Қазақ тілі 3 сынып 3 бөлім Уақытақырыбы Әдеби емес кітаптарды теледидар бағдарламаларымен салыстыру ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім: «Уақыт»

Мектеп:

Күні: 2-тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Көне өркениетті зерттеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.6.2* көркем, публицистикалық және ресми стильдерді (мақала, хабарландыру, күнделік, өмірбаян...) ажырату

Сабақ

мақсаттары

Көркем, публицистикалық және ресми стильдерді ажырату

Бағалау критерийлері

Көркем –әдебиет стилін ажырата алады;

Публицистикалық стильді ажырата алады;

Ресми іс-қағаздар стилін ажарата алады

Сөздік қор

Жазу, көне, шаһар, стиль атаулары.

Құндылықтарды дарыту

қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, математика

Алдыңғы меңгерілген білім

Отырар қаласы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-6 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың зейінің сабаққа аудару.

Ойын:«Сыртқы, ішкі шеңбер»

Балалар шеңберге тұрып, сыртқы шеңбер ішкі шеңберге Отырар бойынша сұрақтар қояды, ішкі шеңбер жауап береді. Кейін ауысады.

/Сұрақ-жауап бойынша өздерінің қандай ақпаратпен толыққандығын айтып өтеді/

(МК,Ұ) Бейнежазба көру.

«Сән үлгісі»

Проблемалық сұрақ:

-Балалар, бейнежазба не туралы болды?

-Неліктен дәстүрлі стильдегі киімдерді күнделікті өмірде кие алмаймыз?

- Стильдерді ажатара білудің маңызы бар ма?

-Стиль ұғымының бүгінгі сабақпен байланыс қандай деп ойлайсыңдар?

/Оқушылардың жауаптары тыңдалады/

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырады. Бағалау критерийлерін шығарады.

Слайд

Сабақ ортасы

7-15 минут

16-25 минут

26-35 минут

(Ұ) Жаңа тақырып

Мақсаты: стиль түрлерімен таныстыру, оларды ажырата білуге дағдылану.

- Балалар «Стиль» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

/Оқушылардың жауаптары тыңдалады , да мұғалім ақпаратты толықтырады/.

Стиль – латынша stylos (қазақша – жазу құралы) деген сөз. Латын тілінде кейіннен стиль сөзі «жазу мәнері» деген мағынада қолданылатын болған [2;4]. Стилистика – ең алдымен стиль туралы ғылым. Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолданылу принциптерін айтамыз. Бір ұғымды айтып, не жазып жеткізу үшін қажетті тілдік тәсілдерді сұрыптап қолдануға болады.

(Ө, Т) «Ойлан.Бірік.Талқыла» стратегиясы

Мақсаты: стиль түрлерімен танысу.

Оқушыларды иұғалім дейгейлеріне сәйкес топқа бөліп отырғызады.

Әрбір топқа қима қағазда жазылған мәлімет таратылып беріледі.

Тапсырма:

  • Берілген ақпаратты түсініп оқы.
  • Топта талқыла.
  • Топпен ойласа отырып таңдаған стиль түрі туралы басқа топтарға ақпарат бер.

Стиль түрлері: 1. Ғылыми  стиль Ғылыми еңбектерде, ғылыми баяндамаларда, лекцияларда қолданылады. Мұнда заттар мен құбылыстардың жалпы ерекшелігін ашып, мәлімет беру. Ғылыми терминдер, хабарлы сөйлемдер қолданылады.

2. Ресми іс-  қағаздар  стилі

Іс-қағаздар-да, нұсқау хаттар мен кеңсе құжат -тарында қолданылады. Оған мінездеме, түсінік хат, өмірбаян, арыз, т.б. жатады.

3. Публицистикалық стиль Газет-журналда, жиналыстарда, бұқаралық ақпараттық құралдарда қолданылады. Көпшілікке әсер ету, құбылыстардың, оқиғаның мәнін ашу, оларға көпшіліктің назарын аударту, хабарлау, анық мәлімет беру мақсатында қолданылады. Оған мақала, радио-телеарнадағы тілдер, журналдардағы жазба тілі жатады. 4. Көркем  әдебиет  стиліКөркем шығармаларда қолданылады. Құбылыстар мен заттарды суреттеу, бейнелеу. Оған аңыз, ертегі, көркем әңгіме, т.б. жатады. 5. Ауызекі  сөйлеу стиліАдамдармен еркін әңгіме кезінде қолданылады. Оған диалог, монолог, т.б. жатады.

/Оқушылар стиль түрлері бойынша бір –бірімен ақпара алмасады. Толықтырулар енгізеді/.

(Ө, Қ) Сәйкестендір.

Мақсаты: Өмірбаян, күнделік, баяндаманың айырмашылығын анықтай отырып, стиль түрлееріне жырату.

Әл-Фараби (870-950)

Тарихымыздағы ұлы тұлғалардын бірі, ислам дүниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы, Аристотельден кейінгі "екінші ұстаз" атанған Әбу Насыр әл-Фараби қазақ жерінде, Отырар қаласында дүниеге келген.Ол дәулетті ортасынан шыққан. Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс езенінің Сырға барып құятын жеріндегі Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Үзлағ ибн Тархан әл-Фараби, яғни әкесі Үзлағ, арғы атасы Тархан. Туған жері — қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба — Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу-Насыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр атанған.

Өмірбаян

5-ші қазан, 2015 жыл. Сағат 12.00. Мен Отырар қаласына саяхатшылармен келген кезім. Көліктен түсіп, аяғымды жерге басқаным сол еді Әль-Фараби бабамыз есіме оралды.

5-ші қазан, 2015 жыл. Сағат 12.15. Көліктен түсіп, көне кітапхананың орнына келіп жеттік. Қаланың орны ғана бар. Кең далада көмілген құмдар мен сынған құмыраның қалдықтары ғана көрінеді.

Мен ескі кітапхананың бөлмелерін аралап жүрмін.

5-ші қазан, 2015 жыл. Сағат 18.00. Саяхатымыз аяқталды. Тарихқа толы Отырар қаласының жойылып кеткеніне іштей күрсіндім. Әлемге танымал ғалым-ғұламалар білім алған Ордадан кеткім келмеді. Бірақ, жол жүретін уақыт та болды.

Күнделік

Отырар (Тұрарбанд, Тұрар, Тарбанд, Фараб) – ортағасырлық қала орны. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Темір темір жол стансасынан солтүстік-батысқа қарай 7 км жерде орналасқан. Отырар 8 ғасырдың басынан Тарбанд (Трабан) деген атаумен белгілі. Бұл атау Күлтегін және Білге қаған құрметіне арналған көне түркі жазбаларда кездеседі. 8 ғ-дағы араб географы Якут “Тарбанд, Тұрар, Тұрарбанд пен Отырар – бір қала” деп жазады. Араб тарихшысы Табаридің Отырар патшасын әл-Мамун халифтың жауларының бірі деп атағанына қарағанда, Отырар 9 ғ-дың өзінде-ақ ірі қала болған.

Баяндама

/Оқушылар түсіндіре отырып, тапсырманың дұрыстығын дәлелдейді. Стиль түрлерін ажыратады. Жұппен тексереді/.

(Ө) Күнделік жазу.

Мақсаты: Күнделік жазу арқылы уақытын тиімді пайланауға, өзіне есеп беруге дағдылану.

Мерзімі, уақыты: өткен немесе осы шақтағы іс-әрекет.

(Оқушылар күнделік жазып, топта ортаға салады. Жұппен бірін-бірі «Смайлик» бойынша бағалайды)

Бейнежазба

Бейне фильм

Мәлімет жазылған қима қағаздары

Қима қағаздар

Сабақтың соңы

35-40 минут

Рефлексия

-Маған сабақта ұнады/ұнамады.

-Бүгінгі сабақта білдім:

«Бағдаршам» арқылы өзі-өзін бағалау

Бағдаршам көздеріне сәйкес түрлі түсті стикерлер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгерудең гейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Бейне фильм бойынша тапсырмаларды дифференциациалау

Оқушылардың топта талқылауы мен өз көзқарастарын айтуын бағалау.

Карточкамен жұмыс істеу барысында стиль түрлерін ажырата алуын бағалау.

Сандық техникаларды қолдануда қауіпсіздік шараларын еске түсіру және сақтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу