1.Қазақ тілі_3-сынып_4-бөлім Сәулет өнері_Өткенді пысықтау БЖБ_КМЖ
Қысқа мерзімді жоспар
Пән:Қазақ тілі Бөлім: 4 Сәулет өнері | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Жарылғасова Ж.М. | |||||
Сабақ тақырыбы: | Өткенді пысықтау. «Сәулет өнері» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау. (БЖБ) | |||||
Күні: | ||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.2.6.1 Мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін/ стилін(көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін /жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу; 3.4.2.1 Негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату. | |||||
Сабақ мақсаттары | -тірек сызбаларды басшылыққа алып, мәтін түрлері, стилі бойынша ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтайды; -негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасайды. | |||||
Бағалау критерийлері | -Мәтіндерді салыстырады және стилін анықтайды. -Негізгі түбірден туынды сөз жасайды. | |||||
Сөздік қор | Пәндік терминология мен тірек сөздер Мәтіннің түрлері, стилі,жанр, туынды сөздер, түбірлес сөздер. Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:
| |||||
Құндылықтарды дарыту | Жауапкершілікке, ұқыптылыққа баулу | |||||
Пәнаралық байланыстар | Әдебиеттік оқу, өзін-өзі тану | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Мәтін, мәтін және оның түрлерінің сипаттамасын, құрылымдық ерекшеліктерін ажырата біледі. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарлан ған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5 мин 5 минут | І Ұйымдастыру кезеңі. Өтілген материалды пысықтау
1-тапсырма. Сурет бойынша сұрақтарға жауап беру. 1. Бұл тұрғын үй ме? Әлде қоғамдық орын ба? 2. Неден жасалынған? 3. Мұны кім құрастыруы мүмкін? 4. Қалада бола ма, ауылда бола ма? 5. Мұнда кімдер тұрады? 6. Сәулетші болсаң, айналасына не салар едің? ( Т) Тапсырманы жүзеге асыру үшін «Кластер» әдісін қолданады.Топта тақырып бойынша талқыға салып, жалпы топ атынан жауап дайындайды. Содан соң үй сөзіне түбірлес сөздер тапқызады: үй, үйшік, үйсіз. - Неліктен бұл тақырыптарды қайталадық деп ойлайсыңдар? - Бұл білім бізге қандай жағдайларда өмірде қолдануға қажет болады? Сабақ мақсатын хабарлау, бағалау критерийлерін таныстыру. | 2-слайд 3-слайд | ||||
Сабақтың ортасы 20 минут | Оқылым.Тапсырма. Мәтіндерді оқы. Мәтін қандай үлгіде жазылған? Сәйкестендір.
Мәтіндердің қандай ұқсастығы бар?________________________ _______________________________________________________ _______________________________________________________ Жазылым. 2-тапсырма.Мәтіннен қарамен жазылған сөздерді теріп жаз. Оларға жұрнақ жалғау арқылы туынды сөз жаса. 1.____________________________ 2.____________________________ 3.____________________________ 4.____________________________ | |||||
Сабақтың соңы 5 минут | Өзін-өзі тексеру. Жазған жұмысыңды оқып, тексер. - Мәтін түрлерін дұрыс таптың ба? - Мәтіннің стилін анықтай алдың ба? - Түбірден туынды сөздер жасай алдың ба? Үй тапсырмасы: Өзің тұратын жердегі ғимарат туралы жазу. | |||||
Саралау– оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Ресурс арқылы саралау, мәтін құрылымының шаблоны беріледі. | Қалыптастырушы бағалау дескрипторына сәйкес жүреді. | Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?