1_Қазақ тілі_3 сынып_3-бөлім_Уақыт_№50сабақ_Біздің жобамыз_ҚМЖ
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім: «Уақыт» Күні: 2 тоқсан | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Модератор: Абдрасилова Гулсим Лесбековна | ||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | № 50. БІЗДІҢ ЖОБАМЫЗ | ||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу; 3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау; 3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету; 3.4.2.1* негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | -диалогке белсенді қатысады; -тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрайды; -жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде туып, түзетеді; -туынды сөздердің құрамына ажырата алады; түбірлес сөздердің мағынасын ажыратады | ||||||||||||||||||||||||||||
Сөздік қор | Пәндік терминология мен тірек сөздер: Түбір сөз, туынды сөз, түбір, қосымша, жұрнақ, жалғау; Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл: Түбір сөз дегеніміз не? Туынды сөз дегеніміз не? Қосымша дегеніміз не? Түбірлес сөздер дегеніміз не? Түбір мен қосымшаның жазылуы? | ||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өз іс-әрекетін жоспарлауға, уақытты тиімді пайдалануға үйрету, өнерге баулу | ||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Өзін-өзі тану, өнер саласы | ||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Түбір мен қосымша, түбір мен қосымшаның жазылуы, түбірлес сөздер | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-5 минут | І. Ұйымдастыру кезеңі. (Ұ) Психологиялық ахуал. Уақыт туралы нақыл сөздер. Мақалдың мағынасын ашу. «Уақыттың бос өткені — өмірдің бос кеткені» деген мақалдың мағынасы талқыланады. Қарамен берілген сөздерді түбір мен қосымшаға ажырату ұсынылады. ІІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқып, бағалау критерийлерін бірге құрастырады. | Слайд 2 Слайд 3 | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5-9 минут 10-12 минут 13-18 минут 19-20 минут 21-25 минут 26-31 минут 32-35 минут | ІV. Негізгі бөлім 3.4.2.1 (МК, Ұ) «Ізденемін, ойланамын!» түбірлес сөздер қатарын толықтыру. Тапсырма 1. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді жазады. Сөздер қатары: 1. Бас, ..., ..., ... (басшы, бастық, басқарма, бастау, басшылық т.б.) 2. Су, ..., ..., ...суат, сулық, сусын, сусыз т.б.) 3. Қол, ..., ..., ... (қолхат, қолбасшы, қолдау т.б.) Тапсырма 2. «Ойлан, ізден, тап» әдісі арқылы сұраққа жауап іздейді. Бір түбірден қанша түбірлес сөз жасауға болады? (Бір түбірден бірнеше туынды сөз жасауға болады.) (Ө) Оқулықта берілген бейнесуреттерді және тірек сөздерді пайдаланып, сөйлем құрау. Құрылған сөйлемдер негізінде әңгімелеу мәтінін құрау. Мәтінге ат қою. Бейнесуреттердегі тірек сөздерді түбірі мен қосымшасына қарай ажырат. Бейнесуреттердегі тірек сөздер: кітап, кітапша, кітапхана, кітапханашы. (Мәтіннің тақырыбы: Кітапханада.) Тірек сөздерді сызбамен сәйкестендір. , , , Кітапша, кітап, кітапханашы, кітапхана 3.1.3.1 (Т, Ұ, Қ) Берілген жағдаяттар аясында жоспарлы, жүйелі сөйлеуге байланысты топтық жұмыс ұйымдастырылады. 1-топ. 1-жағдаят. Жыл соңында Әсел мен Марат кітапханаға кітаптарын өткізуге бірге барды. Марат сөмкесінен кітабын алып шықты. Парақтары жыртылған, тоз-тозы шыққан оқулықты сөмкесінен суырып алды. Мұны көрген Әсел орнынан тапжылмай, тұрып қалды… Сұрақтар: 1. Әселдің әрекеті қандай болды деп ойлайсың? 2. Әселдің орнында сен болсаң, не істер едің немесе не айтар едің? 3. Мараттың жауабы қандай болды? 4. Екеуінің іс-әрекетін салыстыр. 2-топ. 2-жағдаят. Аянға анасы сабақтан келген соң, үй шаруасына қатысты біраз тапсырмаларды беріп, орындауын өтінген болатын. Ол болса, жұмысты кешкісін жасаймын деп ойлап, алаңсыз ойнап кетті. Уақыт лезде өте шықты. Кешкісін үйге Аян анасымен қатар кірді. Сол кезде ғана анасының тапсырмасы есіне түсті... Сұрақтар: 1. Анасының әрекеті қандай болатынына болжау жаса. Өз ойыңды негізде. 2. Тапсырманың орындалмауына не себеп болды деп ойлайсыңдар? 3. Аянның іс-әрекетіне баға бер. 4. Анасының атынан сөйле. (Т; Ұ; Қ) Топтық жұмысты бағалау. «Екі тілек, бір ұсыныс» стратегиясы арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс-әрекеттеріне кері байланыс жасайды. Оқушылар берілген критерийлер бойынша бірін-бірі бағалайды: - жағдаят мазмұнына сай сөздер тізбегін қолданады; - дұрыс ой тұжырымын жасайды, диолгке қатысады; - сөйлеу мәдениетін сақтайды. 3.1.4.1 (Т, Қ) Тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, әңгіме құрау. Мұғалім оқушыларға тірек сөздер мен жоспарды ұсынады. Мәтінге ат қояды. Топтық жұмыс арқылы әңгіме құратылады. Тірек сөздер: Әлиасқар, қолөнер мектебі, мүсінші, мүсін жасау, өнер, байқау, жүлделі орын. Жоспар: 1. Бала кезгі арман. 2. Қолөнер мектебі. 3. Жүлделі орын. Өнерлі өрге жүзер Әлиасқар бала кезінен мүсінші болуды армандайтын. Кішірек кезінде құммен ойнап, сазбалшықтан түрлі заттардың мүсінін жасайтын. Қабілетін байқаған әкесі оны қолөнер мектебіне берді. Бірде облыстық мүсіншілер байқауы ұйымдастырылды. Әлиасқар өз туындыларын байқауға жіберді. Қазылар алқасына оның мүсіндері қатты ұнады. Әлиасқардың өнері өрге басып, жүлделі орынға ие болды. «Өнерлі – өрге жүзеді» деген осы... Мәтіннің тақырыбын анықтайды. («Өнерлі - өрге жүзеді») Жазған әңгімелерін топта таныстырып, оқиды. 3.4.2.1 «Сұрақ қою» әдісі арқылы мәтін ішіндегі бір түбірден жасалған және түбірлес сөздер таптырылады. Табылған сөздерді түбір мен қосымшаға ажыратып, кестедегі орны бойынша орналастырады.
Сұрақ: Табылған сөздердің барлығы да түбірлес сөздер бола ала ма? Өз ойыңды дәлелде. Түбірлес сөздер анықталады. Жұпта бір-бірлерінің әңгімелерін тексеріп, түбір сөздер мен қосымшалардың дұрыс жалғануын бағалайды. 3.3.5.1 (МК; Ө; Қ) Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету. Оқушылардың бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі. Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды. Бағалау дескрипторы: - каллиграфиялық дағдыларды сақтайды; - шапшаң, қатесіз жазады. | Парақшалар «Ойлан, ізден, тап» әдісі Оқулық Қосымша №1 Қосымша №2 Екі тілек, бір ұсыныс» стратегиясы Қосымша №3 Кесте Слайд 6 Дәптермен жұмыс | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 35-40 минут | Рефлексия. Оқушыларға сұрақтар қойылады: - Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? - Сабақтан не үйрендіңдер? - Саған не ерекше қызықты болды? (Ө; Қ) Өзін-өзі бағалау кестесін толтыру.
Үй тапсырмасы: Түбірлес сөздердерді қатыстырып шағын әңгіме жазу. | Слайд 7 | |||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||||
Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру. Қабілеті жоғары оқушыларға өз бетінше жұмыс істеуге мүмкіндік жасау. Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек көрсету. | Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде жүзеге асырылады. Топтық жұмыс барысында берілген мәтіннің негізгі бөлімдерін анықтай алуын және мәтіннің түрін анықтау арқылы түсінгенін көрсете алуын бағалау. | Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау. | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме? Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде? Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме? Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме? Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма? Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен? | |||||||||||||||||||||||||||||
Қорытындылау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?