2_Қазақ тілі_3 сынып_6-бөлім_Атақты тұлғалар_№2сабақ_Негізгі зат есім және туынды зат есім. Күй атасы_ПРЕЗЕНТАЦИЯ
«Қазақ тілі» пәні
3-сынып
6-бөлім. «Атақты тұлғалар»
Сабақ тақырыбы:
№ 2 сабақ. Негізгі зат есім және туынды зат есім. Күй атасы
Сабақтың мақсаты
3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау;
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.
Бағалау критерийлері
-пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және жауап береді;
-туынды зат есімдер жасай алады;
-каллиграфиялық нормаларды сақтап жазу.
Күй атасы – Құрманғазы
Күй – музыка өнерінің бір түрі. Қазақ халқының аспаптық музыкасы. Күйді музыка аспаптарында орындайтын адам күйші деп аталады. «Күйші» сөзі екі түрлі мағынада қолданылады, біріншісі – күйді шығаратын композитор, сазгер, екіншісі күйді шебер орындаушы адам. Әрі сазгер, әрі күйші болған атақты тұлғаларымыз: Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей, Ықылас, Сүгір т.б.
Аталған күйшілердің ішінде Құрманғазы Сағырбайұлы ерекше орын алады. Құрманғазы жас кезінен домбыраға әуес болды. Атақты домбырашы, күйші апамыз Дина Нұрпейісқызы Құрманғазының шәкірті болды. Құрманғазының кең тараған күйлері: «Балбырауын», «Адай», «Кішкентай», «Серпер», «Аман бол шешем, аман бол!», «Қайран шешем», «Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Сарыарқа» т.б.
Құрманғазы атамыз – қазақ топырағындағы күйшілік өнерге жаңа бағыт беріп, өзіндік орындаушылық дәстүрді қалыптастырған. Оны аспаптық музыканың алыбы, күй өнерінің - атасы дейміз.
Сөз құрамына талдау
Үлгілер:
Тапсырма 2.
Сазгер, саз - түбір сөз, -гер – қосымша (жұрнақ)
Күйші, күй – түбір сөз, -ші – қосымша (жұрнақ)
Домбырашы, домбыра – түбір сөз, -шы – қосымша (жұрнақ)
Тапсырма 4.
Құрылысшы, құрылыс – түбір сөз, зат есім; -шы, жұрнақ
Сауыншы, сау – түбір сөз, етістік; - ыншы, жұрнақ
Біздің отбасы
Әкем менің құрылысшы
Апам менің сауыншы
Ағам менің егінші
Жеңгем менің тігінші
Отырмаймын мен текке
Кеттім менде мектепке.
А. Сопыбеков
Рефлексия
«Күйші» сөзіне бес жолды өлең құрастыр.
1. Зат есім
2. Сын есім
3. Етістік
4. Сөйлем
5. Мағыналас сөз
Өзін-өзі бағалау кестесі
Үй тапсырмасы
Берілген сын есімдерден туынды зат есім жаса.
Сын есімдер: әдемі, таза, биік, батыл, жаңа, кәрі т.б.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?