Қазақ тілі 3-сынып 5-бөлім Өнер Кітап жайында қысқаша әңгіме жазу ҚМЖ


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім:«Өнер»

Мектеп:ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні :

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы

Кітап жайында қысқаша әңгіме жазу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

3.3.1.1* сурет, жоспар, сызбаны қолдана отырып, тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау мәтінін/ көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрап жазу

3.3.6.1* мұғалімнің қолдауымен сызба, график, кесте, фотосуреттермен мәтін (хабарлама, шақыру, жарнама, презентация) құрастыру

3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау

3.3.7.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық және әріптік қателерді мұғалімнің көмегімен тауып түзету және шағын мәтінді жетілдіру

 Сабақт мақсаттары

Сөйлеутілінжетілдіру, сөздігінбайыту, сөйлемдердідұрысқұрып, өзойынайқын, дәлжеткізугеүйрету. Сауатты, көркемжазуғатөселдіру.

 Бағалаукритерийлері

Сөйлемдердің ара жігін ажырата алады және сөйлем түрлеріне қарай тиісті тыныс белгісін қояды.Негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтайды.

 Тілдікмақсаттар

 

Тақырыпқа қатысты сөздер мен сөз тіркестерін меңгереді, сөйлеу тілінде қолданады. Грамматикалық ерекшеліктерді ажыратады. Сауатты жазып, ауызша ойын жеткізе алады.

 Құндылықтардыдарыту

 

 

Оқушылардыіскерлікке, ізденіске,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

 Пәнаралықбайланыстар

Қазақ тілі және әдебиеті

Алдыңғы меңгерілген білім

Сабақбарысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтажоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Мақсаты:Оқушылардың көңіл күйін реттеу.Жағымды көңіл күй орнату.

Қазақ тілі сабағының ұранын айтқызу.

Қызығушылық мотивациялық кезең

Мақсаты:Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту арқылы сабақтың тақырыбын ашу.

-Балалар,Абай Құнанбайұлы жайлы не білеміз?

-Кітап жайлы айтқан сөзін қалай түсінесіңдер?

-Бүгінгі сабағымыз не туралы болмақ?

Оқушылардың жауаптарын тыңдау

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Мақсатына қарап бағалау критерийлерін анықтау.

Көркем жазу сәті

Жоғарыда нақыл сөзді сауатты, көркем етіп көшірту.

Жұмбақтар

Сабақтың ортасы

5-35 минут

(МК,Т,Қ)Суретпен жұмыс

Мақсаты:Оқушыларды сурет мазмұны бойынша әңгімелеу, сипаттау, пайымдау мәтінін құруға төселдіру.

Алдын-ала жұмыс:Әр топқа кітаппен байланысты суреттер беріледі.Оқушылар сурет бойынша әңгіме жазу үшін тірек сөздерді белгілеп жазады.Оқушылар сурет мазмұны бойынша әңгіме жазу үшін өздеріне қажетті тірек сөздерді белгілеп жазады.Жазған тірек сөздерді мәтін құру барысында пайдаланады.

Әңгіменің құрылымдық бөліктерін сақтау үшін оқушыларға төмендегі сұрақтар қойылады.

-Осы оқиғаға дейін не болды деп ойлайсыңдар?

-Қазір не болып жатыр?

-Оқиға немен аяқталды деп ойлайсыңдар?

Әңгіме құру барысы:Әңгімені құру барысында топтағы оқушылар тізбек бойынша тұрып, әңгіменің құрылымын сақтай отырып, бірін –бірі жалғастырып сөйлемдер құрастырып айтады.

Дефференциация:Мотивациясы жоғары оқушыларға әңгіме құру барысында мәтіннің үш түрін пайдалануды ұсыну.

Әңгімеден кейінгі жұмыс:Оқушылардың құрылған әңгімесі талданады, қате жерлері түзетіледі.

Сергіту сәті.Мынау менің жүрегімОсыдан бәрі басталадыМынау менің басымОсы бәрін басқарадыМенің оң қолымМынау менің сол қолым1, 2, 3 біз жинаймыз күш.

(Ө,Ж,Қ)Жазба жұмысы

Оқушылар берілген суреттер бойынша 1-1 сөйлемнен барлығы 4 сөйлем құрастырып жазады. Сөйлемдерден негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтап, астын тиісті сызықтармен сызады. Жұбына сөйлемдерін оқып, талдайды.Жұбымен дәптерлерімен ауысып, жіберілген пунктуациялық, орфографиялық және әріптік қателерді тексеріп, түзетеді, бірін-бірі күлегештер арқылы бағалайды.

Суреттер

күлегештер

Сабақтың соңы

35-40 минут

Рефлексия.

Сабақтың басында құрылған бағалау критерийлеріне қайта оралу.

Бағалау

Өзімнің жұмысыма риза болсам (қол соғу)

Әліде тырысу керек десем (аяқпен топылдату)

Үйге тапсырма:Әңгімелеу, сипаттау, пайымдау мәтінін пайдалана отырып, кітапқа жарнама құрастыру.

Бағалау критерийлері

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциациялық тасырма. Оқушыларға өздеріне орындай алатын тапсырманы таңдауға мүмкіндік беріледі.Әр бала өз деңгейіге сай тапсырманы орындайды.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекеттүрлері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңызтуралысолжақбағандаберілгенсұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқытутуралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу