1. Қазақ тілі_3-сынып_6-тарау Атақты тұлғалар_6-сабақ Негізігі және туынды етістік_ҚМЖ


Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Атақты тұлғалар» Күні:

Сынып:

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Сарыева А.Т.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

6-сабақ. Негізгі және туынды етістік

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;

3.​3.​1.​1* жоспар, сызбаны қолдана отырып, тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау мәтінін, көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрап жазу;

3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау.

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.

Оқушылардың барлығы:

- мұғалімнің қолдауымен берілген суреттер бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды;

- мұғалімнің қолдауымен тірек сөздер арқылы шағын әңгімелеу мәтінін құрап жазады;

- үлгі бойынша негізгі және туынды етістікті ажырата алады;

- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады.

Оқушылардың көпшілігі:

- суреттер бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды;

- мұғалімнің қолдауымен тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін құрап жазады;

- ережеге сүйеніп негізгі және туынды етістікті ажырата алады;

- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады.

Оқушылардың кейбірі:

- суреттер бойынша мәтіннің мазмұнын болжап, өзіндік пікірімен дәйектейді;

- тірек сөздер арқылы жайылма сөйлемдермен әңгімелеу мәтінін құрап жазады;

- негізгі және туынды етістікті ажырата алады;

- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады.

Бағалау критерийлері

  • сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
  • әңгімелеу мәтінін жазады ;
  • негізгі және туынды етістікті ажырата алады;
  • ұқыпты, таза, қатесіз жазады.

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Тіл, мәдениет, шешен.

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

  • Хакімжан Наурызбаевтың туындылары біздің еліміз үшін неліктен құнды?

Құндылықтар

Өзара көмектесуге, бірлесіп жұмыс жасай білуге баулу; еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Әдебиеттік оқу.

АКТ қолдану дағдылары

-

Бастапқы білім

Заттың әр алуан іс-әрекетін, қимыл процесін білдіретін сөз табы етістік екенін, етістіктерге қойылатын сұрақтарды, етістіктің дара, күрделі болып бөлінетінін, негізгі және туынды етістіктерді біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

  • мин
  • Ұйымдастыру кезеңі.
  • (Ж) Білімді бекіту.

Етістік дегеніміз не?

Сызбаны пайдаланып етістіктердің түрлері туралы айтыңдар, бір мысалдан келтіріңдер.

  • Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын хабарлау.

 

Сабақтың ортасы

5 мин

8 мин

5 мин

1 мин

1 мин

12 мин

3 мин

3.1.2.1 (Ө,Ж) Тапсырма «Оқиғаны болжау» әдісі арқылы орындалады. Алдымен оқушыларға барлық суретпен (қосымшада берілген) өздігінен танысып шығу, содан соң жұптасып талқылау жүргізу ұсынылады.

Жұптық талқылау:

- Қандай атақты адамдардың мүсіндерін таңыдың?

-Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлихановтың мүсіні мен суреттегі адамның қандай байланысы болуы мүмкін деп ойлайсың?

- Неліктен солай ойлайсың?

(Ө; Т) Алдымен әр оқушы «Мүсінші» мәтінін (қосымшада берілген) жеке оқып шығады. Мәтін оқылғаннан кейін оқушылар мазмұнды түсінгені, түсінбегені, түсініксіз сөздер болғаны, болмағаны анықталады. Сөздік жұмысы ұйымдастырылады. Егер мазмұнын түсінбеген оқушылар болса, зерек оқушыға мазмұндау ұсынылады. Мазмұн игерілгеннен кейін оқушылардың алдында айтылған болжамдары мен мәтін мазмұнының несі ұқсас екені анықталады. Оқушылар топта «Хакімжан Наурызбаевтың туындылары біздің еліміз үшін неліктен құнды?» сұрақ төңірегінде талқылау жүргізіп, ортақ пікір айтады.

3.4.2.4 (Ж) Мәтіннен негізгі және туынды етістіктерді табу.

Мәтіннен негізгі және туынды етістіктер таптырылады. Туынды етістіктер морфологиялық құрамына ажыратылады. Үлгі негізінде айту ұсынылады.

Үлгі: ізденді –туынды етістік, өйткені оның түбірі- із. «Із» сөзі – зат есім, оған -де, -н, -ді жұрнақтары жалғанып, қимылды білдіріп тұр. Сондықтан «ізденді» сөзі туынды етістік болады.

Көркем жазу: яИя      яИя      дария  тақия  қария 

Көзге арналған жаттығу (презентацияда берілген) 

3.​3.​1.​1* (Ө,Қ) Әңгімелеу мәтінін жазу.

Тірек сөздер: кәсіби мүсіншісі, туынды, талмай ізденді, ақыл-кеңес алу, еңбегі еленді, Мемлекеттің сыйлық, суретшілер одағы, шәкірттер.

Оқушылар мәтінге сүйене отырып, тірек сөздердің көмегімен әңгімелеу мәтінін жазады.

Дескриптор:

  • тірек сөздерді қатыстырып әңгімелеу мәтінін жазу;
  • туынды етістіктерді қолдану;
  • ұқыпты, қатесіз жазу.

(Ө,МК,Ж) Оқушылар өзіндік жұмысын орындайды. Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателеріне назар аудартылып, түзетіледі. Өзара тексеру ұйымдастырылады.

 

 

Сабақтың соңы

3 мин

Сабақтың мақсатына оралып, қорытынды жасалады.

  • Сабақта қандай жетістіктерің болды?
  • Қай тұстарды жақсарту қажет?

Үйге тапсырма: ресурстардың көмегімен Хакімжан Наурызбаев туралы басқа бір ақпарат және басқа да бір туындысын анықтау тапсырылады.

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойында сөйлем құруға, айтылымға қиналатын оқушыларға қолдау көрсету.

Комментарий арқылы ауызша кері байланыс беріп бағалау. Жазылымды өзара бағалау.

Көзге арналған жаттығу жасату. Жазу барысында дұрыс отыруларын қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу