2.Қазақ тілі_3-сынып_5-бөлім_Өнер_9-сабақ_Тәуелдік жалғ. көпше және жекеше түрлері_Презентация
«Қазақ тілі» пәні
3-сынып
Бөлім: Өнер
Сабақ тақырыбы:
№ 9-сабақ. Тәуелдік жалғауының
көпше және жекеше түрлері
(«Қазақ тілі» 3-сыныпқа арналған оқу жоспары. 2018-2019 оқу жылы. «НЗМ» ДББҰ)
Құрастырған: Каирова К. У.
3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету
Оқу мақсаттары:
тәуелдік жалғауларының қолданысын біледі;
өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтайды;
кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады, жазу қарқынын жеделдетеді;
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ
Ой шақыру
• Буратиноға тәуелденген сөзді табуға көмектес.қолы: қол - түбір,- ы – ІІІ жақ, тәуелдік ж. жекеше түрде,
сөзі: сөз – түбір, - і - ІІІ жақ, тәуелдік ж. жекеше
Тәуелдік жалғау – сөзді қатынасқа түсіретін қосымшаның бір түрі. Тәуелдік жалғау заттың біреуге немесе бір нәрсеге тәуелді ( меншікті) екенін білдіреді. Тәуелденетін зат 3 жақтың біріне меншікті болып тұрады. Сол себепті,тәуелдік жалғауының 3 жағы және әр жақтың өзіне тән жалғаулары болады
ЕСІҢЕ САҚТА!
Күрделі мәселе – түбір сөзге дауысты дыбыстан басталған тәуелдік жалғауы жалғанғанда, түбір сөздің соңғы буынындағы ы, і дыбыстарының түсіп қалатындығы.
Мысалы:
халық + ым – халқым
ауыл + ым – аулым
бөрік + ім – бөркім
Мәтінмен жұмыс.
...........................................
Ата-бабамыз ұлды өздерiндей еңбексүйгiш, әншi, күйшi, аңшы — бесаспап азамат етiп тәрбиелеудi мақсат еткен. Жiгiттiң бойына өнер мен еңбектi, адами қасиеттердi қатар сiңiрген. Ер баланы бес жасынан бастап азамат болғанға дейiн тұрмысқа қажеттi бұйымдар жасауға, қолөнер шеберлiгiне баулыған. Әсiресе әкелерi мен аталары ұлдарға мал жаюдан бастап шаруаның түрін үйретiп баққан.
Себебі қазақ баласы осыған лайықты деп топшылаған.
Сөздерді жекеше, көпше түрде тәуелдеп жаз:
Шығармашылық диктанттың дұрыс нұсқасы
Көп нүктенің орнына тиісті тәуелдік жалғауларын қойып жаз.
1. Әсеттің қарындасы шебер суретші. 2. Әжем кілем тоқуды үйретті. 3. Сенің інің менің інімнен бір жас кіші.
4. Сіздің даусыңыз маған ұнады. 5. Өнерлінің қолы ортақ.
1-деңгей Сөздерді сәйкестендір
Әнім-------Оның
Биі-------Сіздің
Өнеріңіз------------Менің
Туған жерің ---------Олардың
Суретшісі------------Біздің
Өнерпаздарымыз---------- Сенің
2-деңгей Тест
Тәуелдік жалғау нені білдіреді?
а) заттың көп екенін
ә) заттың біреуге тән екенін
б) жіктелуін
Тәуелдік жалғауларды белгіле:
а) –ның, -нің, -дың, -та, -те, -ба
ә) –м, -ым, -ім, -ың, -ің, -ыңыз, -іңіз, -ы, -і
б) –лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер
3-деңгей Тәуелдік жалғаулы сөздерді белгіле.
Үш бақытым
Ең бірінші бақытым - халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
Ал, екінші бақытым - тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей - кейде дүниеден түңілсем де
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші - Отан деген,
«Кім мықты?» десе біреу Отан дер ем.
Оты сөнген жанғанда жан барсың ба
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.
Мұқағали Мақатаев
Саралау тапсырмалары.
Саралау тапсырмаларының жауабы
Тәуелдік жалғауларды қолдана білемін.
Мәтіннің тақырыбын және негізгі ойын анықтаймын.
Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, біркелкі жазамын
МЕН:
Үй тапсырмасы
Палуан, азамат, өнерпаз сөздерін
жекеше, көпше түрде тәуелдеп жазу.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?