Қазақ тілі_3 сынып_ 4- бөлім_ Сәулет өнері_№9 сабақ_ Түбір сөз және туынды сөз _Әдістемелік нсұқаулық


Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық

Пән: Қазақ тілі

Бөлімі:Сәулет

Сабақ тақырыбы: №9 сабақ. Түбір және туынды сөз

Оқу мақсаты:

3.4.2.1* негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.

Ресустар: үлестірме қағаздар, өздік жұмыс

Қауіпсіздік және денсаулық сақтау: оқушылардың сынып ішінде қозғалысын дұрыс ұйымдастырып, қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Оқушылардың оқу әрекеті түрлерін алмастырып отыру, шаршамауын қадағалау. Сергіту сәті ұйымдастыру.

Сабаққа қажетті теориялық материалдар негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату

Сабаққа қатысты ескертпелер

Үй тапсырмасын тексеру. Білімді бекіту. Оқушыларға кесте арқылы тапсырма беріледі. Кестеде берілген сөздердің түбірін, жұрнағын, жалғауын табады.

Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын хабарлау. Бағалау критерийлерін оқушылармен бірге белгілеу.

Түбір сөздерге тиісті жұрнақтарды қосып жаз.

Жұмыс, дос, сый, талап, қызмет, дойбы, ас

-лық, - шы, -ші, -кер, -тық

Дескриптор:

  • Түбір сөздерге жұрнақтарды қосып жазады.

2. Түбірлес сөздердің мағынасын ажыратады

Мәтінді оқиды. Бұл тапсырма жұппен жұмыс жасауға арналады. Мәтін мазмұнына тірек болатын сөздерді табады. Қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндіреді. Мәтін бойынша бір-біріңді сұрақ қояды.

Сауалнамалық тапсырма. Бұл тапсырма оқушылардың өздігінен орындауына арналған.

Оқушылар жұмбақ шешеді. Жұмбақты шешіп, су сөзін табады. Интерактивті тақтада мына сөздер көрсетіледі: су, суат, сушы, суық, сулы, сусын, сулық. Оқушылар сөздерді оқиды, , әр сөздің мағынасын ашады, сөздердің түбірі мен қосымшасын ажыратады.

Қандай ерекшелік байқағандарын айтады, барлық сөздің түбірі бірдей болатындығын аңғарады.Бір түбірден бірнеше туынды сөз жасауға болады.

Келесі тапсырмада оқушылар мәтінді оқиды. Туынды сөздерді теріп жазады.

Берілген сөздерді жұрнақтар арқылы туынды сөзге айналдырады.

Рефлексия. Бәрін жақсы түсіндім деген оқушы №1, әлі де сұрақтарым бар деген оқушы №2, ешнәрсе түсінбедім деген оқушы №3 суретті көтеру арқылы сабаққа кері байланыс жасайды.

Мақалды көшіріп жазу. Туынды сөздерді тауып, белгісін қою тапсырмасы үйге беріледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу