Қазақ тілі_3 сынып_ 4- бөлім_ Сәулет өнері_№16 сабақ_ Түбір сөз және туынды сөз _презентация_ТЛ


«Қазақ тілі» пәні

3-сынып

4-бөлім «Сәулет өнері»

16 сабақ

Тақырыбы: Түбір және туынды сөз

Оқу мақсаты:

3.4.2.1* негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.

Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық ахуал

Мәтінді түсініп оқы. Түбір сөздерді тап.

Шілүй кептерінен сәл үлкендеу сұр түсті құс. Үстібасында қара, қоңыр, қызғылт, ақшыл дақтар мен жолақтары көп. Құйрығы қысқа әрі дөңгелене біткен. Төбесінде қозғалып тұратын қауырсын айдары бар.

(ЖЖ) Сөздерді оқы. Олардың қайсысы түбір сөз, қайсысы туынды сөз екінін айт.

Жазушы, өнер, ек, ертең, жарыс, сарғыш, іскер, ертеңгі, көңілді, іс, егін, жаз, балапан.

(ЖЖ) Сөйлемдерді көшіріп жаз.

1. Өнерпаз болсаң, арқалан. 2. Шәмші Қалдаяқовсазгер. 3. Дәріханада дәрі көп.

Қарамен жазылған туынлы сөздерді түбір күйіндегі қалпымен салыстыр. Мағыналарын түсіндір.

Туынды түбір сөз бен негізгі түбір сөздің айырмасы қандай?

(Ө) Мәтінді оқы.

Ерлан жасынан тіл алғыш. Үлкендерге еліктегіш. Киімдері мен оқулықтарына ұқыпты. Үстіне кір жуытпайды. Әрқашан кітапханадан шықпайды.

Туынды сөздерді тап.

Бақыт деген не?

Құрылысшы:

- Халыққа жылы үй салу!

Отыншы:

- Үйлердің отын жағу!

Дәрігер:

- Жұрт денсаулығын сақтау!

Аспаз:

- Дәмді етіп тамақ баптау!

Ұстаз:

- Балаға тәлім беру!

Шәкірт:

- Білімнің дәнін теру!

Үйге тапсырма:

Мақалды оқып, жатқа жаз.

Білімдіден ақыл шығар,

Ақылды қарттан нақыл шығар.

Туынды сөздерді тауып, оларды сөз құрамына талда.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу