3 сынып_5 бөлім_Өнер _Зат есімнің тәуелденуі 80 сабақ
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Қазақ тілі Бөлімі: 5 Өнер Тақырыбы: №80.Зат есімнің тәуелденуі | Мектеп: | |||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Каниева Нургуль Абилакимовна | |||||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | ||||||||||||||
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) | 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру; 3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу; 3.3.1.1 жоспар/сызбаны қолдана отырып, тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау мәтінін, көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрап жазу; 3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық) құрау/компьютерде теру. | |||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
| |||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||
Сөздік қор |
| |||||||||||||||
Құндылықтар | Қазақтың ұлттық аспаптардың ерекшелігін түснідіру және ұлттық аспаптарымыздың тарихын сақтауға тәрбиелеу. | |||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | дүниетану | |||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Мәтін түрлерін және тәуелдік жалғауларын қолдана алады | |||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Дереккөздер | ||||||||||||||
Сабақтың басы 1 минут 5 минут | Шаттық шеңбер Шеңбер болып тұрайық, жылы жүзбен, Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген. Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз, Үлгі алсын көрген жан бізден. Күлімдеген күн бүгін, Қарады маған. Күлімдеген күн бүгін, Қарады саған да. Шуағын төгіп тұр. Миға шабуыл (Т.) «Пазл» әдісі 1,2,3 санау арқылы топқа бірігеді. Әр топқа пазлдар берілді.Сол пазлда берілген суреттегі заттың атын атау.Заттың атын білдіретін сөзді жекеше, көпше түрде тәуелдеп атап беру. 1-топ: Қобыз 2-топ: Сырнай 3-топ: Домбыра | Слайд 3
Слайд 4 Қосымша 1 | ||||||||||||||
Сабақтың ортасы 10 минут 7 минут 2 минут 10 минут | 3.2.3.1 , 3.4.2.2 ( М.К Т ) 56-жаттығу «Пікірлер базары» әдісі Әр топ плакатқа(флипчарт) өздеріне берілген тапсырманы орындайды. Плакаттар қабырғаға ілінеді. Жауап беруге бір оқушы тұрады. Ал қалған оқушылар «Галерены шарлау» тәсіліндей аралап шығып өз пікірлерін стикер арқылы жазып, іліп кетеді. 1-топ: Өлеңді түсініп оқы. Сұрақтарға жауап бер.(қолдау қажет ететін деңгей) 1. Ғарышқа ұшу қалай пайда болды? 2. Адам қайықты қалай ойлап тапты? 3. Бу мәшинесі қалай дүниеге келді? 2-топ: Адам табиғат құбылыстарының тағы нені үйренуі мүмкін екенін топта талқылап жаз.( қабілеті жоғары деңгей) 3-топ: Өлеңнен тәуелдеулі сөзді тап. Сол сөзді үш жақта жекеше, көпше түрде тәуелдеп жаз.(аралас деңгей) Дескриптор: -сұрақтарға жауап береді -табиғат құбылыстарынан нені үйренетінін жазады -тәуелдеулі сөзді жекеше, көпше түрде тәуелдейді Қ.Б: топтар бір-бірін стикер арқылы бағалау Саралау: «Жіктеу» тәсілі - мүдделері ұқасас оқушылар (мысалы, қиындық деңгейі немесе қолдау деңгейі). Тапсырмаларын өз деңгейлерінде орындай алуларын саралау. 3.4.2.2 (Ж ) 57-жаттығу «Тапқыштар» әдісі Сөзжұмбақы шеш.Сөзжұмбақтың шешуіндегі сөзді тәуелдеп жаз. 1. Құйрығы айыр құс. 2. Балды жақсы көретін аң. 3 Оқу құралы. 4. Қысы-жазы жасыл түстегі ағаш. 5. Жаңбырдан кейін шығатын түрлі түсті доға. Жауап: Шатыр Дескриптор: -сөзжұмбақты шешеді -шатыр сөзін тәуелдеп жазады Қ.Б: мадақтау арқылы Саралау: «Дереккөздер» тәсілі Баспадан шыққан дереккөзді қолдана білулері сараланады. Сергіту сәті: Бейнежазба «Адырна» Адырнаның дыбысын тыңдау және музыкалық аспаптың қалай жасалтынын көру. 3.3.1.1, 3.3.4.1 (М.К Ж.Ж) 58-жаттығу «Бұл қандай әңгіме?» әдісі
1. Сонан кейін мүйізге жағалай құлақтар бекітіліп, ішектер байланады. 2. Адырнаны дайындау үшін, алдымен ағаштан құрап шанақ, мүйіз жасайды. 3. Дайын болған аспапты екі тізенің үстіне қойып, оң қол және сол қол саусақтарымен ойнайды. 4. Сонан соң шанақтың асты-үсті терімен қапталады.
Дескриптор: - реттілігін сақтап мәтін құрастырады - сөздерді қолданып мәтін құрастырады Қ.Б: жұптар бір-біріне «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы кері байланыс береді Саралау: «Қарқын» тәсілі Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушыларды саралау | Слайд 5 Слайд 6 Слайд 7 https://www.youtube.com/watch?v=nfDy9rtMk9Y Слайд 8 | ||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия. «Жетістік» әдісі Оқушылардан мына сөйлемдерді толықтыру сұралады: 1. Мен мына үш жағдайда жетістікке жеттім деп ойлаймын... 2. Мен келесі жолы мұны тіпті жақсырақ орындай алар едім, егер ... 3. Егер мен мұны қайта орныдайтын болсам және оны өзіме тиімді етіп бейімдер болсам, онда мен ...... жасар едім. Үй тапсырмасы: 59-жаттығу | Слайд 9 Слайд 10 | ||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||
«Жіктеу» тәсілі - мүдделері ұқасас оқушылар (мысалы, қиындық деңгейі немесе қолдау деңгейі). Тапсырмаларын өз деңгейлерінде орындай алуларын саралау. «Дереккөздер» тәсілі Баспадан шыққан дереккөзді қолдана білулері сараланады «Қарқын» тәсілі Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушыларды саралау | Қ.Б: топтар бір-бірін стикер арқылы бағалау Қ.Б: мадақтау арқылы Қ.Б: жұптар бір-біріне «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы кері байланыс береді Кері байланыс: «Жетістік» әдісі | Топтық және оқу құралдарын қолдануда қауіпсіздік ережелерін сақтау | ||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?