4.Қазақ тілі_3-сынып_3-бөлім_Уақыт_44-сабақ_Түбір сөз және туынды сөз_ Әдістемелік нұсқау
Мұғалімге әдістемелік нұсқау
Бөлім: Уақыт
Сабақ тақырыбы: 44-сабақ. Түбірлес сөздер
Сабақ мақсаты:
3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.
Ресурстар: кесте, түрлі түсті қарындаштар, жұмыс парақтары, интерактивті тақта
Қауіпсіздік және денсаулық сақтау
Сабақта сергіту сәті «Қосымша» өлеңі арқылы өткзіледі.
Тұрады сөз құрамы
Жұрнақ пенен жалғаудан
Егер олар болмаса,
Сөзде болмас еш бір мән.
Оқушылар қимылмен көрсете отырып орындайды.
Сабаққа қажетті теориялық материалдар
Бір түбір арқылы жасалған туынды сөздерді түбірлес сөздер деп атайды.
Көркем жазу
Кең жолды дәптерге Ыы әрпінің жазылу үлгісі көрсетіледі.
(Ыы ыыы ЫЫЫ ынта ықылас ыстық ысырап ынталы ылғи) Осы сөздердің бірін пайдалана отырып алфавиттік сөйлем құрап жазуға да болады.
Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу үлгісі тақтада түсіндіріліп, көрсетіледі.
Мәтінмен жұмыстың ерекшелігі
26-жаттығу. Мәтінді оқы.
- Сұрақтарға жауап бер:
- Неліктен ағаштар «отындық», «кәделік» болып бөлінеді?
- Ағаштың жасына қарай қандай түрлері бар?
- Жас ағашты неге кесуге болмайды?
- «Көктей соласың» деп неліктен айтады? Себебін топта талқыла.
- Мәтіннен түбірлес сөздерді тап.
- Мәтіннен түсініксіз сөздерді тауып, мағынасын түсіндірме сөздіктен біліп ал.
Оқушылар топтарға біріктіріледі. Мәтін мазмұнымен танысады. Әр топ сұрақ бойынша білетін мәліметтерін ортаға салып, ой бөліседі. Мәтінде кездескен түсініксіз сөздердің мағынасын сөздік арқылы біледі. Мәтіннен түбірлес сөздерді тауып, дәптерлеріне көшіріп жазады.
Түсіндірме сөздікпен жұмыс:
сүрегі- талшықты өсімдіктердің су өткізгіш талшығы.
тыйым- қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі. Жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақ болу.
- Мәтін мазмұнына байланысты сұрақтарға жауап беру.
- Мәтіннен түбірлес сөздерді табу.
- Сөздерді қатесіз жазу.
Өлеңді оқып, жатқа жаз.
Бояу түрін таңдап-ап,
Әсем сурет сала алған.
Суретші аға өнерін,
Өте жақсы көремін.
Мен де ағамдай боламын,
Таудай биік талабым.
Кең әлемге танымал,
Мен суретші боламын.
Каирова К. У.
Оқушылар өлеңді бірнеше рет хормен қайталап, жатқа жазады. Жазып болған соң дұрыс нұсқасын мұғалім интербелсенді тақтадан көрсетеді. Жіберілген қателерді түзетеді. Түбірлес сөздердің астын сызады. Қосымшалы сөзді сөз құрамына талдайды.
- Түбірлес сөздерді тауып, астын сызу.
- Қосымшалы сөзді сөз құрамына талдау.
- Өлеңді қатесіз, сауатты жазу.
27-жаттығу. Берілген сөздерден туынды сөздер жасап жаз.
Оқушылар өз бетінше берілген сөздерге жұрнақтардың тиістісін жалғап, туынды сөздер жасайды. Болған соң жұпта талқылап, тексереді. Өзара бағалау
Суретпен жұмыс. 28-жаттығу. «Ойлан, тап!»
Оқушылар топта ақылдаса отырып суреттегі адамдардың жасына орай ағаштың қай түбірі сәйкес келетінін анықтап, ортада өз тұжырымдарымен дәлелдеп айтады.
- Туынды сөздер құрастыру.
- Сөздерді қатесіз, сауатты жазу.
Тест. Саралау тапсырмасы.
1.Түбір сөзді тап
а)оқу ә) оқулық б) оқушы в) оқушылар
2. Қосымша деген не?
а) түбір, жұрнақ ә) түбір, қосымша б) түбір, жалғау в) жұрнақ, жалғау
3. Түбірлес сөзді тап.
а) малшы, әнші ә) күйші, сазгер б) сыйлық, сыйлы в) қала, сабақ
4. Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөз
а) түбірлес сөз ә) туынды сөз б) негізгі сөз в) дара сөз
5. Түбірлес сөздер қалай жасалады?
а) бірнеше түбірден ә) екі түбірден б) бір түбірден в) әр түрлі түбірден
1. Түбір сөздерді табу.
2. Түбірлес сөздерді ажыра алу.
3. Түбірлес сөздердің жасалу жолдарын анықтау.
Қалыптастырушы бағалау
«Менің білетінім,...» | Есімде сақтаймын,..» | «Бүгін білдім,..» |
Оқушылардан кері байланыс алынады. Кері байланыс арқылы кейбір оқушыларға мұғалім тарапынан тақырыпты қайта түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?