Қазақ тілі_3 сынып_ 4- бөлім_ Сәулет өнері_№8 сабақ_ Түбір сөздегі-ы,-і өзгерісі _Презентация


«Қазақ тілі» пәні

3-сынып

4-бөлім «Сәулет өнері»

8 сабақ

САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ:

Түбір сөздегі –ы,-і өзгерісі. Орын-орны. Мойын- мойны.

Дауыс-даусы сияқты сөздер емлесі

Оқу мақсаты:

3.4.2.1* негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату

Суреттегі нәрселердің атына жалғау жалғап жаз.

Суреттегі нәрселердің атына жалғау жалғап жаз.

Сөздерді түсініп оқы.

Сөздерге ы, і әріптерінің тиістісін жалғап көшіріп жаз.

Өзгерген әріптің астынбір жалғаудың астын екі рет сыз.

Түбір сөздің соңғы дыбысы неліктен өзгереді деп ойлайсың?

Қазақ елінің ғажайып сәулетті өнеріғимараттарға саяхат ойын арқылы ұйымдастырылады. Әр топтың өздеріне берілген ғимарат суреттерін (Айша бибі, Қарахан, Жошы хан, Алаша хан, А.Ясауи) картаға дұрыс орналастыруы және ол туралы жүйелі айтуы мұғалім тарапынан қадағаланады.

Жаңылпашты оқып, жатқа айт.

Балалар қар күреді,

Қарды ауладан ары күреді.

Күрегі бардың бәрі қар күреді.

Қарамен жазылған сөздің түбірін тап.

Түбір сөздің соңғы дыбысы неліктен өзгергенін түсіндір

Жақшаның ішіндегі әріптердің тиістісін қойып, мәтінді көшіріп жаз.

Өзгерген әріптің астынбір, жалғаудың астын екі рет сыз.

Әріптердің өзгеру себебін түсіндіріп көр.

Үлкен ағаштың тү(п, б)інде әже ұршықпен жіп иіріп отырды. Қасындағы Әсем кіта (п, б)ын қолына алып, ертегі оқи бастады. Кенет шөптің арасынан ала күшік жүгіріп шықты. Ол біресе Әсемнің до(п, б)ына, біресе әженің ұршы(қ, ғ)ына қарады. Әсем кіта(п, б)ын қойып, күшікпен ойнауға кірісті.

Сөздерді көшіріп жаз.

Халық-халқы, ерікеркі, құлыпқұлпы, орынорны, бөрікбөркі.

Сөздерді салыстыр, олардың бір-бірінен өзгешілігін тап.

Түбір сөздің жазылуын өзгерткен қосымшаны ата.

Сөздердің жазылуын есте сақта.

Тізбектің басында тұратын сөзді тауып, көп нүстенің орнына жаз. Түбір сөздерді қатыстырып сөйлем құра.

Өзінөзі бағалау

Бармақты жоғары көтеруіжақсы.

Бармақты көлденең ұстаса -тәжірибені қажет етеді

Бармақтар төменге бағытталса - әлі де жақсартуды қажет етеді.

Үй тапсырмасы:

Бірінші жолдағы сөздерге-жуан, екінші жолдағы сөздерге жіңішке қосымшалар жалғап, оларды көшіріп жаз.

Өнерпаз, ұста, жұлдыз, шолпы, орақ.

Зергер, киіз, күміс, шегіртке, білезік



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу