Қазақ тілі және әдебиеті 3 сынып 4-бөлім Сәулет өнері Шытырман оқиғаларды зерттеу ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Пән: қазақ тілі және әдебиеті Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4 бөлім: Сәулет өнері Сынып:3 А | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Иманбаева Н. З. Қатысқаны: Қатыспағаны: | |||||||
Сабақ тақырыбы | Шытырман оқиғаларды зерттеу. Шығыс моншасы Түбірлес сөздер | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау; 3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату . | |||||||
Сабақ мақсаттары | өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау; негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату . | |||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||
Сөздік қор | суағар, оттық, тапшан | |||||||
Құндылықтарды дарыту | Топтық, жұптық жұмыс арқылы оқушылардың бойында достық,жолдастық, сыйласымдылық, адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру; Өздеріне деген сенімдерін,жұмыс орындау барысында жауапкершілікті арттыру; | |||||||
Мектеп миссиясы мен мектеп пайымдауы және жаһандық азаматтықтың іске асуы |
| |||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, ғылымға кіріспе | |||||||
АКТ | Презентация | |||||||
Ресурстар | Стикерлер немесе түрлі түсті қағаз, желім, «Кездесу сағаты» жұмыс парағы немесе ақ парақтар | |||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді біледі. | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақ тың жоспар ланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурс тар | ||||||
Сабақтың басы 3 минут | Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың мақсатымен таныстыру | Презентация | ||||||
Сабақ ортасы 35 минут | Ойымызбен бөлісейік Бұл тапсырмаға «Ереуіл» әдісі таңдалады.
Содан кейін оларға стикерлер немесе түрлітүсті қағаз бен желім таратып береді. Олардан қосымша құралдарды қолдана отырып, митинг транспарантын жасауды сұрайды. Транспаранттарға қойылған сұрақ бойынша идеяларын жазады. Оқушылар «бейбіт ереуілге» шығып, сыныпты аралап жүріп, өз идеяларымен бөліседі. Ықтимал жауаптар. Бұл – Түркістан қаласында мәрмәрдан салынған өте ерекше шығыс моншасы, сәулет өнері ескерткіші. (Ж) Оқиық. Тaпcыpмa нeгiздeмeci: Оқушылapдың oқылым дaғдылapын дaмытуғa бағытталады. Осыдaн кeйiн оқушылар кeлeci сурет пен мәтінді caлыcтыpу тaпcыpмacын opындaуғa дaйын бoлaды. Тапсырманы орындату үшін INSERT әдісі қолданылады. Бұл әдіс бойынша оқушыға оқу барысында: V – «білемін», — – «мен үшін түсініксіз», + – «мен үшін жаңа ақпарат», ? – «мені таң қалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. Жұп iшiндe шығыс моншасы туралы мәтiнді зерттеп oқиды. Оқып бoлғaннaн кeйiн мәтінге ат қояды. Ол үшін әр оқушы тақырып болатын өз нұсқасын ұсынады, жауабын мәтінге негіздеп дәлелдейді. Мәтіннің негізгі ойын анықтау үшін қорытынды сөйлемді тауып, талқылайды. Ықтимал жауаптар. «Мәрмәр монша», «Ғажайып монша», «Шығыс моншасы», тағы басқа. Анықтайық Тaпcыpмa нeгiздeмeci: «Анықтайық» aйдapындағы тапсырма – оқылым тапсырмасынан кейін талқылау үшін орындалатын тапсырма. Бұл тaпcыpмaдa oқушылap opтaқ мaқcaтқa нeгiздeлгeн әpeкeттepдi opындaуғa бeйiмдeлeді. Тoппeн жұмыc кeзiндeгi қaтыcым әpeкeтiндe өз пiкipiн дәлeлдi, дәйeктi, түciнiктi жeткiзугe дaғдылaнaды. Тапсырманы орындату үшін «Кездесу сағаты (Clock buddies)» әдісі қолданылады. Оқушыларды алдымен тапсырманың шартымен таныстырады:
Мәтінге қандай да бір байланысы бар екенін дәлелдеу үшін екі мысал келтір. Оқушыларға басып шығарылған «Кездесу сағаты» жұмыс парағын ақ параққа өздерінің салуын сұрайды. Содан кейін оқушыларға сағаттың әр уақытының жанына сыныптастарының бірінің атын жаздырады. Оларға мұғалім атаған сағатта сол уақытқа кездесу белгіленген сыныптасының жанына барып, суреттерде не бейнеленгендігін, мәтін мен суретке ортақ не бар екендігін, дәлелдеу үшін қандай екі мысал келтіруге болатындығы туралы сөйлеседі. Мұғалім белгілі уақыттарды атаған сайын олар, сол уақыттың жанында белгіленген сыныптасының жанына барып әңгіме жүргізеді. Осылайша сыныптағы барлық оқушы жеткілікті мәліметпен танысады. Ықтимал жауаптар. Ортағасырлық шығыс моншасы, қазіргі заманда бұл заттар көнерген болып есептеледі, бұл құралдардың жетілдірілген түрлері қолданыста жүр: құман, леген, отырғыш; шамдал. Грамматикалық қоржын Бір түбірден бірнеше туынды сөз жасалуы мүмкін. Ондай сөздерді түбірлес сөздер деп атайды. Мысалы, сурет, сурет-ші, сурет-кер. Сөздердің мағынасын анықтайық Мұғaлiм тaпcыpмaны орындатпас бұрын жұрнақтың қызметін сұрақжауап арқылы мысал келтіре отырып, оқушылардың есіне түсіреді. Бір түбірден бірнеше сөз жасауға болатынын түсіндіреді. Содан кейін әр қатардағы сөздерді құрамына қарай талдауды бірге орындайды. Талдау барысында әр қатардағы сөздер бір түбірден жа- салған түбірлес сөздер екенін, жұрнақ жалғанған сайын сөздің мағынасы да өзгеретіндігіне көз жеткізеді. Сөздердің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін анықта. Сөздерді көшіріп жазып, сөз құрамына талда. Су: суар, сушы, сулық, сусын. Таза: тазала, тазалық, тазару. Ықтимал жауаптар. су: суар – қимылды біл- діреді; сушы – адамға қатысты сөз; сулық, сусын – заттың аттары. таза: тазала, тазару – қимыләрекетті білдіретін сөздер; тазалық – заттық ұғымды білдіреді. Дифференциация: Мұғалім кейбір оқушыларға бір түбірден бірнеше сөз жасаудың мысалын бере алады. Мысалы, сәулет+ші, сәулет+кер; ал+ғыр, ал+ым, ал+ыс, ал+ғыс; біл+ім, біл+ік, біл+гіш, біл+гір, біл+ім+ді; сез+ім, сез+гіш, сез+ік; көр+ік, көр+гіш. (Т) Табайық. Әр топқа бір конверт дайындалады, ішіне бір мақалдан салады. Топтағылар тапсырманы орындауға уақыт белгілегеннен кейін конвертті ашып, ішіндегі тапсырманы топпен орындауға кіріседі. Мынадай ретпен орындалады:
Ықтимал жауаптар. Өнерлі, өнерсіз, білімді, білімсіз. Білімді бекітуге арналған тапсырма «Шұғыл есте сақтау» (Мұғалім сөздер қатарын өзгерте алады) Тақтаға түбірлес сөздер жазылады. Олар: қол: қолғап, қолдау; жаз: жазғы, жазу, жазғыш. Сонан соң екіүшеуін өшіріп тастап, өшірілген сөздерді оқушылар жылдам айтып қайталайды. Егер жылдам сол сөздерді есте сақтап айтып бере алса, ұпай жинайды | |||||||
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия Мен бүгін … білдім. … қызықты болды. … қиын болды. Мен тапсырманы … орындадым. Мен … ұқтым. Мен … үйрендім. Мен … орындай алдым. Сабақ маған мынадай … білім берді. Менің қалауым бойынша …. | |||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
| «Оқиық» тапсырмасы «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы бағалау; «Ойымызбен бөлісейік» Tоптық жұмыс тапсырмасы шапалақтау арқылы бағалау; «Жазайық» тапсырмасын смайлик арқылы бағалау: өз ойларын жүйелі жеткізіп, байланыстырып сөйлей білген, сауатты жаза білген оқушыларға беріледі;
|
| ||||||
Сабақ бойынша рефлексия Оқудың шынайы мақсатын / мақсатының мақсаттары ма еді? Барлық оқушылар Ортақ мақсатқа жетті ме? Егер жоқ болса, неге? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізіле ме? Сабақтың уақыттық сатылары болды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге? | Сабақты көрсету үшін осы бөлімді пайдаланыңыз. Сол бағандағы сабақ туралы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||
Жалпы рейтинг Сабақтың қандай екі қыры жақсы өтті (оқыту мен оқуды ойлап көріңіз)? 1:Сабақта оқушылар көптеген қызықты мәліметтер алды. Әміре Қашаубаевтың өмірімен оның шығармашылығымен таныса отырып, Кестені толтыр 2:Cалыстырайық Сабақты жақсартуға не көмектесе алады (оқыту мен оқуды ойлау керек)? 1: 2: Сабақ туралы сабақта не жеке оқушылардың жетістіктерімен / қиындықтарымен нені көрсеттім, кейінгі сабақтарда не іздеймін? Қос жазба әдісі |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?