1. Қазақ тілі 3-сынып 5-бөлім Өнер №82 сабақ_ Мазмұндама_ҚЫСҚАМЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Бөлімі: Өнер

Сабақ тақырыбы: №82 сабақ

Мазмұндама

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ршымбетова Г.А.

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;

3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;

3.3.3.1 өз бетінше оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып, мазмұндама жазу;

 Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар жасай алады:

  • жетекші сұрақтар көмегімен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
  • тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілей біледі, мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап береді;
  • тыңдаған материал бойынша бірлесіп жоспар құрады, үлгі бойынша мазмұндама жазады;

Оқушылардың көбі жасай алады:

  • тақырып пен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
  • тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілейді, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;
  • тыңдаған материал бойынша бірлесіп жоспар құрады, тірек сөздерді қолданып мазмұндама жазады;

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

  • тыңдаған материалынан тірек сөздерді өз бетінше табады, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтар құрастырады және нақты тұжырыммен жауап береді;
  • сурет бойынша жасаған болжамын негіздей алады;
  • тыңдаған материал бойынша жоспар құрады, мазмұндама жазады;

 Бағалау критерийлері

Жетекші сұрақтар арқылы мәтін мазмұнын болжайды;

Ашық, жабық сұрақтарға жауап береді;

Мәтінге жоспар құрастырады;

Жоспар бойынша мазмұндама жазады.

Тірек сөздер

Пәндік терминология мен тірек сөздер: мәтінді болжау, тірек сөздерді табу, мазмұндама жазу.

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

Қазіргі таңда Қажымұқан сияқты қазақ балуандары бар ма,

айта аласыңдар ма?

 Құндылықтар

Ерлікке, батырлыққа тәрбиелеу.

Алдыңғы меңгерілген білім

Өнер адамдары туралы біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

(Ұ) Шаттық шеңберіне тұрғызу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. «Ток жіберу» ширату жаттығуы ойналады. Мақсат оқушылардың

қозғалыс белсенділігін дамыту, өз әрекетін бақылауды меңгерту.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты сурет бойынша мәтін мазмұнын болжау, тыңдалған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілеп, мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру, жоспар құрып, мазмұндама жазу.

2-слайд

3- слайд

Сабақтың ортасы

5- минут

2-минут

3-минут

2-минут

1-минут

5-минут

12- минут

Негізгі бөлім

(Ұ) 3.1.2.1 берілген сурет бойынша, жетелеуші сұрақтар арқылы мәтіннің мазмұнын болжайды.

Тыңдалым алды тапсырма

Ал балалар, еске түсірейікші.

Бұл суретті қайдан көрдіңдер? Кім деп ойлайсыңдар?

Ол жөнінде не білесіңдер?Адамның күштілігін неден аңғардыңдар?

Дескриптор

- жетелеуші сұрақтар бойынша мәтін мазмұнын болжай алады;

- жасаған болжамын негіздей алады;

) 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру.

Тыңдалым.

1.Оқушыларға мәтін (Қажымұқан) оқып беріледі. Оқушылар мәтінді іштей оқиды. Сұраққа жауап береді, тірек сөздерді белгілейді.

Қажымұқан Мұңайтпасов – қазақ халқының тұңғыш кәсіпқой балуаны, әлем чемпионы. Бүкіл өмірін күреске арнаған жан.

1871 жылы Ақмола уезі Қараөткел аймағы Қоспа аулында дүниеге келген. Бала кезінен ол қайратты, алып болып өседі. Ол 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль алған. Ұлы Отан соғысы жылдарында көшпелі циркпен өнер көрсетіп, өзі жинаған 100 мың сом қаражатын қорғаныс қорына жіберді. «Қазақ даласының батыры» атағы берілді. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. 1978 жылы «Қажымұқан» атты екі бөлімді көркем фильм түсірілді. Қалқаман Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» хикаяты жарық көрген.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру:

(Баланы жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдыландыру)

  • Қажымұқан кім, қай жерде дүниеге келген?
  • Бала кезінде қандай болды?
  • Қажмұқан туралы қандай кинолар түсірілді?

Түртіп алу әдісі бойынша :

  • Оқушылар тыңдаған мәтіннен тірек сөздерді түртіп алады (Қажымұқан, әлем чемпионы, көшпелі цирк, көркем фильм, «Қазақ даласының батыры», «Құрмет белгісі» ордені )
  • Неліктен бұл сөздерді тірек сөздер деп ойлайсыңдар?

Тірек сөздер талқыланып, ашық сұрақтар қойылады.

  • Қазіргі таңда Қажымұқан сияқты қазақ балуандары бар ма, айта аласыңдар ма? Дәлелдеу.

Дескриптор:

    • мәтін бойынша сұраққа жауап береді;
    • тірек сөздерді белгілейді;

Сергіту сәті

(Ө) 3.3.3.1 өз бетінше оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып, мазмұндама жазу.

«Қажымұқан» мәтінін бөліктерге бөліп, мәтіннің басын, негізгі бөлімін ,соңын анықтайды, кестеге жапсырады. Әр бөлікке ат қояды.

Басы

Негізгі бөлімі

Соңы

Жоспар

  • Әлем чемпионы.
  • Қажымұқанның бала кезі.
  • Оның марапаттары.

(Ж, Ө, Қ) Мазмұндама жазу

Жұбымен ақылдаса отырып, жоспар бойынша мазмұндама жазады.

Жазған жұмыстарын өзара оқып тексереді.

  • Жоспарға сәйкес оқиға реті сақталған ба?
  • Сөйлем түсінікті әрі құрылымы сақталған ба?
  • Оқырманды қызықтыратын сөз тіркестері қолданылған ба?
  • Қате кездеседі ме?

Өзара кері байланыс: 2 жұлдыз, 1 тілек

Дескриптор:

- мәтінге жоспар құрастырады;

- мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес жазады;

- сөйлемдердің құрылымын сақтайды;

- орфографиялық нормаларды сақтап жазады;

- пунктуациялық нормаларды сақтап жазады.

4-слайд

https://kk.wikipedia.org/wiki/Қажымұқан_Мұңайтпасұлы

Қосымша №1

5-слайд

6-слайд

7-слайд

Қосымша№2

8-слайд

9- слайд

Қосымша №3

Сабақтың соңы

5- минут

Рефлексия. Сабақты қорытындылауда өзін-өзі бағалау кестесі қолдану.

Бағалау критерийі

Иә

Көмек қажет

Жоқ

Мәтінді сурет бойынша болжай аламын

Мәтін бойынша ашық, жабық сұрақтарға жауап беремін

Мәтіннен тірек сөздерді белгілей аламын.

Мәтінге жоспар құра аламын

Мазмұндама жаза аламын

10-слайд

Қосымша №4

Қосымша ақпарат

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Әр оқушының жауабы мадақталады. Қабілетті оқушылар тыңдалған мәтінге жоспар құруға көмек береді. Тірек сөздерді алған себебін түсіндіреді.

Оқу мақсаты бойынша алған білімді қорытынды бағалау жүргізілді.

Сергіту сәті өткізіледі.

Қауіпсіздік ережелерін сақтау:

жазу кезінде, тақтаға шығу кезіндегі қажеттігі ескертіледі.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу