Қазақ тілі_3 сынып_ 4- бөлім_ Сәулет өнері_№1 сабақ_ Сөз құрамын еске түсіреміз. Сәулет өнері туралы не білемін_Әдістемелік нұсқау
Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық
Сабақтың тақырыбы: Сөз құрамын еске түсіреміз. Сәулет өнері туралы не білеміз?
Оқу мақсаттары:
3.1.1.1тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға
жауап беру;
3.4.2.1негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің
мағынасын ажырату.
Осы сабақтың соңында оқушылар:
- тыңдаған мәтіннен тірек сөздерді белгілейді;
- сұрақтарға жауап береді;
- туынды сөздердің жасалу жолымен танысады.
Тірек сөздер: жалғау, жұрнақ, туынды сөз, сәулетші.
Оқиық тaпcыpмaсында оқушылар «Сәулет дегеніміз не?» деген мәтінді оқып, мәтіннен тірек
сөздерді тауып, жазып алады.
«Сәулет деген не?» мәтіні тыңдатылады немесе оқылып беріледі. Оқушылардың мәтін мазмұнына тірек болатын «адамдар», «үңгірлер», «баспана», «сәулетті сарайлар», «тұрғын үйлер», «ғибадатхана», «стадион», театр», «кітапхана» т.б. сөздерді дұрыс белгілеуі қадағаланады.
Сәулетші сөзінің шығу төркіні берілген мәтін бөлігіне оқушылардың назары аудартылады:
«Мұндай кешендер құрылысын ойлап тапқан адамды сәулетші деп, ал олардың туындыларын сәулет деп атайды (архитектура – гректің «архитектон» - құрылысшы деген сөзінен шыққан).
«ДЖИКСО» стратегиясы бойынша әр топқа бір бет қағаз (ватман/флипчарт), түсті маркер беріледі.
Ескерту. Әр топқа бір түсті ғана маркер таратылады. Топтардағы маркердің түсі қайталанбайды.
Жұмысты орындауға уақыт шектеліп беріледі. Әр топ талқылаудан соң, ең ұтымды бір ашық, бір жабық сұрақты жазады.
Мұғалім оқушыларды топқа бөліп, әр топтың өздеріне берілген суретті вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара) қолданып жасыруы керектігін ескертеді. Әр топтың суретке сәйкес жасайтын қимылдарымен тыңдарманның назарын аудартуына көңіл бөлінеді.
Мұғалім оқушылардың сұрақтарға дұрыс жауап беруін қадағалайды. Сұрақтарға жауап болатын сөздерді (сәулет, сәулетші) тақтаға жазып қояды.
Мұғалім оқушылардың «сәулет –сәулетші» сөздерін салыстырып, әр сөзге сұрақ қоюын, олардың әрқайсысының мағынасын ажыратуын ұйымдастырады. «Сәулетші» сөзін түбір мен қосымшаға ажыратқызады. Оларды тиісті белгілермен белгілетеді. Негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату ісжүзілік тұрғыда жүзеге асырылады.
Осылайша зер салып оқу арқылы оқылым дaғдылapы дaмиды деп күтіледі. Бұл тaпcыpмa жұптa/тoптa opындaлaды.
Тірек cөздepдiң ықтимaл тiзiмi: үңгір, баспана,тұрғын үй, сәулет, құрылыс, құрылысшы.
Оқушыларға мәтін бойынша сұрақтар қою
1. Ерте заманда адамдар сыртқы жаулар мен табиғи апаттардан қалай қорғанған?
2. Олар үйлерін қандай заттардан салды?
3. Ертеде түрлі құрылыс кешендерін ойлап тапқан адамға байланысты пайда болған сөз қандай?(Сәулетші)
4. Сәулетшілер қандай құрылыс нысандарын жобалай бастады?
5. Сәулет өнері қандай өнер?
Оқушыларға архитектура, құрылыс туралы мағлұмат беру.
Архитектура – құpылыс салу, жобалау, сәулет өнеpi. Ал құрылыс дегеніміз – жобасы күрделі, биік, әсем етіп салынған архитектуралық ғимарат.
Ойымызбен бөлісейік бұл тапсырма топпен біріге отырып,тақырыпқа байланысты сөйлеу, пікірін дәлелді жеткізе білу дағдыларын дамытады деп күтіледі. Тапсырма жұппен жұмыс жасауға арналады. Жеке оқушы «сәулетші» туралы сызбаны оқып танысады.Жұппен бірге осы сызбада берілген анықтамаларды қалай байланыстырып айту туралы талқылайды.Топ ішінде өз ұсыныстарын ортаға салады. Тапсырма жұппен жұмыс жасауға арналады. Оқушылар төмендегі сызба бойынша«Сәулетші немен айналысады?», «Сәулетшінің ісін кімдер жалғастырады?»деген сұрақтарға жауап беру арқылы тұтас мәтін құрастырып айту талабы қойылады.
Сәулетші:
- түрлі кешендердің құрылысын ойлап табады;
- ғимарат дизайнын жоспарлайды;
- құрылыстың жобасын сызады;
- шығармашыл;
- сурет сала біледі;
Ықтимал жауаптар. Сәулетші–түрлі ғимараттардың жобасымен құрылысын жоспарлайды, жобасын сызады және сурет сала алады, шығармашыл адам. Сәулетшінің ісін құрылысшы, әрлеуші, шатыр жабушы жалғастырады
Бірге орындайық бұл тапсырма осы сабақта алған грамматикалық білімдерін меңгертуге, яғни оқушыларды берілген негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасай білуге үйретеді.Тапсырма жұппен орындауға арналған. Мұғалім тапсырма нұсқауымен таныстырады.
Оқушылар түбір сөзге қосымша жалғау арқылы жаңа сөз жасалатындығын «Грамматикалық қоржында» берілген мәлімет арқылы біледі. Содан кейін жұптағыларға конвертке салынған түбір сөздер мен жұрнақтар жазылған қағаз қиындылары таратылады. Олар түбірге жұрнақ жалғау арқылы туынды сөз жасайды. Оны басқа жұптағы оқушылармен салыстырып тексергенге дейін мұғалім әр жұптың қасына жақындап шығады.
Оқушылардың жұмыстарында қателер кездесуі мүмкін, олар бірбірімен бөлісу кезінде өзара қателерін де түзете алады. Бірақ маңыздысы сол, оқушылардың әрекет етуі, талпыныс жасауы ескеріледі.
Ықтимал жауаптар:
- әдемі+лік, шебер+лік.
- ас+хана, кітап+хана.
- жай+лы, ыңғай+лы.
- бақытты, салмақты.
Қабілетті оқушыларға оқулықта берілгеннен басқа мысалдар келтіріп, оның туынды екенін
дәлелдеу тапсырылады.
Сабақты қорытындылау рефлексия қолданылады. Оқушылар Нені білдім?, Не ұнады?, Сабақтан
алған әсерім деген сұрақтарға жауап береді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?