1. Қазақ тілі_3-сынып_6-тарау Атақты тұлғалар_5-сабақ Негізігі және туынды етістік_ҚМЖ


Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Атақты тұлғалар» Күні:

Сынып:

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Сарыева А.Т.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

5-сабақ. Негізгі және туынды етістік

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.5.1 түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) берілген тақырып/сұрақ бойынша алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау;

3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер арқылы мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық, презентация т.б.) құрау;

3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/ етістікті анықтау;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.

Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

- мұғалімнің көмегімен түрлі дереккөздерден берілген тақырып бойынша ақпаратты табады және ақпаратта кездескен жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашады;

-мұғалімнің көмегімен кесте арқылы хат жазады;

- мұғалімнің көмегімен негізгі және туынды етістікті ажырата алады;

- жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзейді.

Оқушылардың көпшілігі:

- түрлі дереккөздерден берілген тақырып бойынша ақпаратты табады және ақпаратта кездескен жаңа сөздердің мағынасын мұғалімнің көмегімен сөздіктерді пайдаланып ашады;

-кестені қолданып хат жазады;

- үлгі бойынша негізгі және туынды етістікті ажырата алады;

- жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзейді.

Оқушылардың кейбірі:

- түрлі дереккөздерден берілген тақырып бойынша ақпаратты табады және ақпаратта кездескен жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашады;

-өздігінен хат жаза алады;

- өздігінен негізгі және туынды етістікті ажырата алады;

- жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзейді.

Бағалау критерийлері

  • берілген тақырып бойынша ақпаратты таба алады және жаңа сөздердің мағынасын аша алады;

 – сұрақтарға жауап береді, хат жазады;

- туынды етістіктің жасалу жолын біледі;

  • кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады.

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

 Тілші ғалым, аудармашы, зерттеу.

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар: - Мәтін неге «Сегіз қырлы, бір сырлы» деп аталады?

Құндылықтар

Өзара көмектесуге, бірлесіп жұмыс жасай білуге баулу. Хат жазуды үйрету барысында өзгенің хәлін сұрауға үйретіп, адамгершілікке тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

«Әдебиеттік оқу» пәні.

АКТ қолдану дағдылары

Оқушылар компьютер/ноутбук/смартфон пайдаланып ақпарат іздестіреді.

Бастапқы білім

Заттың әр алуан іс-әрекетін, қимыл процесін білдіретін сөз табы етістік екенін, етістіктерге қойылатын сұрақтарды, етістіктің дара, күрделі болып бөлінетінін біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

  • мин

(Ұ) Сабақтың мақсатын анықтау.

 Абай Құнанбаев, Қаныш Сәтпаев, Сара Жиенқұлова, Әл-Фараби, Абылай хан.

  • Осы адамдардың есімдері неге бір қатарда жазылған деп ойлайсыңдар?
  • Бүгінгі сабақта не туралы айтылады деп ойлайсыңдар?

Сабақтың мақсатын хабарлау.

 

Сабақтың ортасы

8 мин

5 мин

5 мин

1 мин

2 мин

1 мин

11 мин

3.2.5.1 (Ө, Т, Қ) Сурет, анықтамалықтар, түсіндірме сөздіктермен жұмыс.

Оқушылардың назары суретке аудартылып, сұрақтар қойылады:

  • Суретте бейнеленген адам кім деп ойлайсыңдар?
  • Бейнеленген адамның бет әлпетінен, киген киімінен оның кім екендігін, қандай адам екендігін, немен айналысуы мүмкін екендігін анықтауға бола ма?
  • Қалай?
  • Ол қашан өмір сүрген деп ойлайсыңдар?
  • Оны қайдан білдіңдер?
  • Ахмет Байтұрсынұлы туралы не білесіңдер?

Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері туралы мәлімет жинақтау тапсырылады. Ол үшін оқушыларға ресурстармен жұмыс жасауға мүмкіндік беріледі (компьютер/ноутбук/смартфон/энциклопедия/кітаптар).

 Алдымен жеке топтардағы оқушыларға ойларын айтып ортаға салу ұсынылады. Топта талдап алғаннан кейін әр топ ойларын сыныпта айтады. Алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздер тақтаға жазылады: «Ақын», «ғалым», «аудармашы», «педагог», «қоғам қайраткері». Әр топқа бір сөздің мағынасын түсіндірме сөздіктер арқылы ашу ұсынылады.

(Ө, Ж) Мәтінді оқу. Сұраққа жауап беру.

Әр оқушының «Сегіз қырлы, бір сырлы» мәтінін жеке оқып шығады. Жұпта келесі сұрақты талқылауға уақыт беріледі.

  • Мәтін неге «Сегіз қырлы, бір сырлы» деп аталады?

Ахмет Байтұрсын ұлы «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлға екендігі дәлелденеді. Етістіктерді атайды. Етістік туралы білетіндерін ортаға салады

3.4.2.4 (Ө, Ж, МК) Жаңа ақпарат. Негізгі, туынды етістік.

Алдымен оқушылардың бірнешеуіне өткен сабақтардағы негізгі зат есім, туынды сын есім сияқты тілдік бірліктердің ережесін еске түсіруге мүмкіндік беріледі. Осы жұмыстан кейін оқушылар «Армандады, орындалды» сөздердің түбірін және қосымшаларын анықтайды. Олар қандай сұраққа жауап беретіні, қандай сөз табына жататыны айтылады. Туынды етістіктің жасалу жолдары меңгертіледі, туынды сөздер туралы білімдері толықтырылады. Соңында мұғалім тарапынан қорытынды жасалады, үлгі көрсетіледі.

Негізгі етістік

Туынды етістік

Кел, оқы, жүр

Шегеле, бағала, биле

Көркем жазу: ж  ж  ж  ж  жоңышқа  мұражай 

(Ө; Қ) Туынды етістіктерді жұрнақ арқылы жасалу тәсілін бекіту.

Тапсырма түсіндіріліп, әр оқушыға жеке жұмыс жасауға, ойлануға мүмкіндік беріледі. Берілген сөздердің қандай сөз табына жататыны анықталады. Оқушылар жұрнақтардың қажеттісін таңдап, етістік жасайды.

Дескриптор:

  • Туынды етістік құрап жазады;
  • Таза, көркем жазады.

 Дифференциация. Зерек оқушыларға туынды етістікті қатыстырып сөйлем құрастыру тапсырылады.

Көзге арналған жаттығу (презентацияда берілген).

3.3.4.1 (Ө, МК, Қ). Хат жазу.

Тапсырманы орындатпас бұрын оқушылармен «Хат деген не? Ол не үшін жазылады? Оның құрылымы қандай болады?» деген сауалдар төңірегінде әңгіме жүргізіледі. Темірлан хатын бір оқушы оқиды (қосымшада берілген). Темірлан хатының мазмұны сұралады. Хатта не жазылған, қандай ақпарат жазылған ?

Оқушыларға кестеге сүйеніп хат жазады.

Хат жазудың қадамдары

Кіріспе

Сәлемдесу, хат жолдаған адамның хәл-жағдайын сұрау.

Негізгі бөлім

Жаңалықтармен бөлісу.

Соңы

Қоштасу, хат иесін атап жазу.

Дескриптор:

  • Хат жазу қадамдарын сақтап хат жазады;
  • Таза, көркем, қатесіз жазады.

Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзейді.

 

Сабақтың соңы

5 мин

(Ұ) Сабақтың мақсатына оралып, қорытынды жасалады.

Үйге тапсырма: Өнер, білім туралы екі мақал-мәтел тауып жаз. Олармен сөйлем құрастыр, сөйлемдеріңде туынды етістіктерді қолдан. Өнерлі, білімді болу үшін не істеу керек деп ойлайсың? Өзіңнің ініңе не қарындасыңа осы туралы ақыл-кеңес беріп, хат жаз.

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сыныпта суреттегі тұлғаны таныған, білетін балалар білетін мәліметтерімен бөліседі. Ол ақпаратты қайдан білетіндері, қайдан естігендері не оқығаны сұралады. Осылай зерек оқушыларға өз қабілетін дамытуға жағдай жасалады. Оқушыларға өздігінен іздену жұмысын жүзеге асыруға талпыныс жасалады.

Оқушылардың жұмыстарын бақылау арқылы бағалау. Комментарий беру арқылы ауызша кері байланыс беріп бағалау.

Көзге арналған жаттығу орындату. Жазу барысында дұрыс отыруларын қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу