Қазақ тілі 3 сынып 3 бөлім Уақытақырыбы Әдеби емес кітаптарды теледидар бағдарламаларымен салыстыру ДИДАКТИКА


1. Ғылыми  стиль Ғылыми еңбектерде, ғылыми баяндамаларда, лекцияларда қолданылады. Мұнда заттар мен құбылыстардың жалпы ерекшелігін ашып, мәлімет беру. Ғылыми терминдер, хабарлы сөйлемдер қолданылады. 2. Ресми іс-  қағаздар  стилі

Іс-қағаздар-да, нұсқау хаттар мен кеңсе құжат -тарында қолданылады. Оған мінездеме, түсінік хат, өмірбаян, арыз, т.б. жатады.

3. Публицистикалық стиль

Газет-журналда, жиналыстарда, бұқаралық ақпараттық құралдарда қолданылады. Көпшілікке әсер ету, құбылыстардың, оқиғаның мәнін ашу, оларға көпшіліктің назарын аударту, хабарлау, анық мәлімет беру мақсатында қолданылады. Оған мақала, радио-телеарнадағы тілдер, журналдардағы жазба тілі жатады. 4. Көркем  әдебиет  стиліКөркем шығармаларда қолданылады. Құбылыстар мен заттарды суреттеу, бейнелеу. Оған аңыз, ертегі, көркем әңгіме, т.б. жатады. 5. Ауызекі  сөйлеу стиліАдамдармен еркін әңгіме кезінде қолданылады. Оған диалог, монолог, т.б. жатады.

Әл-Фараби (870-950)

Тарихымыздағы ұлы тұлғалардын бірі, ислам дүниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы, Аристотельден кейінгі "екінші ұстаз" атанған Әбу Насыр әл-Фараби қазақ жерінде, Отырар қаласында дүниеге келген.Ол дәулетті ортасынан шыққан. Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс езенінің Сырға барып құятын жеріндегі Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Үзлағ ибн Тархан әл-Фараби, яғни әкесі Үзлағ, арғы атасы Тархан. Туған жері — қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба — Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу-Насыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр атанған.

Өмірбаян

5-ші қазан, 2015 жыл. Сағат 12.00. Мен Отырар қаласына саяхатшылармен келген кезім. Көліктен түсіп, аяғымды жерге басқаным сол еді Әль-Фараби бабамыз есіме оралды.

5-ші қазан, 2015 жыл. Сағат 12.15. Көліктен түсіп, көне кітапхананың орнына келіп жеттік. Қаланың орны ғана бар. Кең далада көмілген құмдар мен сынған құмыраның қалдықтары ғана көрінеді.

Мен ескі кітапхананың бөлмелерін аралап жүрмін.

5-ші қазан, 2015 жыл. Сағат 18.00. Саяхатымыз аяқталды. Тарихқа толы Отырар қаласының жойылып кеткеніне іштей күрсіндім. Әлемге танымал ғалым-ғұламалар білім алған Ордадан кеткім келмеді. Бірақ, жол жүретін уақыт та болды.

Күнделік

Отырар (Тұрарбанд, Тұрар, Тарбанд, Фараб) – ортағасырлық қала орны. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Темір темір жол стансасынан солтүстік-батысқа қарай 7 км жерде орналасқан. Отырар 8 ғасырдың басынан Тарбанд (Трабан) деген атаумен белгілі. Бұл атау Күлтегін және Білге қаған құрметіне арналған көне түркі жазбаларда кездеседі. 8 ғ-дағы араб географы Якут “Тарбанд, Тұрар, Тұрарбанд пен Отырар – бір қала” деп жазады. Араб тарихшысы Табаридің Отырар патшасын әл-Мамун халифтың жауларының бірі деп атағанына қарағанда, Отырар 9 ғ-дың өзінде-ақ ірі қала болған.

Баяндама



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу