Қазақ тілі_3 сынып_ 4- бөлім_ Сәулет өнері_№12 сабақ_ Туынды сөз _ҚМЖ
Пән: Қазақ тілі Бөлімі: Сәулет Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Турсынова Л.Д Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақ тақырыбы: | 12 сабақ. Туынды сөз | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.4.2.1* негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату 3.3.6.1 Кең жолды дәптерде бас әріппен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету; | ||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| ||||||||||
Бағалау критерийлері | негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату | ||||||||||
Сөздік қор | Пәндік терминология мен тірек сөздер кішіпейіл, қарапайымдылық, кісілік, ризашылық Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл: Талқылау үшін сұрақтар Қастеев кім? Қастеев қай кезде дүниеге келген? Туынды сөз дегеніміз не? | ||||||||||
Құндылықтар | Достыққа тәрбиелеу, басқаны құрметтеу және бәсекелестікке дайын болу. | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану | ||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Сөз құрамы, түбір және туынды сөз туралы алған білімдерін қолданады | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация көрсету | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы 1-5 минут 5 минут | Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал
Армысың, алтын күн! Армысың, жақсы дос! Бос өтпей әрбір күн Білімге білім қос! Үй тапсырмасын тексеру. Сызбалардың қасына сәйкес келетін сөздерді жаз. Көк, теңізде, суретші, күйшіге.
Осы сөздермен сөйлемдер құрастыр. | ||||||||||
Сабақтың ортасы 5-35 минут 5 минут 5-7 минут 1минут 10 минут | 3.4.2.1* негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату Берілген сөздерден туынды сөздерді теріп жаз. Он, оюлы, айран, ұяда, алмадай, үйде, зергер, партаға, жақсылық. (МК, Ұ) Мәтінді түсініп оқы. Туынды сөздерді тауып, талдау жаса. Қазақтың Қастееві Табиғи талантымен қазақтың Қастееві атанған әкем туралы әңгіме айту- үлкен парыз. Біз әкемізден қарапайымдылық, кішіпейілділік, кісілік, адамға қиянат жасамауды үйрендік.Жан тазалығымен ар тазалығын сақтауды естіп өстік. Қандай мақтау естісе де қарапайым, кішіпейіл күйінен өзгермейтін, ризашылығын тек өзіне тән жылы жымиыспен сездіретін. (ЖЖ) Сөздерге тиісті жұрнақтарды жалғап, туынды сөз жаса (-ім,-м,-пе,-шік). Көкте...., көл...., өн..., кес... . Жаңа сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастырып жаз. Орнымыздан тұрамыз оң қолымызды көтеріп, алма ағашынан алма аламыз. Жұлып тіземізді бүкпей оң аяғымызға жеткіземіз. Сол қолымызды көтеріп, алма ағашынан алма аламыз. Жұлып тіземізді бүкпей сол аяғымызға жеткіземіз. 3.3.6.1 Кең жолды дәптерде бас әріппен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету; (Ө) Берілген сөздерді жұрнақтар арқылы туынды сөзге айналдырып жаз. Тау, ақыл, өнер, көйлек, біл, ек. (Ұ) Берілген сөздерден жұрнақ жалғанған туынды сөздерді теріп жаз. Ауыл, өріктер, шыдамды, көбелек, күздік, толқын, инабатты. Дифференциация жұмысы І деңгей. Көп нүктенің орнына тиісті түбір сөзді қойып жаз. Өзің қалаған төрт сөзбен сөйлем құрастыр. ...лы, ...ды, ...ді, ...шы, ...ші, ...кер, ...хана. ІІ деңгей. Берілген сөздерден жұрнақ жалғанған туынды сөздерді теріп жаз. Ауыл, өріктер, шыдамды, көбелек, күздік, толқын, инабатты. ІІІ деңгей. Нақыл сөзді оқып, туынды сөздерді теріп жаз. Түбірі мен қосымшасын белгіле. Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесің? Ар – жақсылық пен зұлымдықты, шындық пен жалғандықты, әділдік пен әділетсіздікті анықтайтын адамгершілік ұғымы. Б.Момышұлы | ||||||||||
Қорытынды бөлім 35-40 минут 5 минут | Сабақтың мақсатына оралып, сабақты қорытындылау. Үй тапсырмасы: Төмендегі сөздерді сызбаларға сәйкес таңдап жаз. Әнші, кітаптар, алша, кәсіпкерден.
| ||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||
Саралау | Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланысденсаулық пен қауіпсіздік | |||||||||
|
| Жаратылыстану пәні. «Кім зарек?» ойыны. | |||||||||
Рефлексия Сабақ мақсатына жеттім бе? Оқушылар не үйренді? Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма? Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма? Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен? | |||||||||||
Қорытынды бағалау Сабақтың ең ұтымды кезеңдері. 1: 2: Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі әдіс. 1: 2: Келесі сабақты жоспарлауға септігін тигізетіндей осы сабақтан сыныптағы және жеке оқушылар жайлы не білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?