1.Қазақ тілі_3-сынып_3,4-бөлім Уақыт.Сәулет._2-тоқсан жиынтықбағалауы_ҚМЖ


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Қазақ тілі

Бөлім: 3,4-

Уақыт

Сәулет

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Жарылғасова Ж.М.

Сабақ тақырыбы:

2-тоқсан жиынтық бағалауы (ТЖБ)

Күні:

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.3.1 Түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлесу

3.2.6.1 Мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін/ стилін(көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін /жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу

3.4.2.7 Сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату

3.4.2.8 Мұғалімнің көмегімен жалаң және жайылма сөйлемдерді ажырату

Бағалау критерийлері

-сұхбаттасының айтқанын тыңдап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады;

-тірек сызбаларды басшылыққа алып, мәтін түрлері, жанры бойынша ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтайды;

-сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерін ажыратады;

-жалаң және жайылма сөйлемдерді ажыратады.

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Мәтін түрлері, жанр, сөйлем мүшелері,жалаң және жайылма сөйлемдер.

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілікті болу, өзіндік тәртіп, туған халқына құрмет, сүйіспеншілікті ұялату.

Пәнаралық байланыстар

Әдебиеттік оқу, өзін-өзі тану

Алдыңғы меңгерілген білім

Мәтін, мәтін және оның түрлерінің сипаттамасын, құрылымдық ерекшеліктерін ажырата біледі. Сөйлем мүшелеріне талдау жасай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарлан

ған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі. Өтілген материалды қайталау.

Сабақ мақсатын хабарлау, бағалау критерийлерін таныстыру.

Слайд

Сабақтың ортасы

20 минут

Тыңдалым және айтылым

1-тапсырма. 3.1.3.1

Суретке мұқият қара. «Сабақтан кешігу» тақырыбында тірек

сөздерді қолдана отырып, диалог құрастыр.

 

Тірек сөздер:дүйсенбі, кешігу, 5 минут, ұйықтап қалу, уақыт, әдет, күн тәртібін сақтау, жас кезіңнен қалыптастыру, уәде беру.

-тақырыпқа сәйкес диалог құрастырады;

-сұхбаттасына сұрақ қояды;

-сұхбаттасының сұрағына жауап береді;

-сөйлеу барысында тірек сөздерді орынды қолданады;

-сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.

Оқылым.

2-тапсырма. 3.2.6.1

Мәтіндерді түсініп оқы. Мәтін түрлерін анықтап, сәйкестендір.

Мәтіндер қай жанрда жазылған?

______________________________________________________

Мәтіндердің қандай ұқсастығы бар?

___________________________________________________

___________________________________________________

- әңгімелеу мәтінін анықтайды;

- сипаттау мәтінін анықтайды;

- пайымдау мәтінін анықтайды;

- әңгіме жанры екенін анықтайды;

-мәтіндердің ұқсастығын анықтайды.

Жазылым.

3-тапсырма 3.4.2.8

Сөйлемдерді түрімен сәйкестендір.

4-тапсырма 3.4.2.7;

Жайылма сөйлемді көшіріп жаз. Сөйлемдегі бастауыштың астын - бір, баяндауышты –екі, тұрлаусыз мүшелердің астын ирек сызықпен сыз.

_____________________________________________________________________________________________________________

-жалаң сөйлемді анықтайды;

-жайылма сөйлемді анықтайды;

-бастауышты анықтайды;

-баяндауышты анықтайды;

-тұрлаусыз мүшелерді анықтайды;

http://www.scriru.com/files/copii/62_poze/image012.jpg

[6 балл]

[5 балл]

[5 балл]

Сабақтың соңы

2минут

Үй тапсырмасы: Арыстан баб кесенесі туралы ақпарат көздерінен білу.

Саралау– оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу