Қазақ тілі_3-сынып_4-бөлім_Сәулет өнері_№54сабақ_Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықша_ҚМЖ


Қысқа мерзімді жоспар

Пән Қазақ тілі

Бөлімі Сәулет өнері

№ 54-сабақ. Тақырыбы Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жарылғасова Ж.М.

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты:

3.2.5.1 түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) берілген тақырып/сұрақ бойынша алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау;

3.4.2.7 - сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату;

3.3.7.2 мұғалім көмегімен бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын білу және қою.

 Сабақтың

 мақсаты:

Барлық оқушылар:

-контекстегі таныс емес сөздердің мағынасын түсіну үшін анықтамалық материалдарды пайдаланады

- үлгі негізінде сөйлем ішінен тұрлаулы мүшені ажыратып, құрастырады;

- үлгі негізінде бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын анықтап, тыныс белгісін қолданады

Оқушылардың көбі:

-контекстегі таныс емес сөздер мен сөз орамдарының мағынасын түсіну үшін сөз мағынасын анықтамалық материалдарды пайдалана отырып, мысал келтіре отырып ашады;

-сөйлем сызбасы негізінде тұрлаулы мүшені ажыратып, құрастырады;

- сызба негізінде бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын анықтайды, сәйкес жай сөйлем құрастыра алады және тыныс белгісін қолданады;

Оқушылардың кейбірі:

-контекстегі таныс емес сөздер мен сөз орамдарының мағынасын түсіну үшін сөз мағынасын тәжірибе арқылы ашады;

-сөйлем ішінде тұрлаулы мүшені ажыратып, құрастырады;

-бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын біледі, сәйкес жай сөйлем құрастыра алады және тыныс белгісін қолданады.

 Бағалау критерийлері

Жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді.

Мәтіндегі маңызды ақпараттарды анықтайды.

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін (бастауыш, баяндауыш) анықтайды.

Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қояды.

Тірек сөздер

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Бастауыш. Баяндауыш. Тыныс белгісі.Сызықша.

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

Мүсін сәулет өнеріне жата ма?

Неліктен жануарларға мүсін орнатылады?

Өз өлкеңде қандай ескерткіштер бар?

 Құндылықтар

Өз ұлтын, халқын құрметтеу және мақтаныш сезімін қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, көркем еңбек, жаратылыстану

 АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Сөз таптары.Сөйлем. Сөйлем мүшелері.Бастауыш.Баяндауыш.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың көңіл - күйін дамытуға арналған жаттығулар жүргізіледі.

«Көршімді жақсы білемін бе?» ойыны байқампаздығын байқау үшін жүргізіледі. Оқушылар көршісімен бір-бірімен теріс қарап отырады. Мұғалім ойынды бастайды. Мұғалімнің айтқан пікірі көршісімен сәйкес болса, «иә» дейді. Тексеру үшін көршісіне қарайды.

Мысалы: Менің көршімнің аяққиімінің түсі ақ.

Көршімнің көңіл-күйі жақсы.

Көршімнің оқулығы жабық тұр.

Көршімнің бантигі бар және т.б.

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.

Сабақтың ортасы

34 минут

5 минут

10 минут

1 минут

5 минут

13 минут

3.2.5.1 түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) берілген тақырып/сұрақ бойынша алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау;

1.Оқушылар жануарлардың суреттері арқылы топқа бөлінеді: ит, жылқы, түйе, мысық.

Артық суретті тап ойыны ойналады. «Консенсус» әдісі бойынша орындалады. Оқушылар «Қай сурет артық?» сұрағына жауап табу үшін әр топқа ортақ қағаз таратылады. Мұғалім әр топқа қағаз ұсынады. Әр оқушы қағаздың шетіне өзі тапқан сөзді жазады. Жазып болған соң, топ мүшелері ақылдаса отырып, қағаздың ортасына дұрыс жауапты жазады. Топ ішінен бір оқушы шығып, ойын айтады, себебін түсіндіреді. Қалған топ мүшелері толық түсіну үшін сұрақтар қоя алады немесе пікірлер айтады.

Қорытындысында топтарға ортақ сұрақ қойылады?

- Не үшін жануарлардың мүсінін жасайды?

-Мүсінін жауасаушы маманды кім дейді?

«Сәулет өнері» тақырыбына мүсін өнерінің қандай байланысы бары сұралады.

2. Әр топқа бірнеше сөйлемдер таратылады. «Қай топ шапшаң?» ойыны ойналады. Берілген уақыт бойынша тез орындалуы тиіс. Оқушылар сол сөздерді екі топқа бөледі: бастауыш және баяндауыш: Ағаш өсірді. Аққу ұшты. Жылқы кісінейді. Мүсін орнатылды. Құрылысшы салды.

Барлық топқа бірдей сөйлемдер беріледі. «Миға шабуыл» әдісі бойынша оқушылардан сұралады.

- Бастауыш дегеніміз не?

- Сұрақтары қандай?

- Баяндауыш дегеніміз не?

- Сұрақтары қандай?

Топ жұмыстары тексеріледі. Топ мүшелерімен бірге түзетіледі.

3.(Ж).Оқулықтан 13-жаттығу орындалады. Мәтінді оқушылар іштей оқиды. Дауыстап оқиды. Содан соң оқушыларға тапсырма беріледі. Мәтінді «Аквариум» әдісі бойынша талдайды. Тапсырма жұппен орындалады.

Сөздікті пайдаланып, сөздердің мағынасын түсіндіреді: мыс_________________________________________

мүсін_______________________________________

Содан соң мәтінге сүйеніп, кестені толтырады.

Қай жануарға ескерткіш орнатылған?

Ескерткіш қай жерде орналасқан?

Ескерткіш қай металдан құйылған?

Құлагер кімнің тұлпары?

Ол кім?

Дескриптор:

- сөздік арқылы жаңа сөздердің мағынасын анықтайды;

- мәтіннен қажетті ақпаратты анықтап,кестеге түсіреді.

Мұғалім оқушылардың жұмысын қадағалайды. Көмек қажет ететін оқушыларға жәрдем береді.

Саралау. Оқушылар сөздің мағынасын сөздіктен табуға көмек береді. Жұмысты мұғалім бағалайды. Оқушылардың жұмыстары жинап алынады. Неліктен Құлагер, Астана, Көкшетау, Ақан сері сөздерінің бас әріппен жазылуы сұралады.

4. (Ұ).Сергіту сәті. Қимыл қозғалыстарын жасайды.

Шаршасаңдар, тұрыңдыр,

Қолды қолға ұрыңдар.

Басты төмен бұғыңдар,

Жұдырықты жұмыңдар.

Алақанды ашыңдар,

Құстай ұшып шығыңдар.

4.3.4.2.7 - сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату;

3.3.7.2 мұғалім көмегімен бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын білу және қою.

1.Тақырып. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша

Самат кім?

зат есім зат есім

Самат оқушы.

Самат – оқушы.

Алма не?

зат есім зат есім

Алма пайдалы жеміс.

Алма – пайдалы жеміс.

Алтынай кім?

зат есім зат есім

Алтынай биші.

Алтынай – биші.

Сазан не?

зат есім зат есім

Сазан балық.

Сазан – балық.

Алматы не?

зат есім зат есім

Алматы әдемі қала.

Алматы – әдемі қала.

2.(Ж). Осыдан соң оқушылар оқулықтан 15-жаттығуды орындайды. Мақалды жұмыс дәптерлеріне қатесіз көшіріп алады. Жұптаса отырып, «Зертеушілік конференция» әдісі бойынша сөз таптарына талдайды. Бастауыш пен баяндауышты табады. Тыныс белгісін қояды. Себебін түсіндіреді. Мұғалім оқушылардың жұмысын қадағалайды. Қиындық туындаған жағдайда көмек береді. Жұмыс орындалып болған соң, балмұздақ таяқшалары арқылы сұралады.

Саралау: оқушылар өз беттерімен бастауыш пен баяндауыш арасына сызықша қойылуға байланысты мысал келтіреді. Сөйлем мүшелеріне талдайды.

Дескриптор:

- мәтінді қатесіз көшіреді;

- тұрлаулы мүшелерді анықтайды;

-бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылу себебін анықтайды;

    • -сөйлемдегі сызықшаның орнын анықтайды;
    • -бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаға сөйлеммен мысал келтіреді (қабілеті жоғары оқушылар үшін).

Қалыптастырушы бағалау мұғалім бағалауымен жүзеге асырылады. Сабақ соңынан жұмыс дәптері жинап алынады.

Слайд №1

Слайд №2

Қосымша материал

№1

https://turkystan.kz/content/uploads/2016/09/

http://www.rsiu.kz/images/dekanat/

Слайд№2

Слайд№3

Слайд№4

Слайд№5

Слайд№6

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия

Оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі үшін «Қол белгісі» стратегиясы қолданылады. Осылайша, олардан тақырыпты түсінгендігін немесе түсінбегендігін қол белгілері арқылы көрсетулері сұралады.

Мен бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша туралы түсініп отырмын және түсіндіре аламын (қолдың бас бармағын жоғары көтереді).

Мен бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша туралы әлі түсінбей отырмын (қолдың бас бармағын бір жанына қарай бұрады).

Мен бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша туралы түсінгеніме сенімді емеспін (қолды бұлғау).

Үй тапсырмасы оқулықтағы 16-жаттығу:

-көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, өлеңді көшіріп жазу;

- мәнерлеп оқу;

-өлеңдегі сызықшаның қойылу себебін түсіндіру.

Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар анықтамалықпен жұмыс жасауға жолдастарына көмек береді.Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаға сөйлеммен мысал келтіреді

Оқушылардың

- жаңа сөздердің мағынасын түсіндіре білуі;

-мәтіндегі маңызды ақпараттарды анықтай алуы;

-сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін (бастауыш, баяндауыш) анықтай білуі;

-бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықшаны қоя білуі және оның себебін түсіндіре

білуі бағаланады.

Сергіту сәті өткізіледі.

АҚТ қолдану кезіндегі және жазу кезіндегі қауіпсіздік ережесі айтылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)

1.

2.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім? Келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу