1.Қазақ тілі_3-сынып_3-бөлім_Уақыт_№37 сабақ _Дыбыстардың үндесуі_ҚМЖ


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Қазақ тілі

Бөлім:Уақыт

Уақыт туралы не білемін?

Сабақ тақырыбы

37-сабақ. Дыбыстардың үндесуі.

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:Каирова К. К

Күні:

Сынып: 3 «А»

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

3.1.7.1 сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айту (сенбі – сембі, Жангүл –Жаңгүл);

3.3.6.1 бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • мәтіннің тақырыбын қоя алады, мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады;
  • сөзде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айта алады;
  • кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады;

Оқушылардың көбі:

  • мәтіннің тақырыбын табады, мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады;
  • қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айта алады;
  • кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;

Оқушылардың кейбірі:

- мәтіннің тақырыбын табады, өз бетінше негізгі ойды

анықтай алады;

  • сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтай отырып айта алады:
  • кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады;

Бағалау критерийлері

өз бетінше мәтіннің тақырыбын қояды, негізгі ойды мұғалімнің көмегімен анықтайды;

сөзде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айтады;

кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады;

Тілдік мақсаттар

Пәндік сөздер

Дыбыстар үндестігі. Жуан, жіңішке дыбыстар.

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

Уақытты бағалай білесің бе?

Ертегі неліктен «Таңды іздеу» деп аталған деп ойлайсың?

Тілде сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей бола ма?

Құндылықтарды дарыту

Уақытты ұтымды пайдалана білуге баулу;

Оқушыларды уақытты бағалай  білуге, үнемшілдікке тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану

Алдыңғы меңгерілген білім

Тіл және сөйлеу.Қаратпа сөздер. Қыстырма сөздер және олардың қандай мағына үстеп тұрғанын ажырата алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

3.1.7.1 . Ж) «Сөздер тізбегі» әдісі

Мақсаты:Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Берілген уақыт ұғымдарын көрсететін суреттегі сөздерден мақал құрастыр. Мақал мағынасын аш.

(Да, қымбат, алтыннан, уақыт), (ел, елу, жаңа, жылда)

  • Уақыт- алтыннан да қымбат.
  • Елу жылда, ел жаңа.

Жұпта ақылдасып, мақал мағынасын ашу, пікір білдіру. Қымбат

сөзінің айтылуы мен жазылу ерекшелігіне көңіл бөлу керектігі айтылады. Өзара бағалау

Сабақтың бөлімі, тақырыбы мен мақсаты таныстырылады. Бағалау критерийлері оқушылармен бірге құрастырады.

3-слайд

суреттер

Сабақтың ортасы

3 минут

6 минут

4 минут

3 минут

3 минут

6 минут

3 минут

6 минут

ІІ. Негізгі бөлім

3.3.6.1 (МК, Ө) Көркем жазу.

Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету.

Өө ӨӨӨ өөө өлке өсиет өмір өнеге өсімдік өскін өркениет өлең

Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады

3.2.4.1 (Ө, Т, Ж, қ) Тыңдалым.

«Таңды іздеу» ертегісімен жұмыс.

Мұғалім ертегіні мәнерлеп оқып береді. (Қажет жағдайда қайта оқиды)

Мақсаты:Оқушылардың тыңдалым дағдыларын дамыту, ертегідегі негізгі ойды анықтап, ертегі мазмұны бойынша жоспар құруға дағдыландыру.

1-жаттығу. Ертегіні тыңда.

  • Ертегі не туралы? Ондағы негізгі ойды анықта.
  • Ертегі неліктен «Таңды іздеу» деп аталған деп ойлайсың? Өз пікіріңмен бөліс.
  • «Қараңғы түн», «таң» сөздерінің мағынасын дереккөздерден біліп ал.
  • Төмендегі суреттердің қайсылары ертегі мазмұнына сәйкес келеді? Өз ойыңды дәлелде.

(Оқушылардың топтық жұмысы ұйымдастырылады. Негізгі ойды, ертегі мазмұны бойынша жоспар құруды топта ақылдаса отырып, жазады. Оны А4 қағазға жазып топ жұмысын таныстырады және төменде берілген суреттердің қайсысы ертегі мазмұнына сай келетінін анықтап, өз ойын дәлелдейді.)

Түсіндірме сөздікпен жұмыс.

Қараңғы түн, таң сөздерінің мағынасын анықтау.

Қараңғы түн — жарық жоқ, қараңғылыққа шомған, түнек.

Таң -жаңа күннің көрінісі, жаршысыСөздерді қатыстырып сөйлем құрастыру.

Бағалау дескрипторы:

- ертегі бойынша пікір айта алады;

- негізгі ойды анықтай алады;

- ертегі мазмұнына жоспар құрады;

- сурет көріністеріне назар аударады;

- ертегі мазмұнына сай келетінін суретті анықтайды, дәлелдеп

айтады;

- сөз мағыналарын түсінеді.

3.1.7.1, 3.3.6.1 (Ж, Т, Ж) 3-жаттығу. Сөздерді оқып, көшіріп жаз.

  • Сөздердің айтылуы мен жазылуын салыстыр.

Үлгі: Жазылуы Айтылуы

басшы башшы

Мұғалім сөздерді топтарға бөліп береді. Алдымен жұпта сөздердің айтылуы мен жазылуын салыстырып, ой бөліседі, содан соң топта идея алмасады, жариялайды. Өз ой тұжырымдарын жасайды.

Орфографиялық сөздікпен жұмыс.

Көкжиек, басшы сөздерінің мағынасын анықтау.

Көкжиек- аспан мен жер бетінің астасып көрінетін сызығы.

Басшы- бұл  жұмысты беруші және сол жұмыстардың орындалуына жауап беруші адам. Бұл адамның лауазымы. 

Басшы- қимылды білдіреді. (Қолымды басшы.)

Сөздерді сөз құрамына талдау.

Оқулықта берілген жаңа ақпаратты оқып, өз ой тұжырымдарымен салыстырып, талдау жасайды. Түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.(кесте)

Бағалау дескрипторы:

- бас әріп пен кіші әріптің биіктігін сақтап көлбеу, әдемі

жазады;

- сөздердің айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктерді

байқайды;

- қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап

айтады;

- сөз мағыналарын түсінеді.

Ой сергек!

Бейнежазбадағы әуен ырғағымен билеу.

3.1.7.1, 3.3.6.1 (Ө, Ж, Ж;) Шығармашылық диктант

Айтылуы

Жазылуы

сөмбеді

түңгі

Тасполат

Орымбасар

көгпембек

сөссіз

жассын

Оқушылар жазып болып, жұпта алмасып, тексереді және дыбыстардың өзгеру себебін айтады.

Бағалау дескрипторы:

- бас әріп пен кіші әріптің биіктігін сақтап көлбеу, әдемі

жазады;

- дыбыстардың өзгеру себебін түсіну;

3.3.6.1 (Ө; Ж; Ұ; Қ) 4-жаттығу. Тыйым сөздерді көшіріп жаз.

Оқушылар жұппен жұмыс жасай отырып, тыйым сөздердің мағынасына талдау жасап, жұбына дәлелдеп, түсіндіреді.

Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетеді.

Өзара бағалау

Бағалау дескрипторы:

- бас әріп пен кіші әріптің биіктігін сақтап көлбеу, әдемі

жазады;

- тиым сөздердің мазмұнын түсінеді.

3.1.7.1 (Т, Ұ, қ) Саралау. Тест

1) Дұрыс жазылған сөзді белгіле

а) жұмысшы ә) жұмышшы б) жұмызшы

2) «Ауызша» сөзінің айтылуын белгіле.

а) ауұшша ә) ауызшша б) ауышша

3) «Ұшшаң» сөзінің жазылуын белгіле.

а) ұщсан ә) ұшсаң б) ұшзсаң

Қорыту мақсатында мұғалімнің көмегімен дауыссыз дыбыстардың түбір мен қосымшаның жігінде бір-біріне ықпал етіп, өзара үндесіп айтылуының дыбыс үндестігі екеніне тұжырым жасалады. Жасалған қорытынды оқулықтағы ережемен салыстырылады.

Бағалау дескрипторы:

- дыбыстардың өзара үндесуін байқайды;

- сөздердің айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктерді

байқайды:

- қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап

айтады;

№1 Дәптермен жұмыс

«Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып. Жумабаева А., «Атамұра баспасы» 2018 ж.

А4 қағаздар

№1 Дәптермен жұмыс

4-слайд

№1 Дәптермен жұмыс

5-слайд

http://balapan.kaztrk.kz

Ой сергек!

6-слайд

интерактив

ті тақта

№1 Дәптермен жұмыс

7-слайд

Суреттер

интерактив

ті тақта

Сабақтың соңы

3 мин

Рефлексия:

Оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі үшін «Қол белгісі» стратегиясы қолданылады. Осылайша, олардан тақырыпты түсінгендігін немесе түсінбегендігін қол белгілері арқылы көрсетулері сұралады.

Мен ________ түсініп отырмын және түсіндіре аламын (қолдың бас бармағын жоғары көтереді).

Мен ___________ әлі түсінбей отырмын (қолдың бас бармағын бір жанына қарай бұрады).

Мен __________ түсінгеніме сенімді емеспін (қолды бұлғайды).

Үй тапсырма

2-жаттығу

Саралау– оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.

Қабілеті жоғары оқушыларға одан әрі дамуы үшін көмек қажет ететін оқушыларға қайта түсіндіру арқылы қолдау көрсетіледі.

Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде өзін-өзі бағалау, жұпта бағалау және мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асырылады.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу