1.Қазақ тілі 3 сынып_5 бөлім_Өнер _ 77-сабақ қысқа мерзімді жоспар
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Қазақ тілі Бөлімі: 5-бөлім: 77-сабақ Өнер Тақырыбы: Зат есімнің тәуелденуі | Мектеп: | ||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Каниева Нургуль Абилакимовна | ||||||||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | |||||||||||||||||
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) | 3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау; 3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу; 3.2.5.1 берілген тақырып/сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін/сөздік/ сызба/кесте/карта) алынған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау. 3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау; | ||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
| ||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | -Тақырып бойынша әңгіме құрайды -Туынды зат есімдерді анықтайды -Тәуелдік жалғауларын қолданады | ||||||||||||||||||
Сөздік қор |
| ||||||||||||||||||
Құндылықтар | Ұлттық бұйымдардың жасалу жолдарын білу және құрметтеу | ||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | дүниетану | ||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Зат есімнің тәуелдік жалғауларын біледі | ||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Дереккөздер | |||||||||||||||||
Сабақтың басы 2 минут 5 минут | Психолгилық ахуал (Ұ.) «Сәлеметсің бе?» Оқушылар кезек-кезек көршісінің аттас саусақтарына қолын тигізеді.Бас бармақтан бастайды: -Мен саған тәлеймін (бас бармағын тигізеді); -Табыс (сұқ саусақ); -Үлкен (ортаңғы); -Барлығында (атаусыз); -Барлық жерде (шынашақ); -Сәлеметсің бе! (алақанын тигізеді) Миға шабуыл (Т.) Бір, екі, үш деп санай отырып үш топқа біріктіріледі. Үш топқа жұмбақ беріледі. 1-топ Әжемнiң қалпақты таяғы, Қолына алса жүгiрер, Шорланып белi бүгiлер. (Ұршық) 2-топ Жүнді жайып өрнектеп, шиге орап тептік төпелеп. Сосын аштық көрмек боп, дап-дайын тамаша (Текемет) 3-топ Ұқсайтын шеңберге қабырғасы жиылып,керіледі. Жиһазы мол кең бөлме, төбесінен жұлдыздар көрінеді (Киіз үй) Жұмбақтың жауабын үш жақта тәуелдеп беру
| Слайд 3 Слайд 4 Қосымша 1 | |||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 2 минут 8 минут 8 минут 10 минут | М.К Ережені еске түсіру Ережемен жұмыс Заттың біреуге меншікті екенін білдіретін жалғауларды тәуелдік жалғаулар деп атайды:Өнер-ін, әке-м, әже-ң, ат-ы, ата-сы. Тәуелдік жалғаулар үш жақта, жекеше және көпше түрде айтылады: дос-ым, дос-ың, дос-ыңыз, дос-ы; дос-ымыз, достар-ың, достар-ыңыз, достар-ы. Есіңе сақта! Зат есімнің тәуелдік жалғаулары
44-жаттығу (Ж) «Галерея» әдісі Үш түрлі сурет ілінеді.Сол суреттер бойынша жұптар әңгіме құрастыру қажет. Сурет бойнша әңгіме құрастыр. Әңгімеде тәуелдеулі және туынды зат есімдерді пайдалан. -Бірінші суретте не бейнеленген? -Кілемді тоқу үшін қандай құралдар керек деп ойлайсың? -Екінші суретте қандай ыдыс түрлері бейнеленген? -Ол ыдыстарды қандай материалдан жасайды? -Үшінші суретте қандай ұлттық бұйым жасалуда? Дескриптор: -әңгіме құрастырады -тәуелдеулі және туынды зат есімді қолданады Қ.Б: жұптар бір-бірін бас бармақ арқылы бағалайды Саралау:қабілетті оқушылар берілген сурет бойынша әңгіме құрастыруын саралау 45-жаттығу (Ж) «Ойлан,тап» әдісі Мәтінді тиісті тыныс белгілерін қойып көшіріп жаз.Тәуелдік жалғаулы зат есімдердің астын сыз. Ақши – Әминаның ауылы ауылда ши өседі Әмина бір бума ши әкелді шешесі одан ши тоқыды ши тоқу өнер. Дескриптор: -тиісті тыныс белгісін қояды -тәуелдік жалғаулы зат есімдерді анықтайды -тәуелдік жалғаулы зат есімдердің астын сызады Қ.Б: түсті жұлдызшалар арқылы Саралау:тапсырмаларды орындаудада көмек қажет ететін оқушыларға қолдау көрсетіледі 46-жаттығу (Т) Бейнежазба көрсету «Кластер» әдісі Киіз үйдің жасалу жолдарымен танысу және кластер құрсатыру. Ши сөзін үш жақта тәуелдеп жаз. 1-топ Үйдің сүйектері(ағаштан жасалған бөліктері) 2-топ Киіздері (ши де осыған жатады) 3-топ Арқан-баулары (баулары, басқұр және арқандары) Дескриптор: -киіз үйдің құрылымын талдайды -кластер құрастырады -ши сөзін үш жақта тәуелдейді Қ.Б: топтар бір-бірін бас бармақ арқылы бағалайды Саралау:тапсырманы орындауда кейбір оқушылардың жылдамдығын саралау | Слайд 5 Слайд 6 Слайд 7 Слайд 8 Қосымша 2 Слайд 9 https://www.youtube.com/watch?v=Dkm6Z4k2kCI https://www.youtube.com/watch?v=4VXt6zhTAVU Қосымша 3 | |||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия «5-5-1» әдісі Бүгінгі өткен тақырыпты бес сөйлеммен қорытындылаңдар. Үйге тапсырма: Ақ ши және ораулы ши туралы дереккөздерден жазу. | Слайд 10 Слайд 11 | |||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||
Қабілетті оқушылар берілген сурет бойынша әңгіме құрастыруын саралау. Тапсырмаларды орындаудада көмек қажет ететін оқушыларға қолдау көрсетіледі. Тапсырманы орындауда кейбір оқушылардың жылдамдығын саралау | Қ.Б: жұптар бір-бірін бас бармақ арқылы бағалайды Түсті жұлдызшалар арқылы Топтар бір-бірін бас бармақ арқылы бағалайды | Топтық жұмыста, «Галерея» әдісінде техника қауіпсіздігін сақтау | |||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды