Қазақ тілі_3 сынып_ 4- бөлім_ Сәулет өнері_№11 сабақ_Сөз құрамы. Бәйтерек туралы аңыз ҚМЖ


Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сәулет өнері

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Турсынова Л.Д

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

11-сабақ. Сөз құрамы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.2.1* мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау

3.2.2.1 тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріппен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу,үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар:

- жетекші сұрақтар көмегімен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;

- тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын түсіндірме сөздік көмегімен ажырата біледі,сөйлеу барысында қолданады;

Оқушылардың көбі:

- тақырып пен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;

- тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын контексте

ажыратады,сөйлеу барысында қолданады;

Оқушылардың кейбірі:

-сурет бойынша жасаған болжамын негіздей алады;

- тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын ажыратады, сөйлеу барысында орынды қолданады.

Бағалау критерийлері

  • Сұрақтардың көмегімен сурет бойынша мәтін мазмұнын анықтау;
  • Сөз құрамының жасалу жолы мен танысамыз.

Тірек сөздер

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Мәтін, сипаттау мәтіні, әңгімелеу мәтіні, пайымдау мәтіні

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

Құндылықтар

Өз елінің патриоты болуға баулу.

Алдыңғы меңгерілген білім

Сөз құрамы (түбір, қосымша) туралы біледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Білімді бекіту. Үй тапсырмасын тексеру:

«Ішкі және сыртқы» шеңбер бойынша өткен сабақты еске түсіреміз.

Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын хабарлау. Бағалау критерийлерін оқушылармен бірге белгілеу.

(Ұ) 3 топқа бөлу

1-топ архитекторлар

2-топ  тарихшылар

3-топ туризм  агенттігі қызметкерлері

Ережені қайталау:

Қима қағаздар

Сабақтың ортасы

8 минут

1минут

9-минут

4-минут

8- минут

3.1.2.1* мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау

Ширату «Ойымызбен бөлісейік» айдары бойынша жұмыс

(МК)

1.Сәулет өнерінің құндылығы неде?

2.Сәулет өнері ескерткіштері тарихтан қандай сыр шертеді деп ойлайсыз?

Архитектура, сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Сәулет өнері – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Қазақстан жерінде Тараз, Құлан, Сайрам , Отырар, Созақ, Түркістан Алмалық сияқты ірі қалаларда архитетуралық ескерткіштер көптеп салынған.

А.Байтұрсынов адамзат тарихындағы бес өнерді атап көрсеткен.Оның біріншісі-сөз өнері, екіншісі –сәулет өнері, үшіншісі мүсін өнері, төртіншісі сурет, бесіншісі –би, саз өнері деп бөлген екен.

Жаңа сабақ тақырыпты талдауға топтарға тапсырма    (15 минут )

І топқа тапсырма:

Айша бибі, Қожа Ахмет Яссауи, Бабаджа Қатын ескерткіштерінің архитектуралық ерекшеліктерін сипаттау

 

ІІ топқа тапсырма:

Архитектура және архитектуралық ескерткіштердің шығу тарихы,  аңызын талдау ( жоба құрастыру)

 

ІІІ топқа тапсырма:

Архитектуралық ескерткіштерді насихаттау үшін жарнама жасау

Талдауға 3 минуттан

Екі жұлдыз бір тілек бойынша бағалау

Сергіту сәті.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш,

Бойға жинап күш.

Жаттығу жасап алайық,

Бiр дем алып қалайық.

(МК, Ө) Көркем жазу

Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен көлемін көрсету. Үлгі бойынша жазу ұсынылады.

Жазайық. 3.2.2.1 (Ө,Ж) тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану.

(ЖЖ) Берілген сөздерге пан, шақ, ша, тай жұрнақтарының тиістісін жалғап жаз.

Аға, кітап, құлын, бала.

Жұрнақ қосылған сөздермен сөйлемдер құрастыр.

3.3.6.1. (Ө)

Әдемі сауатты қатесіз көркем көшіріп жазу.

Адамдар баспана салды. Баспаналар бір-біріне ұқсас болды. Кейін тұрғын үйден басқа да құрылыстар салына бастады.

Ой шақыру.

3.2.2.1(Ө,Ж,Қ) Деңгейлік сұрақтар ұяшықтардан сұрақтар таңдайды

І деңгей

1.Қазақ жеріндегі архитектуралық ескерткіштерді атаңыз?

  • Архитектура деген ұғымды қалай түсінесіз?
  • Сәулет өнерінің Қазақстан жеріндегі түрлерін

атаңыз?

ІІ деңгей

1.Сәулет өнерінің құрамдас бөліктерін атаңыз?

2.Орта ғасырлық сәулет өнерінің ерекшелігі неде?

3. Сәулет өнерінің кезеңдерін атаңыз?

ІІІ деңгей

1.Қазақстанда іргелі ғимаратық құрылыстар қай жерлерде бой көтере бастады және оған қандай жағдай әсер етті?

  •  Архитектуралық ескерткіштердің тарихи маңызы қандай ?
  •  Әмір Темір Ахмет Йасуаи кесенесін салдырғанда қандай мақсатты көздеген?

Ойлан, тап!3.2.2.1(Ө) Әр сызбаға сай сөз тауып айт.

Дифференциация.

Тапсырманы шапшаң әрі дұрыс орындайтын оқушыларға ұсынылады (Қосымшада берілген)

слайд

А4 қағаз, фломастер

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақтың мақсатына оралып, үйренгендерін атау.

Үй тапсырмасы:

Төмендегі сөйлемдерді көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын тауып, белгілерін қой.

Аңшылық адам баласының ең алғашқы күнкөрісінің бірі болған. Бүркіт-таулы өлкеде кездесетін жыртқыш құс. Бүркіт ерлік, өжеттілік, қайраттылықтың символы болып есептеледі.

Қосымша ақпарат

Саралау

Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланысденсаулық пен қауіпсіздік

  • Тапсырма көлемі бойынша саралау, сұраулы сөйлемдерді топтастыру барысында;
  • Үй тапсырмасы бойынша мүмкіндігіне қарай таңдау
  • Бақылау негізінде қолдауды қажет ететін оқушыларды белгілеу
  • Жазба жұмысын «Бағалау бағдаршамы» негізінде ұйымдастыру
  • Өзін-өзі бағалау кестесі

Жаратылыстану пәні.

«Кім зарек?» ойыны.

Рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Қорытынды бағалау

Сабақтың ең ұтымды кезеңдері.

1:

2:

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі әдіс.

1:

2:

Келесі сабақты жоспарлауға септігін тигізетіндей осы сабақтан сыныптағы және жеке оқушылар жайлы не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу