

 4. Мұқан қалаға қалай жетті?

Құндылықтар

Тарихи тұлғалардың өмірін терец білуге деген құлшыныстарын арттыру

Алдыңғы меңгерілген білім

«Атақты тұлалар» тақырыбынан игерген білімдеріне негізделіп меңгертіледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 минут

5 минут

Ұйымдастыру «Қара жәшік» ойыны.

Оқушылар қара жәшіктің ішіне мұғалімнің көмегі арқылы жасырылған заттарды табулары тиіс.

- Бұл жәшіктің ішінде біздің сабағымыздың тақырыбына сай заттар жасырылған.

- Бұны жеңіске жеткендерге береді.

- Спортшыларды марапаттау ретінде беріледі.

Сабақтың мақсаты және міндеттерімен таныстыру.

Қосымша №1

Сабақтың ортасы

Негізгі бөлім

5-10 минут

10-25 минут

25-35 минут

(МК) Мазмұндама дегеніміз белгілі бір шығарманың (мәтіннің) мазмұнын ауызша немесе жазбаша түрде баяндап беру.

Мазмұндамаға қойылатын талаптар:

1. Мәтін мазмұнының бұрмаланбай, рет-ретімен баяндалуы.

2. Жоспардың әр тармағы өз дәрежесінде толық баяндалуы.

3. Емле, тыныс белгісі ережелерінің дұрыс қолданылуы мен жазу каллиграфиясының сақталуы.

4. Сөздердің дұрыс қолданылуы мен сөйлемдердің үйлесімді болуы.

Сонымен қатар оқушылардың бір-бірінен көшіріп алмау сияқты тұстары да ескертіледі. Мазмұндама мәтінімен танысу.

3.2.4.1 (Ұ; МК) Мазмұндама мәтіні оқылады.

Қажымұқан

 Он сегіз жасар Мұқанның қарағайды қамыстай қаусатып, қолымен тартып құлатқаны, талай ауыр жүкті тиегені аңыз болып айтылып жүрді.

 Мұқанның ауыр мінезі, тіл алғыш, тәртіптілігі бәріне ұнайтын. Ол қандай жұмыс болса да, орындап келетін.

 Бірде Мұқанды қыс ортасында қаладан жиырма шақырым жердегі шөпке жіберді.

 Ол шөпті қардан тазартты. Аттарды доғарып, алдарына бір айыр шөпті әкеліп салды. Шанасын сүйреп әкеліп, шөпті тиеп, оны атқа шейін сүйреп апарды.

 Қарлы боранда аттар жүре алмаған соң Мұқан дәу шана бір шөп атты үстіне салып, бір атты артына байлап қалаға жетті.

 3.3.3.1 (Ұ; Ж; МК) Оқылған мәтін бойынша сұрақтар қойылып, жұптасып жоспар құрады.

 Сұрақтар:

 1. Мұқан неше жаста?

 2. Оның күші туралы қандай әңгімелер болды?

 3. Қыста Мұқан қандай жұмыспен кетті?

 4. Мұқан қалаға қалай жетті?

 Жоспар:

 1. Қажымұқанның күші

 2. Мұқанның мінезі

 3. Шөпке сапар

 4. Шөпті әкелу

Таныс емес жазылуы қиын сөздер: қамыстай қаусатып, доғарып, айыр.

Сөздік жұмыс

Қамыстай қаусатып – қарағайды қамыс сияқты ұсатып;

Доғарып – атқа міну үшін қолданылған жабдықтарды шешу;

Айыр – ауыл шаруашылығында қолданылатын қол құрал.

Мұғалімнің мәтінді қайтадан оқып шығуы. Содан кейін оқушылар мәтінді әңгімелейді (жұптық жұмыс), тақтаға шығып әңгімелейді.

Сергіту сәті

Бір, екі, үш,

Бойға жинап күш.

Қолды сермеп аламыз,

Үлкен адам боламыз.

3.3.5.1 (Ө; МК) Жасалған жұмыстар негізінде оқушылар мазмұндаманы жазады.

Бағалау кестесі

Дескрипторлар

Балл

1

Мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес жүйелі жазады

1/

2

Мәтіндегі мәліметтерді, негізгі ойды сақтап жазады

1/

3

Сөйлемнің құрылымын сақтайды

1/

4

Орфографиялық нормаларды сақтайды (2 қатеден артық емес)

1/

5

Пунктуациялық нормаларды сақтайды (1 қатеден артық емес немесе 1-2 түзетуі бар)

1/

Барлығы

5/

Қосымша №1

Қорытынды бөлім

35-40 минут

5 минут

Рефлексия

Бағалау критерийлері

Бағалау критерийлері

Қолымнан келеді

Көмек

қажет етемін

Мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтай аламын

Тыңдаған материал бойынша бірлесіп жоспар құрады, үлгі бойынша мазмұндама жаза аламын

Мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзете аламын

Қосымша ақпарат

Саралау

Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланысденсаулық пен қауіпсіздік

  • Тапсырма көлемі бойынша саралау;
  • Деңгейлік тапсырмаларды орындату;
  • Бақылау негізінде қолдауды қажет ететін оқушыларды белгілеу
  • Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін оқылым тапсырмалары негізінде ұйымдастыру
  • Топтық, жұптық жұмыс барысында берілген мәтін, өлеңмазмұны бойынша тұжырым жасай алуы, сыпайы жауап бере білуге бағалау

Топта бірі-бірі тыңдау, сыйлау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Қорытынды бағалау

Сабақтың ең ұтымды кезеңдері.

1:

2:

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі әдіс.

1:

2:

Келесі сабақты жоспарлауға септігін тигізетіндей осы сабақтан сыныптағы және жеке оқушылар жайлы не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу