4.Қазақ тілі_3-сынып_3-бөлім_Уақыт_№50сабақ_Біздің жобамыз_Әдістемелік нұсқау
Мұғалімге әдістемелік нұсқау
Бөлім: «Уақыт»
Сабақ тақырыбы: Біздің жобамыз
Сабақ мақсаттары
3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу;
3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;
3.4.2.1* негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату
Ресурстар: Кестелер, сызба, оқулық, жұмыс дәптерлері т.б.
Қауіпсіздік және денсаулық сақтау жағдайын назарда ұстап оқушылардың сынып ішінде қозғалысын ұйымдастыру қажет. Оқушылардың оқу әрекетінің түрін жүйелі алмастырып, шаршамауын қадағалау керек.
Сабаққа қажетті теориялық материалдар
Бір түбірден жасалған сөздерді түбірлес сөздер деп атайды. Мысалы: біл – білім – білімді – білгіш – білгір – білімпаз т.б.
Сабаққа қатысты ескертпелер
Тілдік нормалардың қолданысы
«Ізденемін, ойланамын!» әдісі арқылы түбірлес сөздер қатарын толықтыруға берілген тапсырманы орындайды.
1. Сөздер қатары беріледі. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді жазады.
Бас, ..., ..., ... (басшы, бастық, басқарма, бастау, басшылық т.б.)
Су, ..., ..., ...суат, сулық, сусын, сусыз т.б.)
Қол, ..., ..., ... (қолхат, қолбасшы, қолдау т.б.)
2. «Ойлан, ізден, тап» әдісі арқылы сұраққа жауап іздейді.
2.1. Бір түбірден қанша түбірлес сөз жасауға болады?
(Бір түбірден бірнеше туынды сөз жасауға болады.)
2.2 Оқулықта берілген бейнесуреттерді және тірек сөздерді пайдаланып, сөйлем құрайды.
2.3 Құрылған сөйлемдер негізінде әңгімелеу мәтінін құрайды.
2.4 Мәтінге ат қояды.
2.5 Бейнесуреттердегі тірек сөздерді түбірі мен қосымшасына қарай ажыратады.
2.6 Тірек сөздерді сызбамен сәйкестендіреді.
Тыңдалым
1. Берілген жағдаяттар аясында жоспарлы, жүйелі сөйлеуге байланысты топтық жұмыс ұйымдастырылады. Әр жағдаят бойынша құрылатын диалогте белсенді араласуына мүмкіндік жасалады.
Топтарға жеке-жеке жағдаяттар ұсынылады. Әр топқа жеке-жеке сұрақтар тізбегі беріледі:
1 топ
1. Әселдің әрекеті қандай болды деп ойлайсың?
2. Әселдің орнында сен болсаң, не істер едің немесе не айтар едің?
3. Мараттың жауабы қандай болды?
4. Екеуінің іс-әрекетін салыстыр.
2-топ
1. Анасының әрекеті қандай болатынына болжау жаса. Өз ойыңды негізде.
2. Тапсырманың орындалмауына не себеп болды деп ойлайсыңдар?
3. Аянның іс-әрекетіне баға бер.
4. Анасының атынан сөйле.
«Екі тілек, бір ұсыныс» стратегиясы арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс-әрекеттеріне кері байланыс жасайды.
2. Тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, әңгіме құрату көзделеді.
Мұғалім оқушыларға тірек сөздер мен жоспарды ұсынады.
Топтық жұмыс арқылы әңгіме құратылады.
Мәтінге ат қояды.
Тірек сөздер беріледі. Әлиасқар, қолөнер мектебі, мүсінші, мүсін жасау, өнер, байқау, жүлделі орын.
Жоспар құрылады:
1. Бала кезгі арман.
2. Қолөнер мектебі.
3. Жүлделі орын.
Мәтін мазмұны таныстырылады:
Әлиасқар бала кезінен мүсінші болуды армандайтын. Кішірек кезінде құммен ойнап, сазбалшықтан түрлі заттардың мүсінін жасайтын. Қабілетін байқаған әкесі оны қолөнер мектебіне берді.
Бірде облыстық мүсіншілер байқауы ұйымдастырылды. Әлиасқар өз туындыларын байқауға жіберді. Қазылар алқасына оның мүсіндері қатты ұнады. Әлиасқардың өнері өрге басып, жүлделі орынға ие болды. «Өнерлі – өрге жүзеді» деген осы...
Мәтіннің атауын анықтайды. («Өнерлі - өрге жүзеді»)
Жазған әңгімелерін топта таныстырып, оқиды, бағалайды.
«Сұрақ қою» әдісі арқылы кестемен жұмыс жүргізіледі.
Құраған мәтіндері ішіндегі бір түбірден жасалған және түбірлес сөздер таптырылады. Табылған сөздерді түбір мен қосымшаға ажыратып, кестедегі орны бойынша орналастырады.
Қойылған сұрақтарға жауап береді:
Табылған сөздердің барлығы да түбірлес сөздер бола ала ма?
Өз ойларын дәлелдейді.
Түбірлес сөздерді анықтайды.
Жұпта бір-бірлерінің әңгімелерін тексеріп, түбір сөздер мен қосымшалардың дұрыс жалғануын бағалайды.
Саралау
Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырманы орындау барысында қолдау көрсетіледі.
Жазылым дағдысы бойынша құраған мәтінін көркемдеп жазу жұмыстары жүргізіледі. Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету жұмыстары орындалады.
Оқушылардың бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі.
Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды.
Қалыптастырушы бағалау
Оқушылардың әр тапсырманы орындау барысындағы жетістіктерін мадақтап, жетелеп отыру. Рефлексиялық-бағалау кезеңіндегі толтырылатын «Өзін өзі бағалау» кестесін толтыруда бағалау дескрипторларын басшылыққа алу көзделеді.
Бағалау критерийі | Басқаларға түсіндіре аламын | Қолымнан келеді | Қиналамын, себебі |
Диалогке белсенді қатысамын |
| ||
Тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құраймын | |||
Жіберілген қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетемін | |||
Туынды сөздердің құрамына ажырата аламын; түбірлес сөздердің мағынасын ажыратамын |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?