4.Қазақ тілі_3сынып_ 3 бөлім_Уақыт_№14-сабақ Өмірбаян жазу Әдістеме
Мұғалімге әдістемелік нұсқау
1.Бөлім: 3-бөлім: Уақыт
Сабақ тақырыбы: №14 Хронологиялық даталардың көмегімен өмірбаянымды жазамын
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)
3.2.6.1 мұғалімнің қолдауымен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін, стилін (көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін/ жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу)
3.3.7.2 мұғалімнің қолдауымен бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын білу және қою
3.3.2.1 өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік, өмірбаян жазу
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдетеді
Сабақ мақсаттары:
- тірек сызбаларды басшылыққа алып, мәтін түрлері/стилі/ жанры бойынша ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтайды;
- үлгі негізінде бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын анықтап, тыныс белгісін қолданады;
- сөйлемнен бастауыш пен бандауышты ажыратады
- үлгі негізінде өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік жаза алады; кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады
Құндылықты дарыту; Шығармашылыққа баули отырып, тарихи құндылықтарға баулу
Пәнаралық байланыс; Дүниетану
Ресурстар:
Қосыша материалдар:
- таныстырылым
- дидактикалық материалдар
2.Қауіпсіздік және денсаулық сақтау нұсқаулығы, оқушыларға психологиялық жағымды ахуалды қалай ұйымдасырылады:
Топтық жұмыста және оқу құралдарын қолдануда техника қауіпсіздігін сақтау
Миға шабуыл (Ұ.Ж)
«Телебағдарлама жүргізушісі» әдісі
Мақсаты:Киіпкерге ене отырып өткен тақырыпты пысықтау үшін өте қолайлы. Алдын ала дайындалған сұрақтар қою арқылы, оқушы өз ойын еркін айтуға тиімді. Әр түрлі басқа бағдарламаны тақырыпқа сәйкес алуға да болады.
Қолданылуы: Оқушыларға бүгін ерекше телестудияға баратындарын хабарлайды. Жүргізуші ретінде мұғалім өзі болатынын айтады. «Айтуға оңай» бағдарламасында «Хронологиялық кесте мен Өмірбаян» бас қосады. Жүргізуші олардың әрқайсысын тыңдап, проблемаларын айтқызу. Және проблеманы айтқызу үшін сұрақтар қою.
3. Сабаққа қажетті теориялық материалдар:
Хронологиялық кесте- өмірбаянның жылдар арқылы ретімен жазылу немесе айтылуы.
Өмірбаян- жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жасалған ресми құжат. Әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және т.б. қосымша мәліметтер көрсетіледі.
4. Әдіс-тәсілдерді ұйымдастырудың егжей-тегжейлі нұсқаулығы
1-тапсырма ( М.К.Т) «Сөздерден әңгіме құрастыру» әдісі
Мақсаты: Тіл байлықтарын молайту, сөздерден сөйлем құрай білу қабілеттерін арттырады. Сөйлемдердің байланысын сақтай отырып, әңгіме құрауға үйренеді.
Қолданылуы: Оқушылардың әрқайсысына қандай да болмасын бір-бір сөз ойлауды тапсырып, бірнеше секундтан кейін ол сөздерді (жалпы саны 15-20 сөздей) тақтаға жазып, оқушылардың шағын топтарына осы сөздерді қолданып, 2 минут ішінде оқушылар өмірін суреттейтін ауызша әңгіме құрастыруды ұсыну. Әңгімеде топ оқушыларының және мұғалімдердің есімдері міндетті түрде аталуы керек. Өмірбаян құрылымын талдау. Және өмірбаян жазғанда хронологиялық тәртіпті қолдану
2-тапсырма (М.К. Ұ ) «Сөзден-сөйлем, сөйлемнен-мәтін» әдісі
Мақсаты: Сөздердің мағынасын түсініп оқуға, оларды бір жиынға жинақтай алуларын анықтауға тиімді. Қызықты әрі ерекше сөйлем құрастыра білетін оқушы қабілетін анықтауға қолдану.
Қолданылуы: Шашылған түрлі сөздердің ішінен бір-біріне мағыналық жағынан қабыспайтын үш сөз суырылады.Осы үш сөзден кіріктіре отырып, сөлемдер құрастыру.Бірнеше нұсқаның ішінен біреуін таңдау.Тақтаға жазылады. Таңдалған сөздерден сөйлемдер құрау. Сөйлемдерді көркем жазу, сөйлем мүшелерінің астын сызу.
3-тапсырма ( Ж.Ж) Көшіру диктанты.
Мақсаты: Берілген мәтінді қатесіз көшіре отырып, тиісті тыныс белгісін қоя білу.
Қолданылуы: Уақытты білдіретін сөздерді теріп жаз. Бастауыш пен баяндауыш арасында қойылатын тыныс белгісінің орнын тауып, жаз.
5. Саралау:
«Дереккөздер» тәсілі: Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алуын саралау.
«Қарқын» тәсілі:Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылардан сөзден сөйлем құрастырып беруін және сөйлем мүшелерін тапқанын саралау.
«Диалог және қолдау көрсету» тәсілі:
Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады
6. Қалыптастырушы бағалауға ұсыныстар;
Қ.Б:топтар бір-бірін бағдаршам арқылы бағалау, мадақтау арқылы, жұлдызша арқылы,
Бағалау критерий: - Мәтіндерді стиліне қарай салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады
-Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын біледі және қояды
-Өзіндік іс-әрекеті баяндалған өмірбаянын жазады
-Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, өз өмірбаянын жазады
Кері байланыс: «Тазалық кері байланысы»
Мақсаты: Оқушы өтілген тақырыптарды қаншалықты меңгергенін, түсініп және түсінбегенін анықтау үшін. Оқушы өзін-өзі бағалау үшін тиімді.
Қолданылуы:
Чемодан: Тақырып бойынша алған керекті ақпаратты чемоданға салыңыздар
Қоқыс жәшігі: Сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар
Еттартқыш: Бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар
7. Қосымша сілтемелер:
1. Оқу жоспары Қазақ тілі Т1 3 сынып 2018-2019 жж
2.Оқулық Қазақ тілі «Атамұра» баспасы
3. Оқу бағдарламасы Қазақ тілі Т1
4. «Әдіс-тәсілдер» қоймасы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?