4.Қазақ тілі_3-сынып_3-бөлім_Уақыт_№48сабақ_Түбір мен қосымшаның жазылуы_Әдістемелік нұсқау


 Мұғалімге әдістемелік нұсқау

Бөлім: Уақыт

Сабақ тақырыбы: №48. Түбір мен қосымшаның жазылуы

Сабақ мақсаттары:

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу;

3.4.1.2 түбір сөздегі -ы, -і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жазу;

3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық) құрау/компьютерде теру.

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету

Ресурстар: Суреттер, оқулық, жұмыс дәптері, түрлі түсті стикерлер т.б.

Қауіпсіздік және денсаулық сақтау жағдайын назарда ұстап оқушылардың сынып ішінде қозғалысын ұйымдастыру қажет. Оқушылардың оқу әрекетінің түрін жүйелі алмастырып, шаршамауын қадағалау керек.

Сабаққа қажетті теориялық материалдар

Қосымша жалғанғанда кейбір түбір сөздердің жазылуы өзгереді: кітап - кітабы, парақ – парағы, әріп –әрпі, халық – халқы т.б.

Сабаққа қатысты ескертпелер

«Ассоциативті қатар» әдісі.

Мұғалім тақтаға бір сөз немесе сабақтың тақырыбын жазады. Оқушыларға бір бетке тақтаға жазылған сөзден пайда болған пікірлерін жазуды ұсынады. Сабақ тақырыбына қатысты ассоциация-сөздерді бір қатарға жазып шығу керек. Оқушылар сөздерді оқып, артық деп санаған сөздерді алып тастап, сабақ тақырыбын тұжырымдайды.

Мұғалім парақтарды жинап алып, оқушылармен бірге жазылған ойларды қорытындылайды. Қорытындылау негізінде ойларын жіктейтін логикалық-құрылымды сызба немесе ойларына сәйкес тақырыптың қорытынды бейнесі анықталады (оқушының өз тәжірибесі). Мұндай жұмыстар оқушылар мен мұғалімге ойын жіктеуді ғана емес, өздеріндегі субъекті тәжірибелерін ескере отырып, жаңа тақырыпты жоспарлауға мүмкіндік береді.

40-жаттығу. «Аквариум» стратегиясы арқылы жүргізіледі.

Оқушылардың оқу рефлексиясын дамытуға бағытталады. Сынып екі топқа біріктіріледі. Сұраққа жауап беретін топ шеңбердің ішінде отырады. Сұрақ қоятын топ оларды қоршап тұрады. Ол үшін алдымен бірінші топ мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады. Екінші топ мәтін мазмұнымен жұмыс жасайды. Ары қарай шеңбер ішіндегі екінші топ оқушылары бірінші топтың қойған сұрақтарына жүйелі, толық жауап береді. Мұғалім оқушылардың іс-әрекетін бақылап, бағыт беріп тұрады.

«Ара ұясы» стратегиясы бойынша сабаққа рефлексия жасайды. Мұғалім жұптағы оқушыларға не білгендігі туралы пікір алмасуды және екі сұрақтан дайындауын тапсырады. Содан кейін әрбір жұп кезектесіп сұрақ қояды, сол сұраққа оқуышылар жауап береді. Сонымен берілген осы техника негізінде мұғалімнің берген мәліметтері қорытындыланады, өңделеді.

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасатылады.

«Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы орындалады.

Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады:

Жазылым дағдысы бойынша суреттермен жұмыс ұйымдастырылады.

Оқулықтан немесе өзге де дереккөздерден тақырыпқа байланысты берілген суреттерге оқушылардың назары аударылады. Ақпараттармен өзара алмасып, талдау жұмыстары ұйымдастырылады.

1. Суреттер көрсетіліп, нақыл сөздер қатары оқытылады.

2. Нақыл сөздердің мағыналары ашылады.

3. Тақырып анықталады.

4. Берілген тақырыпта нұсқаулық жаздырылады.

5. Нұсқаулық туралы мәлімет беріледі.

Нұсқаулық - әлденені орындау, жүзеге асыру тәсілі мен тәртібін бекітетін тәртіптер жинағы. Қажет жағдайда үлгісі беріледі.

Қажет жағдайда үлгісі беріледі.

Жазылған нұсқаулықтар сыныпта жарияланады, талқыланады. Ең ұтымды нұсқасы таңдалып алынады, бағаланады.

Саралау

Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырманы орындау барысында қолдау көрсетіледі.

43-жаттығу. «Ретімен орналастыр» әдісімен жүргізіледі. Оқулықта берілген орны ауысып кеткен сөйлемдерді ретімен орналастырады. Мәтін құрап жазады.

Қалыптастырушы бағалау

Оқушылардың әр тапсырманы орындау барысындағы жетістіктерін мадақтап, жетелеп отыру. Рефлексиялық-бағалау кезеңінде орындалатын өзіндік бағалау «Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасату арқылы жұргізіледі.

Атап айтсақ, «Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикерлер жапсырады.

Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады:

  • қызықты болғаны.....
  • ......қиындық тудырды.
  • менің түсінгенім.....
  • енді мен......аламын.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу