Қазақ тілі_3-сынып_4-бөлім_Сәулет_№53сабақ_Баяндауыш_ҚМЖ


Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: Қазақ тілі

Бөлімі: Сәулет өнері

№ 53абақ. Тақырыбы: Баяндауыш

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жарылғасова Ж.М.

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты:

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

3.4.2.7 - сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату;

3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық, т.б.) құру/компьютерде теру.

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар:

- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;

- үлгі негізінде сөйлем ішінен тұрлаулы мүшені (баяндауышты) ажыратып, құрастырады;

- сызбада берілген мәліметтер негізінде бірлесе отырып, қарапайым нұсқаулық құрап жазады.

Оқушылардың көбі:

- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;

- сөйлем сызбасы негізінде тұрлаулы мүшені (баяндауышты) ажыратып, құрастырады;

- сызбада берілген мәліметтер негізінде қарапайым нұсқаулық құрап жазады.

Оқушылардың кейбірі:

- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді

- сөйлем ішінде тұрлаулы мүшені (баяндауышты) ажыратып, құрастырады;

- сызбада берілген мәліметтер негізінде толықтыра отырып, қарапайым нұсқаулық құрап жазады.

 Бағалау критерийлері

Мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін (бастауыш, баяндауыш) анықтайды.

Сурет көмегімен нұсқаулық құрастырады.

Тірек сөздер

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Сөйлем мүшелері. Бастауыш. Баяндауыш. Тиянақтап тұратын мүше.

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

Басқұрдың қызметі не?

Бақанның қызметі не?

Киіз үй неге тегіс жерге тігіледі?

 Құндылықтар

Өз ұлтын, халқын құрметтеу және мақтаныш сезімін қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, дүниетану пәні

 АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта.

Алдыңғы меңгерілген білім

Сөз таптары. Етістік.Сөйлем. Сөйлем мүшелері.Бастауыш.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың көңіл - күйін дамытуға арналған жаттығу жүргізіледі.

«Көбелек» жаттығуы».Таңертең көбелек оянды, тартылады,Қанаттарын бұлғайды, терең тыныс алады,Азғана айналып, барлығына күліп,Қайта гүліне оралады.

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.

Сабақтың ортасы

34 минут

10 минут

8 минут

1 минут

6 минут

9 минут

) 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.

1.Топқа бөліну

1-топ.Ағаш үй

2-топ.Құрама үй

3-топ.Алғашқы үй

4-топ.Көшпелі үй

Киіз үй көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі. Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең алғашқы сәулеттік құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүр.

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%B8%D1%96%D0%B7_%D2%AF%D0%B9

2.Оқушылар орындарына жайғасқан соң өздеріне берілген топ атауының «киіз үйге» қандай қатысы бар екенін айтады. Содан соң тақтадан сөздер көрсетіледі. Топ мүшелері «Венн диаграммасы» арқылы қарамен жазылған сөздердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады. Топ жұмысы қорғалады. Пікірлер тыңдалады. Мұғалім сөзімен қорытындылады.

1-қатар

2-қатар

оқыды

жауды

мөңіреді

жасады

оралды

өсті

жазды

Динара оқыды.

Қар жауды.

Сиыр мөңіреді.

Әкем жасады.

Құстар оралды.

Гүл өсті.

Айбек жазды.

1-қатар 2-қатар

1-қатар

2-қатар

Етістік

Баяндауыш

оқыды

жауды

мөңіреді

жасады

оралды

өсті

жазды

Динара оқыды.

Қар жауды.

Сиыр мөңіреді.

Әкем жасады.

Құстар оралды.

Гүл өсті.

Айбек жазды.

-Бастауыш дегеніміз не?

-Баяндауыш бастауыштың іс-қимылын білдіреді. Сұрақтары не істеді? неғылды? қайтті? Баяндауыштың сөйлем ішінде екі сызықпен сызылады.

- Кім мысалдар келтіреді?

- Үйлер салынды. (дара бастауыш)

- Үйлер салына бастады.(күрделі баяндауыш)

«Семантикалық карта» әдісі бойынша баяндауыш түрлерін ажыратады. Оқушылар жеке орындайды. Жұбымен өзара тексереді. Балмұздақ таяқшасы арқылы айтады.

Дара баяндауыш

Күрделі баяндауыш

Үй тұрғызды.

Апам сырлады.

Қонақтар келе жатыр.

Сабақ оқиды.

Қоян секіріп барады.

3.(Ұ.Ө). Оқушылар оқулықтан 9-жаттығуды орындайды. Алдымен мәтінді іштей оқиды. «Түртіп алу» әдісі бойынша мәтінді талдайды.

Маған таныс

Мен үшін жаңа

Бұл туралы тереңірек білгім келеді.

Содан соң мәтін ішіндегі жаңа сөздерді түсіну үшін кесте беріледі. Оқушылар берілген сөздің мағынасын оқулықта берілген мәтін мазмұны бойынша табады.

таяқ

бау

басқұр

ағаш

таяқ

бау

бақан

ағаш

Оқушылар жеке жауап береді. Себебін түсіндіреді. Оқушылар мәтін мазмұны бойынша «жіңішке-жуан» сұрақтар дайындайды. Жұмыс топта орындалады. Әр топ дайындаған сұрақтарын тақтаға іледі. Әр топтан бір оқушы шығып, сұрақты оқып келеді. Топ мүшелері бірігіп отырып, сұрақтың жауабын іздейді.

Дескриптор:

- мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақ құрастырады;

- сұрақтарға жауап береді;

- сұрақтың құрылымын сақтайды.

Қалыптастырушы бағалау өзара бағалау арқылы жүзеге асырылады. Әр топ келесі топ туралы пікірлерін айтады.

4.(Ұ).Сергіту сәті. «Қыдырып қайтайық» әуенімен билейді.

5. (Ж) 3.4.2.7 сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату;

Оқушылар мәтін ішінде қарамен берілген сөздерге жұптаса отырып сұрақтар қояды. Сөз нені білдіретіндіктерін анықтайды. Олар сөйлемнің қай мүшесіне қатысты екенін анықтайды. Оқушылармен бірігіп отырып талданады.

Киіз үй тігіледі. Ол байланады.

Есік орнатылады. Басқұр тартылады.

Жігіт көтереді. Басы байланады.

Саралау. Дара баяндауышты күрделі баяндауышқа айналдырады.

6. (Ө) Оқушылар 10-жаттығуды орындайды.

Сөйлемдерді көшіріп жазады. Баяндауыштардың астын сызады. Бұл сөздер сөйлемнің қай мүшесіне қатысты екенін сызып көрсетеді.

Саралау: көмек қажет ететін оқушыларға жәрдем береді.

Дескриптор:

- сөйлемді қатесіз көшіреді;

- тұрлаулы мүшелерді анықтайды;

-тұрлаулы мүшелердің байланысын сызбамен көрсетеді.

Қалыптастырушы бағалау мұғалім бағалауымен жүзеге асырылады. Оқушыларды қадағалайды. Көмек береді.

(Т) 3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық, т.б.) құру/компьютерде теру.

Оқушыларға 2018 жылы жаз айында Ақтөбе қаласында «Киіз үйлер» саябағы ашылғанын айтады. Тапсырма. Суретті пайдалана отырып, саябақтағы қауіпсіздікті сақтау туралы нұсқаулық құрастырады.

Дескриптор:

- саябақтағы қауіпсіздікті сақтау туралы нұсқаулық құрастырады;

- нұсқаулық жазу стилін сақтайды;

- сөйлемдерді сауатты жазады.

Қалыптастырушы бағалау өзара бағалау арқылы жүреді. Оқушылар жазылған нұсқаулықты қабырғаға жапсырады. Оқушылар қоңырауда стикер арқылы өз ұсыныстары мен пікірлерін жазады.

Слайд1

Слайд №2

Қосымша материал №1

https://i.ytimg.com/vi/SCvZLP26q0E/maxresdefault.jpg

Оқулық, жұмыс

Дәптері

Слайд №3

Қосымша материал №2

Кеңсе тауарлары

http://yurtapark.kz/wp-content/uploads/2018/07/IMG_9880.jpg

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия

Оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі үшін кесте толтырылады. Оқушылар «+» (түсіндім), «-» (әлі де түсінуім қажет), «?»

( түсінебедім) таңбаларын қояды.

Тапсырмалар

Өзін-өзі бағалау

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қоя аламын.

Сұрақтарға жауап бере аламын.

Сөйлем ішінен баяндауышты таба аламын.

Сөйлем ішінен бастауышты таба аламын.

Сурет бойынша нұсқаулық құрастыра аламын.

Үй тапсырмасы 12-жаттығу:

- сөзжұмбақты шешу;

-сол сөздерден сөйлемдер құрастыру;

-бастауыштың астын бір сызықпен, баяндауыштың астын екі сызықпен сызу.

Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылардан «Блум түймедағы» әдісі бойынша шығармашылық немесе интерпретациялық сұрақтар талап етіледі.

Оқушылардың

- мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыра алуы;

- мәтін бойынша сұрақтарға жауап бере білуі;

-сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін (бастауыш, баяндауыш) анықтай білуі;

- суреттердің көмегімен нұсқаулық құрастыра білуі

бағаланады.

Сергіту сәті өткізіледі.

АҚТ қолдану кезіндегі және жазу кезіндегі қауіпсіздік ережесі айтылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)

1.

2.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім? Келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу