Қазақ тілі_3 сынып_ 4- бөлім_ Сәулет өнері_№5 сабақ_ Түбір сөз және туынды сөз _ҚМЖ
Пән: Қазақ тілі Бөлімі: Сәулет өнері Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Турсынова Л.Д Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||
Сабақ тақырыбы: | №5 сабақ. Түбір және туынды сөз | |||||||||||
Оқу мақсаты: | 3.4.2.1* негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
| |||||||||||
Бағалау критерийлері |
• түбірлес сөздер жасап үйренеміз. | |||||||||||
Сөздік қор | Пәндік терминология мен тірек сөздер көрме, ғимарат, ұлттық жоба, болашақ энергиясы Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл: Талқылау үшін сұрақтар: 1. ЭКСПО көрмесі кімнің бастамасымен салынған? 2. Көрме ғимараты қуатты қайдан алады? 3. Болашақ энергиясы дегеніміз не? | |||||||||||
Құндылықтар | Еліміз үшін аса маңызды ЭКСПО көрмесі туралы терең мағлұмат бере отырып, өз елінің патриоты болуға баулу | |||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Сөздің құрамы, түбір сөздер мен туынды сөздер | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 1-5 минут 5 минут | Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал Біз білімді баламыз, Жақсы оқи аламыз Қуантамыз ананы Қуантамыз ұстазды Үй тапсырмасын тексеру. Сөйлемдерді түсініп оқы. Туынды сөздерді теріп жазып, түбірі мен қосымшасын тауып, белгіле. Туған жерді құрметтеу – азаматтық белгісі. Баланы туған жеріне аунатып алатын ырым бар. Бұл бала отаншылда болсын деген ұғымнан туған. Аналардың «ақ сүтін ақталды» дегені – балаларына ризашылықтың белгісі. Сондықтан әр бала кішкентай кезінен ата-анасын тыңдауы, сыйлауы қажет. «Балдырған» журналынан | |||||||||||
Оқушыларға осы суреттер көрсетіледі. Бұл суреттер туралы не білетіндері сұралады. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады. | ||||||||||||
Сабақтың ортасы 5-35 минут 5 минут 5-7 минут 1 минут 10 минут | 3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату (МК, Ұ) Мәтінді түсініп оқы. Туынды сөздерді теріп жазып, сөз құрамына талда. Бұлақ тазалық пен су көзі есебінде қасиетті деп саналады. Сондықтан «Бұлақ көрсең көзін аш» деген өсиет сөз қалған. Аңшының қақпаны, етікшінің бізі қасиетті зат есебінде сақталады. Олар ешкімге берілмейді, сатылмайды. Ежелгі қала орны, ата-баба жұрты киелі орындар деп есептелген. Мұндай орындар барлық мемлекеттерде қамқорлыққа алынған. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Астанада ЭКСПО-2017 көрмесі салынды. «Нұр әлем» атты үлкен шар – көрменің негізгі сәулет ғимараты. Көрме ғимараты қуатты күн сәулесінен алады Ғимараттың өзі энергия мен жылуды өндіріп, бір жерге жинақтайды. Жылуды жер астында сақтайтын арнайы бөлмелер болады. Сондықтан оны «Болашақ энергиясы» деп атайды. Ол Қазақстанның ұлттық жобасы болып саналады. Бұл еліміздің ең тамаша көрмесіне айналды. (Ұ)Сұрақтарға жауап бер. 1) Мәтіннің алғашқы сөйлемін оқы. Мәтінде не туралы айтылған? Ойыңды дәптеріңе жаз. 2) Мәтінді әрі қарай оқы. Мазмұны сенің ойыңмен сәйкес келе ме? Салыстыр. 3) Ғимараттың ерекшелігі туралы қай сөйлемде айтылған? Анықта. 4) Бұл сөйлем мәтіннің негізгі ойы бола ала ма? Дәлелде. Ғажап көрме Елімізде жас қала, Ол – әйгілі Астана. Елбасымыз көтерген Көп өміршең бастама. Жасартып тез қаланы, Жаңартып қос жағаны, Арнасында толықсып, Есіл баяу ағады. Ақ Ордалы Бас қала, Ол – ғажайып Астана. Сәулетті де дәулетті, Құт, бақытқа баспана. *** Гүлзарларға бөленген Есілімнің сол беті. Көрмені кеп көрем мен Ол – ЭКСПО-17. Көрмегім де көп екен, Жетерме екем, сірә мен. Қарайды, әне, төбеден Керемет шар – «Нұрлы әлем». Сол керемет ішінде Ұлтымның бар өрнегі. Кім көріпті түсінде Мұндай ғажап көрмені. *** Мынау сайын далада Бой көтерген қалаға, Шетелдіктер құмартып, Таппай отыр балама. Отан даңқы өрлесін, Келген қонақ төрлесін. Көрсін бәрі таңырқап Болашақтың көрмесін. Талайдың бар келгісі, Қуат берсе жел күші, Табиғатпен жанасу – Мәңгіліктің белгісі. Игі істерді бастаған Ел ордасы – Астанам. Мәңгілік ел ұланы Мен болам деп шаттанам, Елім үшін мақтанам. Тілеуғазы Бейсембек (Ө,Қ) Бақылау диктантын жазу. Мәтіндегі туынды сөздерді анықтау. Сөз құрамына талдау. Сәулет өнерінің түрін анықтау. Тапсырма: 1 Туынды сөздерді тап. 2 Сөз құрамына талда. 3 Сәулет өнерінің түрін анықта. (Ұ) Анықтайық Түбір сөздер мен туынды сөздерді топтастырып жаз. Туынды сөздердің жасалу жолын анықтап, сөз құрамына талда. Бала, сыйлық, оқу, тазалық, тату, балалық, татулық, сый, оқулық. (Т) Бірге орындайық! 1. Мәтінді мұқият оқы. 2. Мәтінде асты сызылған сөздердің түбірін тап. Бұлар қандай сөздер? Мысалдар келтір. 3. Мәтіндегі негізгі ойды білдіретін сөйлемді тап, көшіріп жаз. Алматыдағы көрікті ғимараттың бірі – цирк. Ол басқа ғимараттардың ішінен ерекше көзге түседі. Сыртқы көрінісі шаңырақ пен көшпенділер шатырына ұқсайды. Зал көрермендер үшін жайлы және қолайлы. Гимнастар өнер көрсететін күмбезде ауа таза болуы үшін ауа сорғысы қойылған. Шатырының материалы мен ерекше пішіні аптап ыстықтарда ысып кетуден сақтайды.
| Қима қағаздар | ||||||||||
Қорытынды бөлім 35-40 минут 5 минут | Сабақтың соңында мақсатқа оралып, сабақты қорыту. Өзін –өзі бағалау
Үй тапсырмасы: Анықтайық Берілген сөздер қатарынан артық сөзді анықта. Себебін түсіндір. Әр қатардан бір сөзді қатыстырып, сөйлем құрастырып жаз.
Мәтінді түсініп оқы. Мәтін мазмұны бойынша кестені толтыр. Биыл елімізде халықаралық ЭКСПО көрмесі өтті. Көрменің тақырыбы: «Болашақ энергиясы». Оған жүзден аса ел қатысты. Көрме өте үлкен аумақты алып жатыр. Көрмеде қызықты дүниелер көп. Кестені толтыр.
| Қазақ тілі 3 сынып 2-бөлім, 8 бет, 3-жаттығу | ||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||
Саралау -оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қиюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланысденсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
|
| Белсенді қимыл іс-әрекеттер, сергіту сәтін ұйымдастыру. | ||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсатына жеттім бе? Оқушылар не үйренді? Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма? Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма? Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен? | ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?