4.Қазақ тілі. 3сынып_ 3 бөлім Уақыт_№15. Уақыт әлеміне саяхат Әдістеме


 Мұғалімге әдістемелік нұсқау

1.Бөлім: 3-бөлім: Уақыт

Сабақ тақырыбы: №15. Уақыт әлеміне саяхат

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау

3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық, т.б.) құру/компьютерде теру

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, орфографиялық сөздік пен анықтамалық арқылы түзету

Сабақ мақсаттары:

  • жетекші сұрақтар көмегімен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды
  • сызбада берілген мәліметтер негізінде бірлесе отырып, қарапайым нұсқаулық құрап жазады;
  • кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;
  • мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді

Құндылықты дарыту; Өткен тарихты құрметтеу және өз жеріне деген патриоттық құндылықты дарыту

Пәнаралық байланыс; Дүниетану

Ресурстар:

Қосыша материалдар:

  • таныстырылым
  • дидактикалық материалдар

2. Қауіпсіздік және денсаулық сақтау нұсқаулығы, оқушыларға психологиялық жағымды ахуалды қалай ұйымдасырылады:

Топтық және оқу құралдарын қолдануда техника қауіпсіздігін сақтау

3. Әдіс-тәсілдерді ұйымдастырудың егжей-тегжейлі нұсқаулығы

«Алдын-ала берілген атаулар»

Мақсаты: Жаңа тақырыпқа қатысты сөздерді, терминдерді анықтау үшін қолданылады

Қолданылуы: Жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып (3-4 атау), оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлануын сұрау.Сағат, минут, сабақ, секунд, жыл, мектеп, ай, жыл, күн, ғасыр, үй

1-тапсырма «Суреттер сөйлейді» әдісі

Мақсаты: Өтілетін тақырыптың мазмұнын болжау үшін, тақырыпқа қатысты берілген суреттерді талқылау.

Қолданылуы: Суретте қай кезең бейнеленгенін шамамен анықтау. Сурет детальдерін талқылау. Суретті талқылау үшін, ашық сұрақтар қолданылады.

-Суретте нені көріп тұрсың?

-Бұл қай кезеңді суреттейді деп ойлайсың? Неліктен?

-Бүгінгі күнмен салыстырғанда қандай айырмашылықтар байқадың?

-Сурет несімен ұнады?

2-тапсырма «Борт журналы» әдісі

Мақсаты: мұғалімнің көмегімен сызба, кесте құру және тақырыпты толық меңгеру

Қолданылуы: Уақыт мәшинесімен саяхат жасау. Жоғарыдағы суреттер бойынша «Саяхатшы журналын» толтыру. «Саяхатшы журналын» таныстыру. Не көріп, сезініп, естіп тұрғаны жайлы ой бөлісу

3-тапсырма «Стоп- кадр» әдісі (Т,Ж) Топтарды үш түрлі түстер арқылы біріктіру(қызыл,сары,жасыл)

Мақсаты: Әр топқа суреттер берліледі. Әр суретке тоқталу барысында сол суретке қатысты сұрақтар құрастыру.

Қолданылуы: Саяхаттың көрінісін бейнелеу. «Стоп-кадрда» бейнеленген көрініске қатысты сұрақтар қою арқылы болатын әңгімеге қосылу Әр суретке сұрақтар қою.

Мысалы:

-Астананың бұрынғы кезі қалай бейнеленген?

-Астананың қазіргі кезі қалай бейнеленген?

-Уақыттың өте келе қалаға өзгеріс беруі неліктен?

-Үлкен қаланы көркейтуге қанша уақыт кетті?

4-тапсырма (Ұ,Т) «Жарнама» әдісі

Мақсаты: Саяхатқа шақыру қағазын топпен біріге отырып құрастыру. Шақыру қағазын жарнамалау барысында оқушылардың айтылым мен тыңдалым және жазылым дағдылары артады.

Қолданылуы: Саяхатқа шақыру мақсатында постер жасау. Топта талқылау. Топ жұмысын таныстыру.Әр топ саяхатқа шақыру қағазын жарнамалау.

5-тапсырма «Шақыру билеті»

Мақсаты:Шақыру билетін жеке орындау барысында жазылым нормаларын сақтай отырып, жазба жұмыс жүргізіледі. Шақыру билетін жазу үшін,жазу талаптарын қолдана білуі

Қолданылуы: Саяхатқа шақыру мақсатында жазба жұмысын орындау. Өзін-өзі тексеру. Қатемен жұмыс.Сынып оқушыларымен шақыру қағазын жазуға қойылатын талаптар белгіленеді.

5. Саралау;

«Дереккөздер» тәсілі. Күрделі дереккөздермен қабілеті жоғары оқушылардың жұмыс жасай алуын саралау.

«Диалог және қолдау» тәсілі. Күрделі тапсырманы орындауда көмек қажет ететін оқушыларға қолдау жасау

«Қарқын» тәсілі. Кейбір оқушылардың басқа сыныптастарына қарағанда жылдам орындауын бақылау

6. Қалыптастырушы бағалауға ұсыныстар;

Бағалау критерий:

  • Мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды
  • Мұғалімнің көмегімен сызба, фотосуреттер пайдаланып, мәтін құрайды
  • Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтайды
  • Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен табады

Кері байланыс:

Қ.Б: мадақтау сөздері арқылы ынталандыру

Қ.Б: жұптар бір-бірін бағдаршам арқылы бағалайды

Қ.Б: мадақтау арқылы

Қ.Б: «Бутерброд» әдісі арқылы топтар бір-біріне кері байланыс береді

Қ.Б: смайлик арқылы ынталандыру

«Жетістік баспалдағы» әдісі

Мақсаты: Бүгінгі өткен тақырыпты қалай меңгергенін және өзін бағалау үшін қолданылады

Қолданылуы: Берілген үш сөздің жанына өз есімін жазған стикерді жапсырады

7. Қосымша сілтемелер:

1. Оқу жоспары Қазақ тілі Т1 3 сынып 2018-2019 жж

2.Оқулық Қазақ тілі «Атамұра» баспасы

3. Оқу бағдарламасы Қазақ тілі Т1



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу