Қазақ тілі_3 сынып_ 4- бөлім_ Сәулет өнері_№7 сабақ_ Бейнаметериал бойынша мазмұндама жазу _ҚМЖ


Пән: Қазақ тілі

Бөлімі: Сәулет

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Турсынова Л.Д

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

№7 сабақ.Бейнематериал бойынша мазмұндама жазу (Қысқа ғана тарихи сәулет туындысын алуға болады. Мысалы, Қожа Ахмет кесенесі)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұны бойынша айтылған өзгенің пікіріне (келісу/келіспеу себебін ) өз көзқарасын білдіру

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу

Сабақтың

мақсаты:

Оқушылардың барлығы:

  • аудио-бейнежазба мазмұны бойынша айтылған өзгенің пікіріне (келісу/келіспеу себебін ) өз көзқарасын білдіреді
  • сұхбаттасының айтқанын тыңдап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады;
  • қызығушылықпен тыңдап, сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді;
  • сұхбаттасын тыңдап, оның айтқанын түсінеді
  • көпшілік алдында сөйлеуге қойылатын талаптарды біледі

Оқушылардың көпшілігі:

  • бейнематериал бойынша мәтін мазмұнын болжайды, мазмұндама жаза алады
  • қызығушылықпен және комментарий айта отырып тыңдайды, түрлі жағдаяттарда жүйелі, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді;
  • диалогке белсенді қатысады;
  • көпшілік алдында сөйлеуге қойылатын талаптарды анықтайды

 Оқушылардың кейбірі:

  • бейнематериал бойынша оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды, ой қорытындысын жасайды
  • диалогте рөлдерді (тыңдаушы, сөйлеуші) еркін алмастыра алады
  • көпшілік алдында сөйлеуге қойылатын талаптарды ұсынады

Бағалау критерийлері

  • бейнематериал бойынша оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды, ой қорытындысын жасайды
  • диалогте рөлдерді (тыңдаушы, сөйлеуші) еркін алмастыра алады көпшілік алдында сөйлеуге қойылатын талаптарды ұсынады

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Сәулет өнері, құрылыс, архитектура, ескерткіш, мешіт, қақпа

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

Жаркент қаласындағы мешіт қай жылдары салынған?

Сәулетшісі кім?

Мешіт құрылысының ерекшелігі неде?

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация, видеоматериал көрсету

Құндылықтар

Сыйласымдылыққа, адамгершілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Алдыңғы меңгерілген білім

Түбір және туынды сөз

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 минут

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал.

Біздер тату баламыз,

Өсіп алға барамыз.

Әріптерді үйреніп,

Білімді шәкірт боламыз.

Үй тапсырмасын тексеру.

Мәтінді көшіріп жаз. Туынды сөздердің астын сыз. Кітапханаға барғаның жайлы әңгімеле.

Алматыдағы ең үлкен кітапхана – Ұлттық кітапхана. Кітапхананың залдары кең, жарық. Кітапханаға оқушылар, студенттер, ғалымдар, жұмысшылар келеді. Мұнда керек кітаптың бәрі бар. Кітапханада мейірімді жандар жұмыс істейді.

Оқушыларға сұрақтар қойылады.

Сәулет өнері туралы не білесіңдер?

 Сәулет өнері – адамдардың жайлы және сәнді өмір сүруі үшін әртүрлі нысандар мен үй-жайларды салу өнері.

 Сәулет өнерінің қандай туындыларымен таныстық?

 Архитектура мен құрылыстың айырмашылығы неде?

Архитектура – құpылыс салу, жобалау, сәулет өнеpi. Ал құрылыс дегеніміз – жобасы күрделі, биік, әсем етіп салынған архитектуралық ғимарат.

Сабақтың ортасы

5-35 минут

5 минут

5-7 минут

1минут

10 минут

3.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұны бойынша айтылған өзгенің пікіріне (келісу/келіспеу себебін ) өз көзқарасын білдіру

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі

Кесене Оңтүстік-Қазақстан облысы Түркістан қаласында орналасқан. Оны әлемнің сезігінші кереметі деп тегіннен тегін атамаған. Бұл сарайлар мен ғибадатханалардың кешені орта ғасыр сәулетінің жауһары, ол ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне енген. Қожа Ахмет Яссауи - XII ғасыр ойшылы және түркілік сопылық бағытты дәріптеген ақыны. Біздің заманымызға дейін оның, әлемдегі ең көне түркі тілді кітап саналатын, «Даналық кітабы» атты еңбегі жеткен. Ол 149 діни-философиялық хикмет-өлеңдерден тұрады. Яссауи өзінің сопылық қауымын ұйымдастырған, онда адамдарды еңбекке баулып, қарапайым, құлшылық

етуге шақырып уағыздар айтылған. 63 жасында дүниеден өткен Мұхаммед Пайғамбардың ( с.ғ.а.) аруағын ардақтаған ол бұл дүниенің жарығын одан асып көруді өзіне артық санап, 63 жасқа толғаннан кейін мешіт жанындағы қылуетке түсіп, сол жерде өмірін жалғастырады. Ақын 1166 немесе 1167 жылдары дүниеден өткен. Оның зираты бірден мұсылман қауымының бас ұрып, тағзым ететін орнына айналды. Оған үш рет бару Меккеге барғанмен тең деп те жатады. Қожа Ахметтің арқасында Яссы қаласы – Түркістан – барша түркі елдерінің рухани орталығына айналды.

) Жұпта тыңдаған немесе оқыған мәтіні бойынша бір-біріне сұрақ қою, жауап алу.

Сұрақтар:

1. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі қай қалада орналасқан?

2. Қожа Ахмет Яссауи кім болған?

3. Даналық кітабы неден тұрады? т.с.с.

(Ө) Тыңдаған немесе оқыған мәтінінің ең қызықты тұстарын белгілеп алу. Жоспар арқылы мазмұндама жазу.

(Ұ) Бейнематериал тамашалау.

Келесі бір сәулет өнерінің туындысы Жаркент мешіті. Мешітке байланысты видео көрсетіледі. Көрген бейнематериалға өз көзқарасын білдіру. Сабақ мақсатына сәйкес, бейнематериал бойынша мешіт туралы оқушылардың ойлары сұралады. Әрбір оқушы өз көзқарасын білдіреді, пікірталасқа қатысады. Ой қорытындысын жасайды.

Тыңдаған материалынан таныс емес сөздерді белгілеу үшін мұғалім «Мәтіндегі мәліметтердің ең қажеттісін есіңе сақта» дей отырып, «Әңгіме саған қандай әсер қалдырды?», «Мәтіннің қай тұсы саған түсініксіз?» сұрақтарын қояды

Түсіп қалған сөздерді орнына қойып, мәтінді оқы.

Сөздер: ескерткіш, қоршалған, мешіт, қақпасы

Жаркент мешіті - 1892 - 1995 жылы Жаркент қаласында салынған ... Сәулетшісі Хон-Пик. Мешіт 52 бағана тізбегімен айналдыра... Интерьері әсем оймыш, нәзік өрнектермен безендірілген. Мешіт қабырғасы да шебер қиюластырылған бағаналардан құралған, төбесі қаңылтырмен жабылған. ... ауласының солтүстік-шығыс бұрышында шағын үй, оңтүстік қапталында медресе орналасқан.  Оңтүстік және солтүстік қапталында үлкен ... бар.

 

https://www.youtube.com/watch?v=PacHRnq5bEA

Қорытынды бөлім

35-40 минут

5 минут

Сабақтың соңында мақсатқа оралып, сабақты қорыту.

-Сабақта не үйрендіңдер?

«Бағдаршам» бағалау әдісін қолдану.

• Мен түсіндім – жасыл түс;

• Мен сенімді емеспін – сары түс;

• Мен толық түсінбедім – бағдаршамның қызыл түсі.

Үй тапсырмасы: Кез келген бір сәулет өнерінің туындысы туралы эссе жазып келу.

Қосымша ақпарат

Саралау -оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қиюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланысденсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Тапсырма көлемі бойынша саралау, сұраулы сөйлемдерді топтастыру барысында;
  • Үй тапсырмасы бойынша мүмкіндігіне қарай таңдау
  • Бақылау негізінде қолдауды қажет ететін оқушыларды белгілеу
  • Жазба жұмысын «Бағалау бағдаршамы» негізінде ұйымдастыру
  • Өзін-өзі бағалау кестесі

Белсенді қимыл іс-әрекеттер, сергіту сәтін ұйымдастыру.

Рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу