Қазақ тілі_3 сынып_ 4- бөлім_ Сәулет өнері_№5 сабақ_ Түбір сөз және туынды сөз _әдістемелік нұсқаулық


Мұғалімге арналған әдістемелік нұқаулық

Пән: Қазақ тілі

Бөлімі:Сәулет

Сабақ тақырыбы: №5 сабақ. Түбір және туынды сөз

Оқу мақсаты: 3.4.2.1* негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал

Мәтінді түсініп оқы. Туынды сөздерді теріп жазып, сөз құрамына талда.

Бұлақ тазалық пен су көзі есебінде қасиетті деп саналады. Сондықтан «Бұлақ көрсең көзін аш» деген өсиет сөз қалған.

Аңшының қақпаны, етікшінің бізі қасиетті зат есебінде сақталады. Олар ешкімге берілмейді, сатылмайды.

Ежелгі қала орны, ата-баба жұрты киелі орындар деп есептелген. Мұндай орындар барлық мемлекеттерде қамқорлыққа алынған.

Оқушыларға бейтеректің суреттер көрсетіледі. Сол суреттер туралы не білетіндері сұралады. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Астанада ЭКСПО-2017 көрмесі салынды.

Сұрақтарға жауап бер.

 1) Мәтіннің алғашқы сөйлемін оқы. Мәтінде не туралы айтылған? Ойыңды дәптеріңе жаз.

 2) Мәтінді әрі қарай оқы. Мазмұны сенің ойыңмен сәйкес келе ме? Салыстыр.

 3) Ғимараттың ерекшелігі туралы қай сөйлемде айтылған? Анықта.

4) Бұл сөйлем мәтіннің негізгі ойы бола ала ма? Дәлелде

«Нұр әлем» атты үлкен шар – көрменің негізгі сәулет ғимараты. Көрме ғимараты қуатты күн сәулесінен алады

Ғимараттың өзі энергия мен жылуды өндіріп, бір жерге жинақтайды. Жылуды жер астында сақтайтын арнайы

бөлмелер болады. Сондықтан оны «Болашақ энергиясы» деп атайды. Ол Қазақстанның ұлттық жобасы болып саналады.

Бұл еліміздің ең тамаша көрмесіне айналды.

Ғажап көрме

Елімізде жас қала,

Ол – әйгілі Астана.

Елбасымыз көтерген

Көп өміршең бастама.

Жасартып тез қаланы,

Жаңартып қос жағаны,

Арнасында толықсып,

Есіл баяу ағады.

Ақ Ордалы Бас қала,

Ол – ғажайып Астана.

Сәулетті де дәулетті,

Құт, бақытқа баспана.

***

Гүлзарларға бөленген

Есілімнің сол беті.

Көрмені кеп көрем мен

Ол – ЭКСПО-17.

Көрмегім де көп екен,

Жетерме екем, сірә мен.

Қарайды, әне, төбеден

Керемет шар – «Нұрлы әлем».

Сол керемет ішінде

Ұлтымның бар өрнегі.

Кім көріпті түсінде

Мұндай ғажап көрмені.

***

Мынау сайын далада

Бой көтерген қалаға,

Шетелдіктер құмартып,

Таппай отыр балама.

Отан даңқы өрлесін,

Келген қонақ төрлесін.

Көрсін бәрі таңырқап

Болашақтың көрмесін.

Талайдың бар келгісі,

Қуат берсе жел күші,

Табиғатпен жанасу –

Мәңгіліктің белгісі.

Игі істерді бастаған

Ел ордасы – Астанам.

Мәңгілік ел ұланы

Мен болам деп шаттанам,

Елім үшін мақтанам.

Тілеуғазы Бейсембек

(Ө,Қ) Бақылау диктантын жазу.

Мәтіндегі туынды сөздерді анықтау. Сөз құрамына талдау. Сәулет өнерінің түрін анықтау.

Тапсырма:

1 Туынды сөздерді тап.

2 Сөз құрамына талда.

3 Сәулет өнерінің түрін анықта.

 Анықтайық

 Түбір сөздер мен туынды сөздерді топтастырып жаз. Туынды сөздердің жасалу жолын анықтап, сөз құрамына талда.

Бала, сыйлық, оқу, тазалық, тату, балалық, татулық, сый, оқулық.

 Бірге орындайық!

 1. Мәтінді мұқият оқы.

 2. Мәтінде асты сызылған сөздердің түбірін тап. Бұлар қандай сөздер? Мысалдар келтір.

 3. Мәтіндегі негізгі ойды білдіретін сөйлемді тап, көшіріп жаз.

Алматыдағы көрікті ғимараттың бірі – цирк. Ол басқа ғимараттардың ішінен ерекше көзге түседі. Сыртқы көрінісі шаңырақ пен көшпенділер шатырына ұқсайды. Зал көрермендер үшін жайлы және қолайлы. Гимнастар өнер көрсететін күмбезде ауа таза болуы үшін ауа сорғысы қойылған. Шатырының материалы мен ерекше пішіні аптап ыстықтарда ысып кетуден сақтайды.

Сабақтың соңында мақсатқа оралып, сабақты қорыту

Өзін –өзі бағалау.

  • Бармақты жоғары көтеруі – жақсы.
  • Бармақты көлденең ұстаса -тәжірибені қажет етеді
  • Бармақтар төменге бағытталса - әлі де жақсартуды қажет етеді.

 Үй тапсырмасы: Анықтайық

 Берілген сөздер қатарынан артық сөзді анықта. Себебін түсіндір. Әр қатардан бір сөзді қатыстырып, сөйлем құрастырып жаз.

  • Асық, асхана, аспаз, астық.
  • Балауыз, балақай, балапан, балалық.
  • Басшы, бастауыш, бассейн, бастық.
  • Қазық, қазба, қазған, қаздар.

Мәтінді түсініп оқы. Мәтін мазмұны бойынша кестені толтыр.

Биыл елімізде халықаралық ЭКСПО көрмесі өтті. Көрменің тақырыбы: «Болашақ энергиясы». Оған жүзден аса ел қатысты. Көрме өте үлкен аумақты алып жатыр. Көрмеде қызықты дүниелер көп.

 Кестені толтыру ұсынылады. Көрме қайда өтті? Көрменің тақырыбы қандай? Көрмеге қанша ел қатысты? деген сұрақтарға жауап береді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу