Өнер Cуреттің негізінде жаңа әңгімелер жазу ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5-бөлім: «Өнер» | Мектеп: Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні : | |||||
Сынып: 3 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Cуреттің негізінде жаңа әңгімелер жазу | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) | 3.1.1.1 Тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру 3.3.2.1* хабарландыру, хат, іс-әрекеті баяндалған күнделік, өмірбаян жазу 3.3.8.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету 3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп әңгіме құрап айту. | |||||
Сабақ мақсаттары | Берілген мәтіннің негізгі бөлімдерін анықтау; оны түсіну және түсінгенін көрсете алу. | |||||
Бағалау критерийлері | Берілген мәтіннің негізгі бөлімдерін анықтайды; оны түсінеді және түсінгенін көрсете алады. | |||||
Тілдік мақсаттар
| Тақырыпқа қатысты сөздер мен сөз тіркестерін меңгереді, сөйлеу тілінде қолданады. Грамматикалық ерекшеліктерді ажыратады. Сауатты жазып, ауызша ойын жеткізе алады. | |||||
Құндылықтарды дарыту
| Оқушыларды іскерлікке, ізденіске, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі және әдебиеті | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Cуреттің негізінде жаңа әңгімелер жазу | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 7 минут | Ұйымдастыру кезеңі «Ыстық алақан» әдісі Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы тұрып, саусақтарын бір-бірден қосып, «Барлық істе саған сәттілік тілеймін!» деп айтады, алақандарын қосып, «Рахмет!» деп жауап береді. (Ұ,Ө) Көркем жазу минуты. Би өнері – әлемнің рухани елшісі. Мақалдың мағынасын ашу, кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі етіп көшіріп жазу. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.Бағалау критерийлерін анықтау. | Тақырыпқа байланысты суреттер | ||||
Сабақтың ортасы 5 минут 5 минут 10 минут 5 минут | (МК)Қосымша ақпарат Мақсаты:Би өнері жайлы оқушылардың түсініктерін кеңейту. Би өнерінің мәні неде? Би сөзсіз, тек бишінің дене қимылымен, бет-әлпетімен әңгімелейді. Әңгімені би тілімен жүргізу үшін бишінің ерекше табиғи қасиеті, дарындалығы болуы қажет және бұл өнер түрін көптеген жылдар бойы арнайы мектептер мен жоғары оқу орындарында оқуы қажет. Хореографиялық мектептердегі ең басты сабақ – ол классикалық би. Латын тілінен аударғанда «Үлгілі» деген мағынаны білдіреді. Классикалық биді біз балет деп атаймыз. Балет дегеніміз итальян тілінен аударғанда «Билеймін» деген мағынаны білдіреді. Балет, би, хореографиялық көріністердің авторын – балетмейстер деп атаймыз. Осылайша би өнерінің мәні – классикалық биде деп толығымен айта аламыз. Оқушылардың ойларын тыңдау. (МК)Биші Шара Мақсаты: Оқушыларға атақты биші Шара Жиенкулова туралы мағлұмат бере отырып, би өнеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
-Балалар, биші Шара туралы не айтуға болады? -Билеу барысында оның көңіл күйі мен сезімі жайлы не айтар едіңдер? (Ж,Қ)Тапсырма Мәтінді мұқият тыңда.Тірек сөздерді теріп жаз. Би үйірмесінде Қазақ халқының би өнері жақсы дамыған. Ол ғасырлар бойы өмір сүріп келеді. Қазақ халқының бишілері де көп болған. Мен де биші болғым келеді, сондықтан би үйірмесіне барып жүрмін. Сахна – бишілер үшін ең қастерлі, ең қасиетті орын. Би өнерінің жолы жеңіл емес екен, сондықтан би үйірмесіне жұма сайын барып тұрамын. Үйірменің жетекшісі – Майра апай өз уақытын аямай аптасына төрт рет бізге сабақ береді. Сабақтары өте қызықты. Би өнері – өте қиын өнер екен, сондықтан оны ұзақ үйрену керек. (Ө,Қ)Мәтіннен кейінгі жұмыс -Мәтін не туралы? 1)Мәтіннің кейіпкері кім болғысы келеді? А) әнші В) биші С) спортшы D) суретші 3)Майра апай деген кім? А) анасы В) мұғалімі С) үйірме жетекшісі D) сынып жетекші | Аудиожазба Сурет Таратпа парақтар | ||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия -Не білдік? -Не пайдалы болды? -Бүгінгі сабақта қандай қиындықтар болды? Бағалау Оқушылар өздерін «Табыс баспалдағында» өз орындарын анықтау арқылы бағалайды. | Стикерлер табыс баспалдағы | ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Оқушыларды мәтін мазмұнын болжап, топтық әңгіме құру жұмысына қатысуын бағалаймын.
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Дифференциациялық тасырма. Оқушыларға өздеріне орындай алатын тапсырманы таңдауға мүмкіндік беріледі.Әр бала өз деңгейіге сай тапсырманы орындайды. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекеттүрлері. | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқытутуралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?