Қазақ тілі_3 сынып_ 4- бөлім_ Сәулет өнері_№14 сабақ_ Бейнематериал бойынша мазмұндама жазу _Әдістемелік нұсқаулық


Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық

Пән: Қазақ тілі

Бөлімі:Сәулет

Сабақ тақырыбы: №14 сабақ.Бейнематериал бойынша мазмұндама жазу (Қысқа ғана тарихи сәулет туындысын алуға болады. Мысалы, Арыстан баб кесенесі)

Оқу мақсаты:

3.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұны бойынша айтылған өзгенің пікіріне (келісу/келіспеу себебін ) өз көзқарасын білдіру

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу

Сабақтың барысы

Оқушыларға сұрақтар қойылады.

Сәулет өнері туралы не білесіңдер?

 Сәулет өнері – адамдардың жайлы және сәнді өмір сүруі үшін әртүрлі нысандар мен үй-жайларды салу өнері.

 Сәулет өнерінің қандай туындыларымен таныстық?

 Архитектура мен құрылыстың айырмашылығы неде?

Архитектура – құpылыс салу, жобалау, сәулет өнеpi. Ал құрылыс дегеніміз – жобасы

күрделі, биік, әсем етіп салынған архитектуралық ғимарат.

Оқушыларға сұрақтар қойылады.

Сәулет өнері туралы не білесіңдер?

 Сәулет өнері – адамдардың жайлы және сәнді өмір сүруі үшін әртүрлі нысандар мен үй-жайларды салу өнері.

 Сәулет өнерінің қандай туындыларымен таныстық?

 Архитектура мен құрылыстың айырмашылығы неде?

Архитектура – құpылыс салу, жобалау, сәулет өнеpi. Ал құрылыс дегеніміз – жобасы күрделі, биік, әсем етіп салынған архитектуралық ғимарат.

Арыстан баб кесенесі

Арыстан баб кесенесі - көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші. Бұл кесене 11 ғасырда өмір сүрген діни көріпкел Арыстан баб мазарының үстіне салынған. Кесененің бірінші құрылысы 14-15 ғасырға жатады.

Қазіргі кезде Арыстан баб мазары үстінде 30х13 метр аумағы бар кесене тұр. Кесене дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған. Кешеннің ең көне бөлігі қабірхана болуы тиіс. Қазір де оның едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік.

Тарихи деректер бойынша 12-18 ғасырларда кесене бірнеше рет қайта салынып, қайта жаңартылған. Қазіргі кезде бұл кесене Орталық Азиядағы қажылық міндетті өтейтін мұсылман киелі жерлерінің бірі болып саналады.

Аңыз бойынша Арыстан баб Мұхаммед пайғамбардың елшісі болған. Бір күні Мұхаммед пайғамбар өзінің шәкірттерімен құрма жеп отырған еді. Бір құрма қайта-қайта ыдыстан құлай беріп, пайғамбар ішкі дауысты естіді: « Бұл құрма Сізден кейін 400 жыл алдағы уақытта туылатын мұсылман бала Ахметке арналған». Сонда пайғамбар шәкірттері ішінен бұл құрманы кім иесіне жеткізетінін сұрайды. Ешкім сұранған жоқ. Пайғамбар сұрақты қайта қойғаннан кейін, Арыстан баб былай деді: «Егер Сіз Алла Тағаладан 400 жыл сұрап берсеңіз мен бұл құрманы иесіне жеткіземін». Халық аңыздарынан және жазба деректеріне қарағанда Арыстан баб Ахмет Яссауидің ұстазы болып құрманы жеткізеді.

Қожа Ахмет Яссауи ұлы әулие мен діни көріпкел 1103 жылы туылып 1166 жылы қайтыс болған. Мұсылмандар ішінде Қожа Ахмет Яссауи Мұхаммед пайғамбардан соң екінші болып саналады.

Арыстан баб кесенесі - Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы жерленген орны болып келеді. Аңыз бойынша, о дүниеге кетер алдында Мұхаммед пайғамбар Арыстан бабқа аманат тасбиғын берді, ал ол 11 жастағы бала Қожа Ахмет Яссауиге ұсынды. Арыстан баб кесенесі жанында емдеу қасиеттері бар өте тұзды сулы құдық бар.

) Жұпта тыңдаған немесе оқыған мәтіні бойынша бір-біріне сұрақ қою, жауап алу.

Сұрақтар:

1. Арыстан баб кесенесі қай жерде орналасқан?

2. Арыстан баб кімнің ұстазы?

3. Кесененің бірінші құрылысы қай ғасырға жатады?

4. Кесене қандай бөлмелерден тұрады?

5.Арыстан баб туралы қандай аңыздар бар?

(Ө) Тыңдаған немесе оқыған мәтінінің ең қызықты тұстарын белгілеп алу. Жоспар арқылы мазмұндама жазу.

(Ұ) Бейнематериал тамашалау.

Сабақтың соңында мақсатқа оралып, сабақты қорыту.

-Сабақта не үйрендіңдер?

«Бағдаршам» бағалау әдісін қолдану.

• Мен түсіндім – жасыл түс;

• Мен сенімді емеспін – сары түс;

• Мен толық түсінбедім – бағдаршамның қызыл түсі.

Үй тапсырмасы: Жаркент мешіті туралы мазмұндама жазып келу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу