4.Қазақ тілі_3-сынып_3-бөлім_Уақыт_№47сабақ_Түбір мен қосымшаның жазылуы_Әдістемелік нұсқау


 Мұғалімге әдістемелік нұсқау

Бөлім: Уақыт

Сабақ тақырыбы: №47. Түбір мен қосымшаның жазылуы

Сабақ мақсаттары

3.2.5.1 берілген тақырып, сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) алынған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау;

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

3.4.1.2 түбір сөздегі -ы, -і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жазу.

Ресурстар: Кестелер, суреттер,түсіндірмелі сөздіктер, смартфондар т.б.

Қауіпсіздік және денсаулық сақтау жағдайын назарда ұстап оқушылардың сынып ішінде қозғалысын ұйымдастыру қажет. Оқушылардың оқу әрекетінің түрін жүйелі алмастырып, шаршамауын қадағалау керек.

Сабаққа қажетті теориялық материалдар

 Дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанғанда түбір сөздің соңғы буынындағы - ы, -і дыбыстары түсіріліп жазылады: мысалы, әріп –әрпі, халық – халқы, орын- орны, т.б.

Сабаққа қатысты ескертпелер

Оқылым. Мәтінмен жұмыс.

1. Түсіндірмелі сөздікті немесе смартфонды пайдаланып мәтін ішінде кездесетін жаңа сөзінің мағынасы ашылады.

2. Өлең ішінен тақырыпқа байланысты берілген сөздерді теріп жазады.

3. Таңдап алынған сөздерді түбір сөзге және қосымшаға ажыратады.

4. Мәтіндегі түбірлес сөзді анықтату арқылы оқылатын мәтіннің тақырыбы болжатылады.

Мұғалім өлеңнің тақырыбы мен негізгі ойды анықтауда жетелеуші сұрақтар басшылыққа алады.

5.Төртінші тапсырманы орындау бойынша «Сұрақтар жаңбыры» әдісімен топтық жұмыс ұйымдастырылады.

«Сұрақтар жаңбыры» әдісі.

Мақсаты: оқушылардың сұрақ қою және сыни ойлау дағдыларын дамыту.

Сипаттамасы: оқушылар топтарға өз еркімен, қалауымен бөлінеді. Әр топ параққа күн тәртібіне байланысты құрастырған әңгімелері негізінде сұрақтар жазады, парақтарды бір-біріне лақтырады. Алған сұрақтарына жауап жазып, кері лақтырады. Жауап жазылған парақты қағып алған ойыншы, сол жауаптан сұрақ тудырып, ары қарай лақтырады. Ойын осылай жалғасады.

6. Өлең мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыралады.

7. Өлең мазмұны талқыланады.

1) Күннің ұясына батуы.

2) Әттең, әткеншек тепсем...

3) Тәтті түстер.

6) Мәтіннен зат есімдерді теріп жазып, топтастырады.

Саралау

Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек көрсетіледі.

Жазылым.

Каллиграфиялық нормаларды сақтап, көркем жазу.

Құраған мәтінді қатесіз, көркем жазады.

Мұғалім тарапынан бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, көлбеу және таза жазуы қадағаланады.

Саралау.

Қолдауды қажет ететін оқуышларға көмек көрсетіледі.

Суреттермен жұмыс.

Оқулықта немесе өзге де дереккөздерден алынған тақырыпқа байланысты берілген суреттерге оқушылардың назары аударылады. Ақпараттармен өзара алмасып, талдау жұмыстары ұйымдастырылады.

1. Оқушыларға жеке-жеке күн тәртібі бейнеленген сурет қиындылары беріледі.

2. Қиындылардан өздерінің күн тәртібін құрастырады.

3. Құрастырған күн тәртібін әңгімелейді.

4. Әңгімеге арқау болатын тірек сөздер мен сөз тіркестері ұсынылады.

5. Қарамен жазылған сөздерге –ы, -і дыбыстары жалғанда қандай өзгеріске ұшырайтыны сұралады.

Саралау

Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырманы орындау барысында қолдау көрсетіледі.

«Синквейн» әдісі.

Мақсаты: Уақыт жайлы 5-жолды өлең құрастыру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады.

1-жол: Тақырыптың атауы (зат есім).

2-жол: Тақырыпты сипаттайтын екі сөз (сын есім).

3-жол: Тақырып туралы қимылды білдіретін үш сөз (етістік).

4-жол: Тақырыпқа қатысты төрт сөзден тұратын сөз орамы.

5-жол: Тақырыптың мәнін ашатын синоним сөз.

Қалыптастырушы бағалау

«Басбармақ» әдісі.

Оқушылардың бас бармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді олардың ұғу деңгейі тексеріледі.

Бас бармақ жоғарыға қарап тұрса = Мен түсінемін.

Бас бармақ көлденең тұрса = Мен толық түсінбедім.

Бас бармақ төмен қарап тұрса = Мен түсінбедім

 Оқушылардың әр тапсырманы орындау барысындағы жетістіктерін мадақтап, жетелеп отыру. Рефлексиялық-бағалау кезеңінде орындалатын «Өзін өзі бағалау» кестесін толтыруда бағалау дескрипторларын басшылыққа алу көзделеді.

Бағалау критерийлері

Қолымнан келеді

Көмек қажет етемін

Жаңа сөздердің мағынасын түсінемін, сөз таптарына ажырата аламын

Каллиграфиялық нормаларды сақтап жаза аламын

Пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырамын және өз ойымды білдеремін

Түбір мен қосымшаның жазылуын білемін



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу