Қазақ тілі_3 сынып_ 4- бөлім_ Сәулет өнері_№1 сабақ_ Сөз құрамын еске түсіреміз. Сәулет өнері туралы не білемін_Презентация


«Қазақ тілі» пәні

3-сынып

4-бөлім. Сәулет өнері

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:

Сәулет өнері туралы не білеміз? Туынды сөздер

Құрастырған: Турсынова Л.Д.

тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;

негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату

Оқу мақсаты:

Сәулет деген не?

Ертедегі адамдар алғашында үңгірлерде тұрған. Содан кейін олар өздеріне баспана тұрғыза бастаған. Ол кездерде адамдар баспананың әдемілігіне көңіл бөлмеді. Ең бастысы, ол адамды сыртқы жаулар мен табиғат апаттарынан қорғауы керек болды.

Баспаналар бір-біріне өте ұқсас еді. Әдетте олар бұтақтардан, қамыстан, аң терісі мен сүйектерінен, кейінірек саз балшықтан тұрғызылды.

Уақыт өте келе, өмір сүру шарттары өзгерді. Сонымен бірге баспана құрылысы да басқаша сипатта өрбіді. Бай адамдар өзінің ыңғайлы да жайлы баспанасын місе тұтпай, сәулетті сарайларда тұрғысы келді. Ондай күрделі құрылыстарды тұрғызу үшін шынайы шеберлік пен терең білім қажет болды.

Тұрғын үйлерден басқа да құрылыстарғибадатхана, стадион, театр, кітапханалар салына бастады.

Мұндай кешендер құрылысын ойлап тапқан адамды сәулетші деп, ал олардың туындыларын сәулет деп атайды (архитектура – гректің «архитектон» - құрылысшы деген сөзінен шыққан).

Сәулет өнеріадамдардың әдемі және ыңғайлы өмір сүруіне арналған өнер.

Тірек cөздepдiң тiзiмi: үңгір, баспана, тұрғын үй, сәулет, құрылыс, құрылысшы.

Оқушыларға мәтін бойынша сұрақтар қою

1. Ерте заманда адамдар сыртқы жаулар мен табиғи апаттардан қалай қорғанған?

2. Олар үйлерін қандай заттардан салды?

Ертеде түрлі құрылыс кешендерін ойлап тапқан адамға

байланысты пайда болған сөз қандай?

4. Сәулетшілер қандай құрылыс нысандарын жобалай бастады?

5. Сәулет өнері қандай өнер?

Оқушыларға архитектура, құрылыс туралы мағлұмат беру.

Архитектура – құpылыс салу, жобалау, сәулет өнеpi. Ал құрылыс дегеніміз – жобасы күрделі, биік, әсем етіп салынған архитектуралық ғимарат.

Сәулетші немен айналысады?

Сәулетшінің ісін кімдер жалғастырады?

Сәулетші:

түрлі кешендердің құрылысын ойлап табады;

ғимарат дизайнын жоспарлайды;

құрылыстың жобасын сызады;

шығармашыл;

сурет сала біледі;

Сәулетші түрлі ғимараттардың жобасы мен құрылысын жоспарлайды, жобасын сызады және сурет сала алады, шығармашыл адам. Сәулетшінің ісін құрылысшы, әрлеуші, шатыр жабушы жалғастырады.

РЕФЛЕКСИЯ

Үй тапсырмасы: Жұмыс дәптері 54 бет, Ойлан, тап!, Анықта



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу