1. _Қазақ тілі 3 сынып_5 бөлім_Өнер _Мазмұндама
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Қазақ тілі Бөлімі: 5 Өнер Тақырыбы: №11.Мазмұндама | Мектеп: | |||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Каниева Нургуль Абилакимовна | |||||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | ||||||||||||||
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) | 3.3.3.1 өз бетінше оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып, мазмұндама жазу 3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, орфографиялық сөздік пен анықтамалық арқылы түзету 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру 3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау | |||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
| |||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||
Сөздік қор |
| |||||||||||||||
Құндылықтар | Еңбекқорлық пен шығармашылық арқылы өз ұлттық өнерімізді дәріптеу. Әр ұлттық аспаптың жасалу жолдарын білуге тәрбиелеу | |||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Дүниетану, әдебиет | |||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Туынды, негізгі зат есімдерді ажыратады | |||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Дереккөздер | ||||||||||||||
Сабақтың басы 1 минут 4 минут | Шаттық шеңбер Қуанамын менде, қуанасың сен де.Қуанайық достарым, арайлапатқан күнге.Бүгінгі күніміз сәтті өтсін.Бәріңе сәттілік тілеймін! 3.2.3.1 Миға шабуыл (Ұ.) «Сұрақты ұстап ал!» әдісі Фасоль салынған қапшықты лақтыру арқылы сұрақтар қойылады. 1-сұрақ: Мазмұндама дегеніміз не? 2-сұрақ: Мазмұндама қалай баяндалады? 3-сұрақ: Жоспар қалай баяндалу керек? 4-сұрақ: Қатесіз жазу үшін нені білуіміз керек? 5-сұрақ: Сөйлемнің байланысы болу үшін нені дұрыс қолдануымыз керек? (жауап) 1.Мазмұндама дегеніміз белгілі бір шығарманың (мәтіннің) мазмұнын ауызша немесе жазбаша түрде баяндап беру. 2.Мәтін мазмұнының бұрмаланбай, рет-ретімен баяндалуы. 3.Жоспардың әр тармағы өз дәрежесінде толық баяндалуы. 4.Емле, тыныс белгісі ережелерінің дұрыс қолданылуы мен жазу каллиграфиясының сақталуы. 5.Сөздердің дұрыс қолданылуы мен сөйлемдердің үйлесімді болуы. Мазмұндама мәтінімен танысу: «Өнерлі бала» | Слайд 3
Слайд 4 | ||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 5 минут 7 минут 5 минут 4 минут 5 минут | 3.3.3.1 1-тапсырма (М.К Ұ) Мәтінді түсініп оқу.
Өнерлі бала Сұрғылт дала төсінде бір қора қой жайылып жүр. Қой соңында жас қойшы, жанында арлан қасқырдай екі төбет. Ол сылти басып бір бұтаның түбіне келді де, отыра кетті. Беліндегі торсыққа қоса байланған томарды шешіп, қолына алды да, сәл ойланып отырды. Содан кейін томарды екі тізесінің арасына қойып, кездігімен үңгілеп оя бастады. Қу томарды үңгілеп не істемек? Жас бала әлде қой сауатын тостаған жасамақ па? Бала лақтарды қойларға қосты да, баяғы қу томарды жаңадан үңгілеуге кірісті. Үңги отырып, әлденендей әуезді ысқырып ойнай бастады... Кейде жұмысын сәл тоқтатып, томардың сыртын даңғырлатып соғып-соғып қояды. Осы даңғырға қосылып, ернімен жаңа күйдің сарынын ойнайды... Әбу Сәрсенбаев Дескриптор: -мәтінді түсініп оқиды Саралау: «Қарқын» тәсілі Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді. 2-тапсырма ( Ж.Ж) « Ойлан. Жұптас. Пікірлес!» Сұрғылт дала, арлан қасқырдай екі төбет, сылти басу, қу томар, кездік, үңгілеп ою, әуез, сарын сөздерінің мағынасын жұптарда талқылау. Дескриптор: -сөздердің мағынасын талқылайды Қ.Б: мадақтау арқылы 3.3.3.1 3-тапсырма (Ұ) Оқушылар мәтінді талдай отырып, жоспар құру керек. Жоспар:
Дескриптор: -мәтіннің мазмұнын талдайды -жоспар құрастырады 3.3.3.1 4- тапсырма (Т) Жоспар бойынша мазмұндау. 1-топ «Қой баққан бала» туралы мазмұндау 2-топ «Қу томарды үңгілеу» туралы мазмұндау 3-топ «Бала күйші» туралы мазмұндау Дескриптор: -жоспар бойынша мазмұндайды Саралау: «Қорытынды» тәсілі - Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады ( М.К) Ережені еске түсірейік: Зат есім негізгі және туында болып бөлінеді. Негізгі түбірден болған зат есімді негізгі зат есім дейді: ана, бала, кесте, көз. Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім дейді: іскер, суретші, оқулық. 3.3.5.1, 3.4.2.4 5-тапсырма ( Ө.Қ) Жоспар бойынша мазмұндама жазу, туынды зат есімдерді сөз құрамына талдау. Қойшы Дескриптор: - сөз құрамына ажыратады -жұрнақтарын белгілейді Қ.Б: көңілді смайликтер арқылы 3.2.3.1 (Т.) «ВЕЕР» әдісі Қағазды веер пішінінде бүктеп, үш топ бір бөлігіне сұрақ жазып, екінші бөлігін жауапқа қалдырап отырады.Кейін топтар бір-бірінің веерін алып сұраққа жауап жазу керек. «Өнерлі бала» мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру. Топ пайымдауларын ортаға салу. 1-топ 2-топқа 2-топ 3-топқа 3-топ 1-топқа Дескриптор: -сұрақтар құрастырады -сұрақтарға жауап береді Қ.Б: топтар бір-біріне екі жұлдыз арқылы кері байланыс береді Саралау: «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі - Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады | Қосымша №1 Слайд 5 Қосымша №2 Слайд 6 Қосымша №3 Қосымша №4 Слайд 7 Слайд 8 Қосымша №5 Слайд 9 Слайд 10 | ||||||||||||||
Сабақтың соңы 4 минут | Рефлексия «Борт журналы» әдісі
| Слайд 11 | ||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||
«Қарқын» тәсілі - Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді. «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі - Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады | Қ.Б: мадақтау арқылы Қ.Б: топтар бір-біріне екі жұлдыз арқылы кері байланыс береді Кері байланыс: «Борт журналы» әдісі | Топтық және оқу құралдарын қолдануда қауіпсіздік ережелерін сақтау | ||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?