3 сынып_5 бөлім_Өнер _Зат есімнің тәуелденуі 79 сабақ
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Қазақ тілі Бөлімі: 5 Өнер Тақырыбы: №79.Зат есімнің тәуелденуі | Мектеп: | |||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Каниева Нургуль Абилакимовна | |||||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | ||||||||||||||
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) | 3.2.6.1 мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін/стилін (көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін)/жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу; 3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу; 3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық) құрау/компьютерде теру. | |||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
| |||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||
Сөздік қор |
| |||||||||||||||
Құндылықтар | Қазақтың дәстүрін үйрету және ұрпақтан ұрпаққа жалғастыруға тәрбиелеу | |||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | дүниетану | |||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Мәтін түрлерін және тәуелдік жалғауларын қолдана алады | |||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Дереккөздер | ||||||||||||||
Сабақтың басы 1 минут 5 минут | Шаттық шеңбер Қуанамын мен де Қуанасын сен де Қуанайық достарым Арайлап атқан күнге Миға шабуыл (Ұ.) Сөзжұмбақ «Әріптерді қосып оқыңдар» Төмендегі әріптерге сол жағындағы дауыссыз дыбыс әріптерінің ортасына немесе алдына, соңына, оң жақтағы дауысты дыбыс әріптерін қосып оқыңдар. Сонда мақал шығады.
(Қол өнері- кілемде, Сөз өнері- өлеңде.) Бүгінгі сабақтың тақырыбымен және мақсатын танысыру. -Зат есімнің тәуелденуі және қазақ елінің қол өнері туралы танысамыз. | Слайд 3
Слайд 4 Қосымша 1 | ||||||||||||||
Сабақтың ортасы 10 минут 7 минут 2 минут 5 минут | (М.К Ұ) 3.2.6.1 52-жаттығу «Данышпан үкілер» әдісі 1.Мәтінмен жұмыс істеудің негіздері. Екі мәтіннен негізгі (жаңа) ұғымдарды тауып, оларды алфавиттік ретте жазыңыз. Мәтіннен сіз күтпеген, сіздің бұрыңғы ұғымдарыңызға қарсы тұрған ақпаратты табыңыз. Сізге жаңалық болған ақпаратты жазыңыз. 2. Маңызды өмірлік даналық Екі мәтіннің негізгі ойын бір сөйлеммен білдіріңіз. 3. Таныс және таныс емес. Мәтіннен сізге алдында таныс болған және мүлдем таныс емес ақпаратты табыңыз. 4. Иллюстрациялық бейнелеу. Мәтіннің негізгі ойын сурет, сызба, карикатура т.б арқылы бейнелеп көріңіз. 5. Үлгі боларлық қорытынды Оқыған мәтіннен келешекте қажет болатын маңызды қорытынды шығаруға бола ма? 6. Талқылауға арналған маңызды тақырыптар. Екі мәтіннің жанрын анықта ( көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін). Текемет қай мәтінде нақты, қай мәтінде бейнелі сипатталған? Дескриптор: -мәтіннен жаңа сөзді анықтайды -екі мәтіннің жанрын атайды -бейнелі мәтінді анықтайды Қ.Б: жақсы, жарайсың сөздері арқылы Саралау: «Дереккөздер» тәсілі Дереккөздердің ауқымы талқылауға негіз болатын мәтіндерден бастап, анағұрлым қиын сөздерді және күрделі идеяларды түсіндіре алуын саралау 3.4.2.2, 3.3.4.1 (Ж.Ж) 53-жаттығу «Салыстыр» әдісі Оқы. Түбір сөздерді тәуелденген сөздермен салыстыр.Түбір сөздер тәуелденгенде қандай өзгеріс байқадың? Бұл сөздердің жазылуын есіңе сақта. Осы тәуелденген сөздермен сөйлем құрастырып айтып көр. білек-білегім аспап-аспабым
моншақ-моншағым тарақ-тарағы халық-халқы әріп-әрпім (М.К) Ереже: Тәуелдік жалғау жалғанғанда түбір сөздің соңындағы қатаң п, к, қ дыбыстары ұяңға өзгереді: доп-добы, жүрек-жүрегі, қалақ-қалағы. Тәуелдік жалғау жалғанғанда кейбір түбір сөздердің жазылуы өзгереді: халық-халқы, әріп-әрпі. Дескриптор: -сөздерді салыстырады -сөздердегі өзгерістерді анықтайды -тәуелденген сөздермен сөйлем құрастырады Қ.Б: мадақтау арқылы Саралау: «Қарқын» тәсілі Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі. Сергіту сәті: «Егіздер ме?» Кей заттар бір-біріне сыртқы көрінісі бойынша қатты ұқсайды, ал кейбірлері бірдей әрекет етеді. Енді кейбірлері бір-біріне қатты ұқсамаса да, қызметтері ұқсас болуы мүмкін. Төменде берліген заттар бір-біріне қалай ұқсайтындарын түсіндір. 1. Жемпір / көрпе 2. Жел / су 3. Балық / сабын 4. Қуыршақ /сабын 5. Жаңбыр / көз жасы 6. Арыстан / бүркіт 7. Тарақ / ара 8. Көктем / жастық шақ 9. Сұлы / нан 3.3.4.1 (Ж) «Суретті сөйлет» әдісі Суреттің және тірек сөздердің көмегімен «Ісмер» тақырыбына мәтін құрастырып жаз. Құрастырылған мәтінніңнен тәуелдеулі сөздерді тауып, астын сыз. Тақырып: Ісмер Тірек сөздер: тұскиіз, бөлме қабырғасын сәндеу, ұлттық жиһаз, ісмер, түсті жіп, кестелеу, ұсақ моншақтар, алтын зерлі жіп, өрнек, сән беру. Дескриптор: -мәтін құрастырады -тәуелдеулі сөздерді тауып, астын сызады Қ.Б: жұлдызшалар арқылы Саралау: «Қорытынды» тәсілі Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады. | Слайд 5 Қосымша 2 Слайд 6 Слайд 7 Слайд 8 Слайд 9 | ||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия. «Сабақ мазмұны бойынша ойыңды білдір»
Үй тапсырмасы: 54-жаттығу | Слайд 10 Слайд 11 | ||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||
«Дереккөздер» тәсілі Дереккөздердің ауқымы талқылауға негіз болатын мәтіндерден бастап, анағұрлым қиын сөздерді және күрделі идеяларды түсіндіре алуын саралау «Қарқын» тәсілі Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі. «Қорытынды» тәсілі Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады. | Қ.Б: жақсы, жарайсың сөздері арқылы Қ.Б: мадақтау арқылы Қ.Б: жұлдызшалар арқылы Керібайланыс: «Сабақ мазмұны бойынша ойыңды білдір» | Топтық және оқу құралдарын қолдануда қауіпсіздік ережелерін сақтау | ||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?