4.Қазақ тілі_3-сынып_3-бөлім_Уақыт_42-сабақ_Түбір сөз және туынды сөз_ Әдістемелік нұсқау
Мұғалімге әдістемелік нұсқау
Бөлім: Уақыт
Сабақ тақырыбы: 42-сабақ. Түбір сөз және туынды сөз
Сабақ мақсаты:
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;
3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату.
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып, түзету
Ресурстар: кесте, түрлі түсті қарындаштар, жұмыс парақтары, аквариумдағы балық суреттері, интерактивті тақта
Қауіпсіздік және денсаулық сақтау
Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында өткізетін «Он сұрақ» жаттығуы арқылы зейінін сабаққа шоғырландырып алуға болады. Бұл әдістерді оқушылардың сынып ішіндегі өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, жасату көзделеді. Денені шынықтыру мақсатында сабақта жаттығу орындалады.
Сабаққа қажетті теориялық материалдар
- «Он сұрақ» әдісіне байланысты сұрақтар.
- Саралау тапсырмалары.
Сабаққа қатысты ескертпелер
«Он сұрақ» әдісі
Мұғалім кез-келген бір оқушыны ортаға шақырады. Оның маңдайына тақырып (түбір сөз, туынды сөз т б) жазылған стикерді жабыстырады. Оқушы сыныпқа он сұрақ қояды. Оқушылар сұраққа қысқаша «ия», «жоқ» деп жауап қайтарады.
Мысалы:
- Қосымша екіге бөлінеді ме? (ия)
- Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігі жұрнақ па? (жоқ)
- Түбірге жұрнақ жалғағанда туынды сөз шыға ма? (ия) т б
Көркем жазу
Кең жолды дәптерге Оо әрпінің жазылу үлгісі көрсетіледі.
(Оо ООО ооо Отан озық олжа оңға оқымысты оқушы отбасы)
Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу үлгісі тақтада түсіндіріліп, көрсетіледі. Жазу каллиграфиясы нашар оқушылармен дәптеріне үлгі көрсету, әріп элементтерін бастырып жазуға арналған материалдар ұсыну арқылы үйретуге болады.
Мәтінмен жұмыстың ерекшелігі
«Ұтымды жауап» мәтіні
- Мәтін кім туралы?
- Ә. Қастеев туралы не білесің?
- Ә. Қастеевтің Н. Г. Хлудовқа берген жауабын топта талқыла. Ол неліктен солай жауап берді?
- Мәтін кімнің атынан баяндалып тұр?
- Мәтіннен туынды сөздерді тап.
Оқушылардың топтық жұмысы ұйымдастырылады. Берілген сұрақтарға жауап алу арқылы мәтіннің негізгі ойы анықтатылады. Атақты суретші туралы не білетіндерін әңгімелеп, ой бөліседі. Сонымен қатар Ә. Қастеевтің Н.Г. Хлудовқа берген жауабын топта талқылайды. Мәтіннің кімнің атынан баяндалып тұрғанын анықтайды. Мәтіннен туынды сөздерді тауып, дәптерге қатесіз көшіріп жазады.
- Мәтінді түсініп оқу.
- Мәтіндегі сұрақтарға жауап беру.
- Мәтіннің негізгі ойын анықтау.
- Мәтіннен туынды сөздерді табу.
Шығармашылық диктант Мен бақытты баламын.
•Көп нүктенің орнына тиісті жұрнақты қойып, туынды сөз жаса.
Мен бақытты баламын.
Мен бақыт… баламын ,
Шырқап әнге саламын.
Егемен... елімнің,
Жұлдызы боп жанамын.
Каирова К. У.
Оқушылар шығармашылық диктантты топта талқылап, дәптерлеріне көшіріп жазады. Туынды сөздің жасалу жолына назар аударады.
- Көп нүктенің орнына тиісті жұрнақты қою.
- Туынды сөз жасау.
- Қатесіз көшіріп жазу.
19-жаттығу. Мақалдың қатесін түзеп жаз.
•Туынды сөздерді тауып, оларды сөз құрамына талда.
•Мақалдың мағынасын қалай түсінгенінді айт
Оқушылар тапсырманы жұпта орындайды. Болған соң ортаға шығып ой бөліседі. Соңында дәптерге көшіріп жазады.
Мәтіннен туынды сөздерді тауып, сөз құрамына талдау.
Қателерді түзеп жазу.
20-жаттығу. Берілген жұрнақтардан жаңа сөз жаса.
•Берілген жұрнақтарды қандай сөздерге қосып жаңа сөз жасауға болады? (саралау)
•Жасаған жаңа сөздерінің мағынасын түсіндір.
Шығармашылық үзіліс. Саралау тапсырмасы.
Саралау тапсырмасы «Балық аулау» ойыны арқылы жүзеге асырылады.
1-топ
Түбір сөздерді тап |
егін, сүт, қазан, жастық, егінші, есеп, өнер, сегіз, ойыншық, аспаз |
2-топ
Туынды сөздерді тап |
сызғыш, жазушы, балапан, сөз, торсық, дүкенші, ерлік, дәптер, сүзгіш, тапқыр |
Оқушылар екі топқа біріктіріледі. Ойын шарты түсіндіріледі.Әр топқа берілген тапсырмаларды өзара ақылдасып, дұрыс шешім қабылдайды. Топтар білімдерін ортаға салады. Балықты көп аулаған топ жеңімпаз атанады. Болған соң дәптерге қатесіз көшіріп жазады.
- Жұрнақтардан жаңа сөз жасау.
- Түбір сөздерді табу.
- Туынды сөздерді ажырата білу.
- Сөздерді қатесіз жазу.
Қалыптастырушы бағалау
«Менің білетінім,...» | Есімде сақтаймын,..» | «Бүгін білдім,..» |
Оқушылардан кері байланыс алынады. Кері байланыс арқылы кейбір оқушыларға тақырыпты қайта түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?